Мархаббат Канатова

Есеп беру

      Мен, Канатова Мархаббат Сержановна, 15.09.2013-15.07.2014 оқу жылы аралығында  Польша мемлекетіндегі  Адам Мицкевич  университетінде (Adam Mickiewicz University) «Эразмус мундус- Тоска 2» бағдарламасы бойынша білім алып келдім. Аталған университетттің «Pedagogy and Fine Art» факультетінде «Teacher training» мамандығында оқыдым.

     «Тоска-2» бағдарламасы Орталық Азияның 5 мемлекетіне (Қазақстан,Қырғыстан, Тәжікстан,Өзбекстан,Түркіменстан) арналған, себебі дамыған елдер дамушы елдердерге білім, ғылымды және елдердің басқа да көптеген салаларын дамытуда қолдау көрсетеді. Сол мақсатпен Евро Одақ осы елдердің жоғарғы оқу орындарымен келісімшартқа тұрып, студенттерге шәкіртақы мен материалдық шығындарын толығымен төйлейді. Сондықтан маған Европада ақысыз түрде білім алу бақыты бұйырды.Адам Мицкевич университеті Европаның бетке ұстар, ал Польша мемлекетінің ең жақсы деген унивеситетттерінің тізімінде екінші орнында тұратын оқу орындарының бірі.Бұл университет  15 факультеттен тұрады, оның 14-і Польшаның мегаполистарының бірі Познань қаласында орналасқан, ал менің білім алған факультетім Калиш деген Польшаның ең алғаш құрылған тарихи қаласында орналасты.Калиш- өте шағын, тыныш,таза, табиғаты сұлу және де мейірімді тұрғындары бар қала. Ал поляк халқына келетін болсақ, «Европаның салқын жүзді адамдар» деген стериотипін толықтай бұзатын, мейірбан, ақкөңіл және қонақжай халықтардың бірі, тіпті көп қырлары қазақ халқына ұқсайды десе де болады.Өз салт-дәстүрлерін, тілін,дінін жақсы ұстанады және өзге халықтарға үлкен сый-құрметпен қарайды.Жалпы, Польша мемлекеті- тарихи мұралары ғасырлар бойы сақталып келе жатырған,әдемі де таза, мәдениеті жоғары дамыған елдердің бірі.

      Енди, университеттің білім беру деңгейіне, мұғалімдер мен студенттердің білім деңгейіне және өзара қарым-қатынасына келетін болсақ, мен «өте жақсы» деген баға берер едім. Себебі, оқу бағдарламасы жүйелі түрде құрылған, мұғалімдерінің білімі мен тәжірибесі жоғары сапалы.Біз барлық сабақтарды ағылшын тілінде оқыдық. Әрине, алғашында бұл жүйеге ілесіп кету қиын болды, бірақ мұғалімдердің үлкен түсіністікпен қарағаны және поляк студентерінің көмегінің арқасында көп нәрсеге үйреніп, білім деңгейімді едәуір шыңдап келдім.Оқу процесі мен үшін өте қызықты болды. Мүмкіншілігім жеткенше жақсы оқуға тырыстым.Оқу барысынан бөлек, Эразмус Мундус студенттеріне арналған көптеген қызықты шаралар ұйымдастырылды. Бұл шараларға ойындар, әртүрлі тарихи немес ойын-сауық жерлерінде демалу, Польшаның көптеген әдемі қалаларына саяхат, тіпті Европаның кейбір елдеріне саяхат кірді.Осындай саяхаттарда әлемнің әртүрлі елдерінен келіп білім алып жатырған өзім сияқты студенттермен танысып, олардың мәдениеті, тілі,салт-дәстүрі, тағамы сияқты көптеген қызық мағлұматтар алып, тіпті арасынан өте жақсы достар да таптым.Олар маған өзімнің бауырымдай болып кетті.Калиште мен студенттер жатақханасында тұрдым, ол жерде мен барлық студенттер және қызмет көрсетуші адамдармен өте жақсы қарым-қатынаста болдым. Поляк достарым маған  көмек пен қолдау көрсетіп, мен үшін баға жетпес адал достарыма айналды.Сонымен қатар Европа елдеріне  саяхат жасауға да мумкіндігім болды.

     Қорыта келе, Польшада өткен бір жыл маған білімнен басқа үлен өмірлік тәжірибе берді.Мен көптеген қызықты оқиғаларды бастан кешірдім, адамдарды, әлемді түрлі қырларынан көріп, таныдым. Сол үшін осы бағдарламаны ұйымдастырған адамдарға ризашылығымды білдіремін.Осы  алған білімім мен тәжирибем  болашақта өз еліме зор пайдасын тигізетін азаматша болып қалыптасуымаа ықпал ететіне күмәнім жоқ.

    

 

 

       

 

   

МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫ

Frontpage Slideshow | Copyright © 2006-2012 JoomlaWorks Ltd.

ВИРТУАЛДЫ ТУР

БАЙЛАНЫСТА БОЛ