Орынбасар Әсембота

5В011200 «Химия» мамандығының 3-курс студенті

Қазақ мемлекеттік қыздар университеті негізінен 1944 жылы ашылып, Қаныш Сәтбаев, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Ілияс Омаров бастаған еліміздің күллі зиялы қауымы, өнер-білім саласындағы қайраткерлері қызу қолдап, ақжолтай тілектерін білдірген.

Қыздар институты осы жылдары 48 мыңнан аса педагог кадрлар дайындаған. Олар еліміздің білім саласында еңбек етуде.

Институт ашыларда заманымыздың заңғар жазушысы М.Әуезовтің "Тәңір жазса, бұл институт қазіргі және болашақтағы қазақ қыздарының шамшырағына айна-лады. Осы шамшырақтың жарық сәулесі ешқашан сөнбесін дейік" деген ақ тілегі қабыл болып, бүгінде бұл оқу орнының қоғамдағы мәртебесі биікке көтерілді.

Университетте бүгінде 8821 студент білім алуда. Оның ішінде 4 мыңға жуығы күндізгі бөлімде, грантта 2737 студент оқиды.

Жылдан-жылға профессор-оқытушылар әлеуеті жоғарылауда. Қазір мұнда қызмет жасайтын 678 оқытушылардың 55 ғылым докторы, 234 ғылым кандидаты, 88 магистрді қосқанда ғылыми дәрежесі 56 пайызды құрайды. 22 адам «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантын жеңіп алды.

Университет кредиттік оқу жүйесімен оқиды, бакалавриат-магистратура нәтижелі жұмыс жасайды.  Білім, ғылыммен қатар рухани-мәдени тәрбиеге аса мән беретін арулардың ақ ордасында "Қазақ аруы" атты жаңа инновациялық оқу бағдарламасы енгізілген. Халық-аралық "Бөбек" балалар қорының президенті, қыздарымыздың жанашыр анасы, "Өзін-өзі тану" адамгершілік-рухани білім инновациялық жобасының авторы Сара Назарбаеваның эксперименттік бағдарламасы да біздің университет қабырғасында бастау алған.

Рухани маңызы зор іс-шаралардың ұйытқысы саналатын, қазақ қыздарына тәрбие берудің өзіндік ерекше тұжырымдамасын жүзеге асырып отырған Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті республика деңгейінде тәрбие мәселелері бойынша ғылыми-әдістемелік орталық болып есептеледі.

Университет  қыздары өте өнерлі, мұнда үлкен ұлт аспаптар оркестрі, хор, «Айгүл», «Ұлар», «Томирис» ансамбльдері, «Өнер-жастан» опера студиясы бар. Университет студенттері көптеген халықаралық, республикалық байқаулардан жүлделі орындарды иеленді. Спорттағы жетістіктеріміз қуантады.  Университеттен атақты спортшы қызымыз Мая Манеза бітіріп шыққан. 

Университетте білім алушыларды тамақпен қамтамасыз ететін «Ұлпан» асханасы жұмыс істейді.  «Ұлпан» асханасы да дұрыс жүйедегі өндірістік технологиялық цех (ыстыққа, етке, көкініске, кондитерлік тағамдарға арналған және екі асханалық, кухнялық ыдыстарды жууға арналған цехтар, тауық жұмыртқаларын жууға арналған жеке бөлме, тағамдары күндік нормада сақтауға арналған қойма) жұмыс істейді. Арнайы қоймалар ғимараттың жер төлесінде орналасқан.

Жалпы Университет маған өте қатты ұнады. Барлық жағдайлар жасалған. Білім жүйелері стандартқа сай. Болашақта осы Университет қабырғасына магистр дәрежесін алсам деген арман-тілегім бар. Себебі ондағы групралас-құрбыларым мен сабақ берген мұғалімдерді өзіме жақын тартып, үлгі тұтамын. Осы Қазақ мемлекеттік қыздар университеті болашақта одан әрі гүлденіп, құлпыра берсін дегім келеді. Тек үлкен жетістіктермен биіктерді бағындыра берсін. Әр жылы бітірген студенттер жақсы маман иелері атанып, білім нәрін сусындатқан ұстаздарымыз тек мәңгі жасай берсін деймін, және ұстаздар мен барлық университет құрамына алғысым шексіз!