Доскараев Нурлан

5В011100 – Информатика мамандығының студенті

 

Отто фон Герике университеті Германиядағы ең жас оқу орындарының бірі. 1993 жылы құрылған университет кампусында ескі ғимараттар мүлде жоқ. Барлық оқу корпустары мен лабораториялар заманауи үлгіде жабдықталған. Университет 1646 -1678 жж Магдебург қаласының бургомистрі қызметін атқарған, физик-ғалым Отто фон Герикенің атымен аталады.

Мен 01.10.2014 – 31.03.2015 ж. мерзім аралығында информатика факультетінде «Информатика» мамандығы бойынша білім алдым. Оқу толықтай неміс тілінде жүрді. 1 семестрдің оқу бағдарламасынан «Информатика (Java бағдарламалау тілі)» және «Математика І» пәндерін және «Неміс тілі шет тілі ретінде , А2 (DaF, А2)» курсын таңдадым. Математика пәнінен аптасына 1 лекция, 1 практика, информатика пәнінен 2 лекция, 1 практика және 1 туториум және неміс тілі курсы 4 рет болды. Университет бағдарламасында 1 лекция сағаты 90 минуттан тұрады.

   

 

 

 

 

 

 

Оқу мерзімі аяқталғанша студенттік жатақханада тұрдым. Жатақхана бөлмесі 1 адамға арналған жеке жататын бөлме асүймен бірге жуынатын бөлмеден тұрады. Жертөледе кір жуатын бөлмесі бар. Өте таза, жинақы және жаңа ғимаратта орналасқан. Жағдай өте жоғары деңгейде жасалған. 

 Оқудан бос уақытта студенттер арасында көптеген шаралар жақсы қарастырылған. Әр бейсенбі сайын студенттерге арналған IKUS ғимаратында кешкілік студенттер бас қосып үстел футболын ойнап, әңгімелесіп көңіл көтереді. Сонымен қатар кампуста апта соңында «Baracke» студенттік клубы жұмыс істейді. Және де басқа студенттермен бірге Германияның басқа да көптеген қалаларына экскурсия жасадық. 14 желтоқсан күні IKUS ғимаратында Астана қаласының студенттерімен бірігіп елімізді таныстыруға арналған «Kazakhstan Country Night», яғни Қазақстан кешін өткіздік.

Мен үшін Германияда өткізген 6 ай өмірімдегі әсерлі сәт болды. Маған ең ұнағаны:

• Университеттегі профессорлар мен студенттердің білім деңгейлері өте жоғары. 

• Әр студент оқитын пәнін, оқытушыны және оқу кестесін өзі таңдайды. Және де оның барлығы автоматтандырылған жүйе арқылы жасалады.  

• Оқу бағдарламасында мамандыққа қатысы жоқ пәндер мүлде жоқ. Студенттерге өз мамандығын игеруге көп мән беріледі. 

• Оқытушылар мен студенттердің көпшілігі өте кішіпейіл, мәдениетті және қарапайым. 

• Оқу ғимараттарында күзетшілер жоқ. Студенттердің жүріп тұруына, өзіне ұнаған киім киісіне ешкім кедергі келтірмейді және т.б.

Сонымен қатар болашақ мамандығыма қажетті Java бағдарламалау тілін меңгердім. Ағылшын және неміс тілінде сөйлеу қабілетімді көтердім. Басқа да көптеген өмірлік тәжірибелер алып, көзқарастарымды өзгерттім деп ойлаймын. Сол үшін университет ректораты мен факультет ұжымына алғысымды білдіремін.

 

МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫ

Frontpage Slideshow | Copyright © 2006-2012 JoomlaWorks Ltd.

ВИРТУАЛДЫ ТУР

БАЙЛАНЫСТА БОЛ