Қажиякпарова Айнұр Батырханқызы

5В010300  Педагогика және психология мамандығының 3-курс студенті

Мен 2015-2016 оқу жылының І жартыжылдығында Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде академиялық ұтқырлық бағдарламасымен білім алдым.

   

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетіне  Елбасының  қамқорлығы өлшеусіз. Сонымен қатар, қазіргі таңда барлық оқу жүйесіндегі корпустары, жатақханалар, асхана, спортзал бассейн т.б сол сияқты жабдықтармен қамтылған. Дағдарысқа қарамай, «Студенттер үйі» де жаңадан салынған. Осының бәрінде Елбасының тікелей қолдауы болғанын айту керек.Университетте бүгінде  9275 студент білім алуда. 700-ден астам профессор-оқытушылар жұмыс жасайды. Бүгінде магистратурадан 22 мамандық ашылып, кадрлар дайындалуда. Білім, ғылыммен қатар рухани-мәдени тәрбиеге аса мән беретін арулардың ақ ордасында «Қазақ аруы» атты жаңа инновациялық оқу бағдарламасы енгізілген. Халықаралық «Бөбек» балалар қорының президенті, қыздарымыздың жанашыр анасы, «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім инновациялық жобасының авторы Сара Назарбаеваның эксперименттік бағдарламасы да осы университет қабырғасында қаланған. 

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде психологияны оқыту әдістемесі; тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі; дидактикалық технологиялар; педагогикалық психология; педагогиканы оқыту әдістемесі; педагогикалық диагностика тәрізді пәндерді игердім.

Бұл оқу орнында мәдениет жағынан болсын, спорт жағынан да болсын, барлығы да биіктерден көрініп жүр. Мысалға алатын болсам мұнда үлкен ұлттық аспаптармен де оркестр, хор, «Айгүл», «Ұлар», «Томирис» ансамблдері, «Өнер-жастан» опера студиясы бар. Университет студенттері көптеген халықаралық, республикалық байқаулардан жүлделі орындарды иеленген. Әр апта, ай сайын аралық сайыстар, байқаулар жүргізіліп отырады.

Осы оқу орынына барып, білім алып, келгеніме еш өкінбеймін. Себебі, мен өз болашағыма жол ашатындай жарқын, одан әрмен өз мамандығымды тереңдеп меңгеруіме негізделе отырып білім алдым деп ойлаймын. Яғни, тек мен білім алып қана қоймай, өзіме керекті үлгі боларлықтай жаңаша бағытта әр түрлі керек ақпарат көздерін жинақтадым. Бұл осымен шектеліп қаламын деген сөзім емес, білімімді тереңдетіп оқи отырып, өз арман мақсаттарыма жетемін деген ойдамын.