Әбшүкірова Г.Б. және Нұрекешова Н.Н.

«Кітапхана ісі» мамандығының 3-курс студенттері Әбшүкірова Г.Б. және Нұрекешова Н.Н.:

 

Біз 01.09.2014–28.12.2014 ж. мерзім аралығында Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде академиялық ұтқырлық бойынша бір семестр бойы оқыдық. Университет Қазақстан Республикасындағы жоғары дәрежеде білім беретін білім ордасы болып табылады, және жоғары білікті, өз кәсібін жете меңгерген оқытушылар қауымынан құралған. 70 жылдық тарихында сан мың педагогқа білім берген. 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті тікелей ҚР Президентінің қолдауынағы университет болып табылады. Мұнда 3 оқу ғимараты, 5 жатақхана және Студенттер үйі бар. Сонымен қатар студенттердің тынығуына арналған субұрқақ және шағын аллеялар салынған. Оқу ғимараттары барлық қажетті жабдықтармен жабдықталып, студентерге қолайлы жағдай жасалған. 

Университет студенттердің бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында көптеген шаралар ұйымдастырады. Соның ішінде «Парасатты НЛО» клубы, «Томирис» би тобы, «Тек қана қыздар» жайдарманшылар топтары құрылған. «Парасатты НЛО» клубы қоғамдағы әр түрлі жағдайларға байланысты туындайтын мәселелерді көтеретін дебаттар ұйымдастырады. Бұл клуб тек қана университет қабырғасында ғана емес, сонымен бірге республикалық деңгейдегі жарыстарға да қатысады. Ерікті белсенділер тобы жоспарларына сай қарттар үйіне, балалар үйлеріне барып өзерінің көмектерін көрсетіп отырады. 

Аталмыш оқу орнында өткізген күндерден зор әсер алдық. Өзге оқу орындарында оқу-тәрбие процесі бойынша тәжірибе алмасуға оңтайлы осындай бағдарламалардың болғанына қуаныштымыз. Бізді осындай бағдарламалармен өзге оқу орындарына жіберіп, барлық жағдайды жасап отырған университет ректорына, барлық университет ұжымына алғысымызды білдіреміз.

 

МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫ

Frontpage Slideshow | Copyright © 2006-2012 JoomlaWorks Ltd.

ВИРТУАЛДЫ ТУР

БАЙЛАНЫСТА БОЛ