Шамилова Алмагүл

Шамилова Алмагүл

5В072100  – «Органикалық заттардың химиялық технологиясы»

мамандығының 3 курс студенті

Николай Коперник ат. университет, Торунь қ., Польша 

ЕСЕП 

Біздің жағдайымыз өте жақсы. Варшавадан поезға мініп, Торунь қаласынан алғаш түскенде, университетіміздің екі ұстазы бізді қарсы алды. Университетіміздің жатақханасына орналастырды. Біз сияқты және де өзге білім беру  бағдарламаларымен келген студенттер бір жатақханаға орналасыпты, бірақ бізге орын болмағасын біз поляк студенттерінің жатақханасына орналастық. Бұл жатақханада да жағдаймыз жаман емес, міне 1 айдан аса уақытымыз өтті, үйрендік.

Халқы өте жақсы, қай уақытта да көмек сұрасаң қол ұшын беруге, көмектесуге дайын тұрады.Тіпті өз жұмыстарын тастап, біздің сұрағымызға жауап табады. Алғашқы күні факультетіміздің деканы арнайы өзінің кабинетіне шақырып, ұстаздармен таныстырып, ерекше ілтипат көрсетті. Алыстан өз елінен жырақтап, өзге танымайтын елге келген студенттер үшін бұл университет тарапынан көрсетілген зор құрмет деп білеміз.

 Алғашқы күннен бірден сабаққа бейімделіп кету қиынға соқпады, оған ұстаздарымыздың ықпалы зор болды. Бір группада тек бесеуміз болғандықтан, ұстаздарымыз зертханалық жұмыста әрдайым қасымызда жүреді, түсінбеген сұрақтарымыз  болса түсіндіреді, ешқашан қабақ 
шытқан емес, әрдайым түсіністікпен қарайды.

Шынымен де, университеттегі жаңа аппараттарды көру, олармен жұмыс істеу, өте қызықты. Мұндағы химиялық лаборатория біздің университетімізбен салыстырғанда, өте үлкен және заманауи аппараттармен жабдықталған. Біздің группаға лабораторияда жұмыс істеу өте қатты ұнайды.

Қаланың климаты бірқалыпты, біздің туған қаламызбен салыстырғанда жылылау. Қаланың көптеген қызықты жерлерін араладық, демалыста бос отырмауға, демалысымызды тиімді өткізуге тырысамыз.  Әрі сабақ беретін ұстаздарымызда әрдайым өзге қалаларды аралауға, демалуға кеңес
береді. 

Жатақханадғы көршілеріміз де көмектесіп, әрдайым жағдайымызды сұрап тұрады. Басқа елдерден келген (Украина, Белоруссия, Литва, Латвия, Корея, Жапония, Турция, Россия, Италия, Испания, Франция және т.б.) студенттермен танысып, араласып, әрдайым бір-бірімізге жылы қабақ танытуға тырысамыз. 

Уақыт зымырап өтуде. Өзге елден алған алғашқы әсеріміз керемет. Алдағы уақытта да барлығы жақсы болады деп ойлаймыз  Сабағымызды жақсы оқуға, университетіміздің атына барынша кір келтірмеуге, тек жақсы жаңалықтармен елге ораламыз деп сенеміз. 

Шамилова каз

МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫ

Frontpage Slideshow | Copyright © 2006-2012 JoomlaWorks Ltd.

ВИРТУАЛДЫ ТУР

БАЙЛАНЫСТА БОЛ