БҚМУ ғалымдары «Қайырлы таң» бағдарламасында. Рухани жаңғыру. Менде де бар бір пікір!

2017 жылдың 12 мамыр күні мәдениет және өнер факультетінің деканы М.И. Исатаев пен физика – математика факультетінің деканы А.Б. Медешованың ұйымдастыруымен ТДК-42 телеарнасындағы «Қайырлы таң» бағдарламасына өнертану кандидаты, доцент А.Т. Ерғалиева қатысып, өңір мәдениеті мен өнері туралы журналистер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Бағдарламада қалың тарихы бар өңірде ауызша дамыған кәсіби халық шығармашылығының аса ірі мәдени ошағы қаланып, XVIII-XIX ғ.ғ. күй (Махамбет, Дәулеткерей, Құрманғазы, Дина) және ән (Мұхит) өнерінің ерекше дамыған мұрасының бүгінгі күнмен үндестігі жөнінде айтылды. Сонымен қатар, Ерғалиева А.Т. облыста қазіргі заманғы композиторлар туындыларының құндылығы туралы өз пікірін білдірді.

Ол Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында қойылған талаптарды орындауға аймақта мүмкіндіктер мол екендігін айтып, өңірдің мәдениеті мен өнеріне ерекше еңбек сіңіріп келе жатқан жаңа есімдерді де анықтап, халыққа таныстурудың маңыздылығын жеткізді. Әсіресе, халық композиторлары мен заманауи композиторларының шығармашылық туындыларын өзге мемлекеттерге таныстырып, насихаттаудың маңыздылығы Қазақстан Республикасы үшін әлемдік мәдениетте өз орнын айшықтауға ықпал бола алатыны жөнінде ой қозғады. Қонақ кәде ретінде қазақтың ұлттық аспабында шәкірті С.Хасанова «Жаппас қобыз домбыра» шығармасын ойнап берді.

Бағдарламаның толық нұсқасын http://tdk42.kz/kz/explore/layout/ba-darlamalar/ajyrly-ta.html сілтемесі арқылы қарауға болады.