Маскарова Алия Геннадийқызы, Ғалым Бисенғаным Ерланқызы

5В030100  «Құқықтану» мамандығының 3-курс студенттері

Қалмақ мемлекеттік университеті –  Рессей Федерациясы Қалмақ елінің астанасы Элиста қаласында 1970 жылы  құрылған. КалмМУ – Қалмақ елінің жоғарғы оқу орындарының бірі және бұл ғимарат мәдени ескерткіш болып саналады. Қазіргі танда университетте 8897 студент жоғары білім алып жатыр, олардың  ішінде 160-ы  шетелдік студенттер. КалмМУ-де 7 факультет және 22 жоғары кәсіби мамандық,  20 бакалавриат, 13 магистратура жане 18 орта білімді мамандықтар бойынша оқыту бағыттары жүргізіледі. Университет 12 ғылыми-білім беру орталықтары, ғылыми кітапхана, ғылыми-технологиялық лаборатория орталықтарымен жабдықталған. Және Азия, Еуропа, Америка, Қазақстан, Азербайджан, Туркменстан мемлекеттерімен білім беру аясында байланыстарын дамытып келеді.

Біз Калмақ мемлекеттік университетінің “құқықтану” факультетінде 19.10.2015 ж.–27.11.2015 ж. уақыт аралығында окып келдік. Факультет азаматтық процесс, қылмыстық процесс және мемлекеттік теория кафедраларынан тұрады. “Құқықтану” факультетінің деканы Басанов В.В. Оқу пәндеріме азаматтық процесс, қылмыстық құқық жане жер құқығы пәндерін тандадық. Оқу 5 күн жүргізіледі. Менің пәндерім бойынша аптасына 3 күнтізбелік күннен тұратын оқу жүйесі құрылған болатын.

Университетте студенттердің тұрмыстық жағдайы жақсы қарастырылған. Университет жанында жаңадан салынған 8 жатақхана бар. Ерекше айтып кететіні, №5 жатақхана. Бұл жатақхана оқу озаттарына арналған.  Жатақханада бір блогқа (2 бөлме, біреуі екі орынға, екіншісі үш орынға) арналған ас бөлме, жуынатын душ жане тұруға керекті басқа да қосымша құралдар бар. Әр айдың соңғы күнінде жиналыс өткізіледі. Жатақханада тұру мәдениеті, мүліктерге ұқыпты болу, өзара құрмет, тәртіп пен студенттердің тұру ережесін бақылау, сенбіліктер, кезекшіліктер, бос уақытты   тиімді пайдалану бойынша жұмыстар жүргізіледі.

Сонымен қатар, университетте мәдени-тынығу шаралары өткізілді. Айта кетсек, биыл Қалмақ мемлекеттік университетінің құрылғанына 45 жыл толды. Соған байланысты университет жанында әр-түрлі концерттік бағдарламалар, сахналық көріністер, университеттің өмірі туралы  деректі фильм тамашаладық. Бұдан бөлек студенттер арасында дебаттар, ойындар  өткізілді. 

Бұл жолдамадан алған әсеріміз өте жақсы. Басқа ортаға түсіп, мүлдем таныс емес адамдармен араласу айтарлықтай қиын болмады, барлығы ұнады. Алғашында, әрине, қорқынышты болды. Уақыт өте келе ортаға сіңіп кеттім. Өйткені әр берген тапсырманы ортаға талқылауға салып, жұмыстарымызды қорғап жүрдік. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы көмегімен өзіміздің оқып жатқан мамандығымыз бойынша біраз мағлұмат алдық. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Қалмақ елінде білім алмасу тәжірибесі көңілімізден шықты. Аталған бағдарламаға ілігіп, дүниетанымымызды молайтқанымызға шексіз ризамыз!