Subject *
Name *
Email
Content *
Image Verification * Captcha ImageReload Image
   
 

Нұрай ( This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. ): оқуға түсу

Сұрақ:

Саламатсызба? Мен Кызылорда қаласынан боламын. ҰБТ дан ойдағыдай балл ала алмадым. Қазақ тілі мен әдебиет барлық балл 66 Оқу сауаттылық 17 Қазақстан тарих 12 Математика сауаттылық 6 Қазақ тілі мен әдебиет 19 Тарих 12. Менде грантқа түсуге мүмкіндік бар ма? Және серпін ЖОО бағдарламасы тек ауылдық жерлерге екені рас па?

Жауап:

Саламатсыз ба. Нұрай, егерде сізде 5 пәннен 5 балдан жоғары болса, жалпы қорытынды балыңыз 50 балдан жоғары болған жағдайда талапкер мемлекеттік білім грантына қатысуға құқылы. Қызылорда қаласы серпін бағдарламасына қатыса алады. Толық және қосымша ақпаратты 8 (7112) 50-44-20 нөміріне хабарласып біле аласыз.

Monday, 10 July 2017

Ардақ ( This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. ): Серпін

Сұрақ:

Барлық балым-104. Таңдау пəндерім Биология-27 Химия-30 Сіздерге "Серпін" бағдарламасы бойынша қандай мамандыққа грантқа түсе аламын???

Жауап:

Ардақ саламатсын ба.  Мемлекеттік білім гранттарын Білім және Ғылым министрлігінің  өкілдері конкурстан өткізіп, тағайындайды. Таңдау пәндеріңіз бойынша биология және химия пәнінің мұғалемдік мамандықтарына бара аласыз. Толық ақпаратты 50-44-20 нөміріне хабарласып біле аласыз.

Thursday, 29 June 2017

Акмарал ( This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. ): Серпин 2017

Сұрақ:

Салеметсиз бе? Серпін бағдарламасы 2017 тандау пәнінін шектік балы қанша? 15 балл екені рас па? Және оның кейін төмендеуі мүмкін бе шектік балдың?

Жауап:

Акмарал саламатсын ба. Таңдау пәні бойынша шектік бал 15 балдан жоғары.  Төмендеуі туралы бізде қосымша ақпарат болмады, сондықтан шектік балл 15. Толық ақпарат 50-44-20 нөміріне хабарласып біле аласыздар.

Saturday, 24 June 2017

Ақтоты ( This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. ): Серпін 2050

Сұрақ:

Серпін-2050 бағдарламасы бойынша қандай құжаттар керек? 64 балмен грант бола алады ма? Таңдау пəні биология

Жауап:

ҰБТ-ДАН КЕЙІНГІ КОНКУРСҚА ҚАТЫСУ ҮШІН ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ:
Арнайы бланкідегі өтініш
Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
ҰБТ-ның қорытындысы туралы мемлекеттік сертификат
Жеңілдік алуға мүмкіндік беретін құжат (І және ІІ топтағы мүгедек, бала күнінен мүгедек, жетім екендіктерін растайтын анықтама).
3х4 көлеміндегі 6 фотосурет
086-У нысанындағы медициналық анықтама (түпнұсқа, рентген суреті), 063 нысанындағы екпе медициналық анықтамасы (түпнұсқа)
Төлқұжаттың көшірмесі
ХҚКО-нан мекенжай  анықтамасы
Скоросшиватель
Конверт (А5 форматта)
Шығармашылық мамандықтарға құжаттар 1 маусымнан 7 шілдеге дейін қабылданады.
Шығармашылық емтихан 8-13 шілде аралығында өтеді.
Грантқа қатысу үшін өтініштер 23-31 шілде аралығында қабылданады.
Анықтама телефоны: 50 44 20
Мемлекеттік білім гранттарын тагайындайтын Білім және Ғылым министрлігі. Дегенмен, біздің оқу орныны жалпы Республикалық гарнтқа қатысады.

Wednesday, 21 June 2017

асылжан ( This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. ): серпин 2050

Сұрақ:

Серпін-2050 бағдарламасы бойынша кандай құжаттар керек? Дефектология факультетіне?

Жауап:

Асылжан саламатсыз ба! Өкінішке орай, бізде дефектология мамандығы жоқ.

Анықтама телефоны: 8 (7112) 50 44 20

 

Saturday, 18 June 2016