External mobility

Академиялық ұтқырлық М. Өтемісов атындағы БҚМУ-дың дамуының негізгі басым бағыттарының бірі болып табылады. Бүгінгі таңда университетте ішкі және сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламалары сәтті жүзеге асырылуда. 

 

ҚР БҒМ-НІҢ "ШЕТЕЛДЕ БІР СЕМЕСТР БОЙЫ БІЛІМ АЛУ" БАҒДАРЛАМАСЫ

 

Бағдарлама туралы жалпы мәлімет

 

БҒМ-ның академиялық мобильділік бағдарламасы білім алушыларға семестр бойы шетелдік жоғары оқу орындарында білім алуға мүмкіндік береді.

Министрлік гранты екі жақ жол ақысын, 105 күн ішіндегі тұру ақысын, медициналық сақтандыру және виза шығындарын өтейді.

 

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

Бакалавриаттың 2-4 курсында, магистратураның 2 курсында оқу (бюджет негізінде, сондай-ақ ақылы негізде білім алатын студенттер қатыса алады);

ҚР азаматы болу;

Жоғары академиялық көрсеткіштерге ие болу (орташа балл 3,5-тен жоғары болуы шарт);

Шет тілінде еркін сөйлеу, сертификатпен растау (upper-intermediate және жоғары деңгейде білу шарт);

Факультетте конкурстық іріктеуден өту.

 

Қажетті құжаттар тізімі:

1.        Ректордың атына жазылған өтініш;

2.        Қазақ немесе орыс тілдеріне аударылған шақыртудың нотариалды расталған көшірмесі;

3.        Білім алушының өтініші;

4.        Үшжақты келісім;

5.        Транскрипт;

6.        Шет тілін білу деңгейін растайтын сертификат;

7.        Медициналық анықтама (№086/у формасы);

8.        Эссе-негіздеу;

9.        Сынақ кітапшасының расталған көшірмесі;

10.     Ұсыныс хат (2 дана);

11.     Фотография 3х4 (2 дана).

 

Бағдарлама туралы қосымша ақпарат турасында Академиялық мәселелер жөніндегі департаменттің Академиялық мобильділік бөлімімен хабарласыңыздар. Біз Сіздерді қызықтыратын барлық сұрақтар бойынша кеңес беруге әрқашан қуаныштымыз.

 

Біздің байланыс:

Мекен-жайыОрал қ., Студенческая көшесі  1, 8 корпус, 205каб. 
Тел./факс: 8 (7112) 26 03 77 
E-mail: 
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.