Кутлумуратова Азиза

Шетел студенттің пікірі 

kytlymyratova aziza

Мен, Кутлумуратова Азиза Алишеровна, 1-шi сәуiрде 1996 жылы Узбекистан Республикасы, Ходжейли қаласында туылдым. Қазақстан Республикасы, Манғыстау облысы, Жаңаөзен қаласындағы № 3-шi орта мектептi бiтiрдiм. Менiң отбасымда 4 адам бар. Олар: әкем Алишер, анам Гаухар, ағам Закир. Мен 2014 жылы Махамбет Өтемісов атындағы БҚМУ университетiне халықаралық қатынастар мамандығына түстім. Ол университетті апам ұсынған болатын. Университет мемлекеттiк және жоғары деңгейде екенiн айтты. Расында да солай екенiне көзiм жеттi. Себебi оқытушылары да жоғары деңгейде дәрiс бередi. Және де бұл 80 жылдық тарихымен белгiлi ескi университеттердiң бiрi. Осында көптеген достар пайда болды. Мен бәрiне ризамын.

Мен болашақта өз мамандығым бойынша елшi немесе халықаралық ұйымдарда жұмысқа орналасқым келедi.