Қоғаммен байланыс

Халықаралық ынтымақтастық департаменті

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің

халықаралық байланыстары

 

Келісімшарттар

            М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті бүгінгі таңда алыс шет елдік және ТМД жоғары оқу орындарымен (Түркия, Қытай, Үндістан, Германия, Польша, Литва, Болгария, Оңтүстік Корея, АҚШ, Ұлыбритания, Ресей, Белоруссия, Украина, Қырғызстан, Әзірбайжан мен Өзбекстан) жоғары білім, жоғары білімнен кейінгі білім беру, ғылым және мәдениет салаларындағы ынтымақтастық жөнінде 79 келісімшарт жасаған.

 

Ынтымақтастық

РФ ЖОО-дарымен ерекше тығыз ынтымақтастық орнатылған: Ресей халықтар достығы университеті, Мәскеу мемлекеттік мәдениет және өнер университеті, Қазан мемлекеттік университеті, Астрахань мемлекеттік университеті,  Волгоград мемлекеттік университеті, Н.Г. Чернышевский атындағы Саратов мемлекеттік университеті, Саратов әлеуметтік-экономикалық университеті,  Самара мемлекеттік университеті. Сонымен қатар, алыс шет елдік жоо-ларымен: Адам Мицкевич атындағы университет (Познань қ., Польша), Николай Коперник атындағы университет (Торунь қ., Польша), Ұлы Казимир атындағы университет, Экономика университеті (Быдгощ қ., Польша), Йоганнес Гутенберг атындағы университет (Майнц қ., Германия), Пассау университеті (Пассау қ., Германия) және Отто фон Герике атындағы университет (Магдебург қ., Германия), Лондон менеджмент академиясы (Лондон қ., Ұлыбритания), Миссисипи алқабының мемлекеттік университеті (Итта Бена қ., АҚШ), Сангконгхое университеті (Сеул қ., Оңтүстік Корея), Шэньян университеті (Шэньян қ., Қытай), Ардахан және Балыкесір университеттері (Түркия).

                    

     

Халықаралық шәкіртақылық бағдарламалар

      М. Өтемісов ат. БҚМУ түлектері, магистранттары мен профессор-оқытушылар құрамы жыл сайын Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті атындағы халықаралық «Болашақ»  бағдарламасына қатысады.

      БҚМУ Еуропалық комитет қаржыландыратын Эразмус Мундус бағдарламасы болып табылатын  TOSCA II (Transfer of skills, knowledge and ideas to Central Asia) жобасына қосылды. Сонымен қатар университет TEMPUS, MEVLANA  және т.б. секілді 15 халықаралық  жобалық ұйымның мүшесі.

 

Алмасу бағдарламалары

        М. Өтемісов ат. БҚМУ студенттері мен магистранттары жыл сайын академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Польша, Оңтүстік Корея елдеріндегі серіктес жоо-ларда семестрлік білім алады.

 

М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дағы шетелдік студенттер

       Қазіргі таңда БҚМУ-да Ресей Федерациясы, Түрікменстан, Өзбекстан, Әзірбайжан мен  Қытай Халық Республикасының 20-дан астам  студенті білім алуда.  

           

Шет елдік профессорларды тарту

ҚР БжҒМ қаржыландыруымен М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті  жыл сайын алыс және жақын шет елдерден ғалымдар шақырып отырады.

 

 

    ХЫД директоры                                                          Құлмағамбетова С.С.

 

 

Директор: Құлмағамбетова Светлана Санжан қызы

Танымал ақпарат

Мекен-жайы: Орал қ., Студенческая көшесі  1, 8 корпус, 205 каб. 

Тел./факс: 8 (7112) 26 03 77 

E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.     

ХЫД қызметкерлері:

Сапанова Самал Зайдуллиевна – әдіскер.

Міндеті: Еуропалық және әлем стандарттарына сай деңгейдегі  бәсекелесуге қабілетті маман дайындауда себептесу.

Мақсаты:

1. ХЫД-не концептуалды түрде орнатылып жүктелген қызметті жоспарлау, баптау, ұйымдастыру, орындау; 

2. Білім беру аясында шетел ЖОО-мен келісім-шарт орнату, сапалы ынтымақтастық жөнінде орнатылған келсім-шарттарды жүзеге асыру; 

 Қызмет бағыты:

-  Халықаралық ынтымақтастық департаментінің жұмысы мен қызметін жоспарлау және ұйымдастыру; 

-  серіктес ЖОО-ын іздестіру, шетел ЖОО-ның сәйкес департаменттерімен байланыс орнату, келісім-шарт дайындау, жүзеге асыру; 

-  академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқуға, машықтануға, семинарларға қатысу мақсатымен шығатын студенттер, магистранттар немесе оқытушылар құрамының құжаттамасын рәсімдеу; 

-  университетке  шетел ғалымдарының  шақырылуы мен шетел студенттерінің оқуға келуін ұйымдастыру; 

-  виза құжаттамаларын дайындау, консулдықтар мен елшіліктермен қарым-қатынас байланыс; 

- халықаралық «Болашақ» шәкіртақысына қатысушы үміткерлермен кеңес өткізу (үміткер магистранттар мен оқытушылар құрамына уақытылы құжат қабылдау, «Болашак» өкілдерінің брифинг, таныстыру рәсімі, кеңес өткізуі жөнінде хабарлау);  

-  шәкіртақылық бағдарламаларға қатысушы студенттерге кеңес өткізу (КПО б.в., ДААД, Эразмус Мундус, Темпус, ТОSCА2, Mevlana);

- жаңа ынтымақтастық түрлерін іздестіру және ұйымдастыру (тіл курстары, халықаралық семинарлар); 

-  университет сайтына уақыты ақпарат беру; 

-  студенттер, магистранттар мен оқытушылар құрамына тіл курстарын ұйымдастыруда жәрдемдесу; 

-  мақалалар мен құжаттар аударуды ұйымдастыруда көмектесу; 

-  Облыстық  кітапханадағы «Неміс тілі» бұрышының қызметін жүзеге асыру; 

-  шетелде оқуда жүрген БҚМУ студенттері, магистранттары, докторанттарымен байланыста болу; 

-  халықаралық ынтымақтастық мониторингі. 

Жастар - болшақ энергиясы

youth futureenergy

МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫ

Frontpage Slideshow | Copyright © 2006-2012 JoomlaWorks Ltd.

СЕРПІН-2050

  • edu2050

IT-ПЛАНЕТА

it-planet

ВИРТУАЛДЫ ТУР

БАЙЛАНЫСТА БОЛ