Унаева Бибигуль Гарипуллаевна

5В010700 - Бейнелеу өнері және сызу  мамандығының студенті  

     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мен академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университте бір семестр бойы оқып келдім. 

«Өнер, мәдениет және спорт» институтының директоры п.ғ.д, ҚР-ның ҰБА профессоры, академик Альмухамбетов Берікжан Айткулович. 

№1 студенттік жатақханаға орналастым. Ішінде студенттер үшін барлық жағдай жасалған.

 

Сабақ 19 қаңтар 2015 жыл  - 25 мамыр 2015 жыл аралығында жүргізілді. Ол жерде этнопедагогика, кәсіби шет тілі, академиялық сурет, академиялық кескіндеме, композиция, бейнелеу өнерінің тарихы пәндерін оқыдым. 

Осы уақыт аралығында өзіме көптеген тәжірибе алдым, сабақты барынша меңгеруге тырыстым. ҚазҰПУ-да өткен күндерімде бірнеше шараларға қатыстым. Тобымызбен «Әңгіменің ашығы» атты телепрограммаға көрермен ретінде қатыстық. «Қазақ елі» деген әлі жарыққа шықпаған кітапқа илюстрация салдық. Сәуір айында «Республикааралық олимпиада» болды, онда біздің М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дан «Бейнелеу өнері және дизайн» кафедрасының аға оқытушысы мен екі студент келді, мен оларға олимпиадада жанкүйер болдым. 8-наурыз әйелдер мерекесіне байланысты концерттік шараға қатыстық. «Алматы көктемі» атты шоу-концертке бардық. ҚазҰПУ-дың бітіруші түлектерінің дипломдық қорғауына қатыстым.

Сабақтың барлығы өте жоғары деңгейде болды, педагог-мұғалімдер сабақ беру методикасын өте жоғары меңгерген, сабақ барысын студентке барынша жеткізуге тырысады. Маған өте қатты ұнады. Аудиториялар барлық кәсіби жабдықтарымен қамтылған, сабақты үйренуге және шығармашылық жұмыс істеуге өте ыңғайлы. Студенттер университет өміріне белсене қатысады.

Мен тұрған жатақханада студент өзін ыңғайлы сезіну үшін барлық жағдай жасалған. Кезекшілік өте қатаң тәртіпті сақтайды, студент кешкі 23:00-ге дейін жатақханада болу керек. Ұлдар мен қыздардың жуынатын бөлмелері бөлек, өте таза. Жуынатын душ күнделікті ашық тұрады. Екінші қабатта үлкен оқу залы орналасқан. Әрдайым WI-FI интернет желісі жоғары жылдамдықта жұмыс жасайды.

Қорытындылай келе, осы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық Университетінде тәжірибе алмасу барысында, өзіме үлкен кәсіби қор алдым. Осы университетке барып келгеніме өте қуаныштымын, маған жағымды әсер қалдырды. Университет әдіскерлері мені алғаш кезден бастап қуана қарсы алды, әрқашан көмектесіп жүрді. 

Осы бағдарлама бойынша бағыт бағдар беріп, жол сілтеген университет ұжымына алғысым шексіз. Өз тәжірибеммен бөлісіп, алдағы уақытта осы бағдарламаға қатысуға ниет білдірген білім алушыларға жәрдемдесуге дайынмын.

МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫ

Frontpage Slideshow | Copyright © 2006-2012 JoomlaWorks Ltd.

ВИРТУАЛДЫ ТУР

БАЙЛАНЫСТА БОЛ