БОЛАШАҚҚА БАҒДАР: рухани жаңғыру

2017 жылдың сəуір айының 21-і күні Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ə.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы - бағдарламалық маңызды құжат» тақырыбында дөңгелек үстел өткен болатын. Заман талабына сай білімді болуымыз керек. Мемлекет басшысы да білімге құштарлықты арттыруға ерекше мəн бе- румен қатар, бəсекеге қабілеттілік, ұлттық бірегейлікті сақтау, сондай-ақ сананың ашықтығы жайында, өткеннен сабақ ала отырып, тарихқа көз жүгірту, болашаққа нық қадам жасай білуге шақырды. Қазіргі таңда бірлігі мықты, біртұтас ел болып жатыр- мыз. «Өмір сүру үшін өзгере білу керек. Оған көнбегендер тарих- тың шаңына көміліп қала береді» - деп президентіміз Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев пікір білдіргендей, тарихтың шаңына емес, келешектің қойнауына бой ұсынған абзал. Əрине, өткеннен сабақ ала отырып, болашағымызға сапар шегуіміз керек. Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында таяу жылдардағы орындалатын мідеттерді атап көрсеткендей: 1. Қазақ тілін біртіндеп латын əліпбиіне көшіру жұмыстарын бастау; 2. «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы; 3. «Туған жер» бағдарламасы; 4. Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы»жобасы; 5. «Жаһандану замануи Қазақстандық мəдениет» жобасы; 6. «Қазақстандағы 100 Жаңа есім» жобасы. «Біздерге қазіргі заманғы жəне болашақты терең түсіне алатын білімді адамдар ауадай қажет» - деген болатын. «Нациестроительство в Казахстане – основной тренд эпохи независомости» деген тақырыпта ҒЖ жəне МС жөніндегі проректор, саясаттану ғылымдарының кандидаты, доцент Юров Олег Винальевич өзінің тұшымды ойын айта отырып, ректорат атынан алғысын білдірді. Кезекті сөз алған - Қыдыршаев Абат Сатыбайұлы «Латын əліпбиіне көшу – еліміздің рухани өміріндегі елеулі қадам» деген тақырыпта пікірін білдіріп, шын мəнінде жаңа əліпбидің негізгі құндылықтарына баса назар аударып, еліміз үшін келелі мүмкіндіктердің жемісі болмақ екенін, ел басының мақаласын сөзге тиек етіп, салмақты ой таразылады. «Қазақтың рухани жаңғыруы – қазақтың рухының жаңғыруы» атты баяндамасымен тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Жақсығалиев Жаңабек Жаңабайұлы Қазақстан халқы үшін рухани серпіліс болашаққа нық қадаммен қарайтын өскелең ұрпақ үшін қажет дүние екендігін атап көрсетті. «Ұлттық санамызға серпіліс берген бағдарлама» деген тақырыпта филология ғылымдарының док торы, БҚМУ профессоры Хасанов Ғабит Қайыржанұлы Елбасы Жолдауының ерекшелігі өз жаңғыртуының үшінші кезеңіне көшетінін, латын əліпбиінің тиімділігі тіл тазалығын сақтап қалу екендігін, тіліміздегі қазіргі жат дыбыстарды таңбалайтын əріптерді қысқартып, сол арқылы қазақ тілінің табиғи таза қалпын сақтауға мүмкіндік алатынымыз жөнінде пікір білдірді. «Ұлттық кодты айқындайтын қазақтың ұлы музыкасы» деп аталатын баяндамасында өнертану қандидаты, доцент Ергалиева Айгүл Темірболатқызы өзінің айшықты ойын ортаға салды. Бүгінгі таңда қоғамда əліпбиді ауыстыруға байланысты түрлі пікірлер айтылуда. Расымен, латын əліпбиінің оңтайлы тұстарын алға тартып, насихаттауда айтарлықтай үлкен кедергілер жоқ. Осы мəселеге байланысты халықтың көзқарасы, ниеті бір болған жағдайда қиындықтарды жеңіл шешуге болады. Менің ойымша, жастар жағы жəне орта буын өкілдері латын тілін дереу меңгеріп алады деген пікірдемін. Ал аға буынға сəл күрделі болуы əдбен мүмкін. Алайда, үкіметтің қаражаты белгіленіп, нақты бағдарламасы бекітілген жағдаятта Қазақстан халқы латынды көп қиындықсыз-ақ меңгеріп кететіндігіне сенімдімін. Ақкенже БЕРКЕНОВА, «Өркен», №4, 30 сәуір, 2017 ж.