Ибатова Д, Юсупова А, Тлегенова Т, Мажитова Қ, Сәрсенғалиева Ә, Утегенова Б.

Ибатова Диана,  Юсупова Асангүл, Тлегенова Тогжан, Мажитова Қаракөз, Сәрсенғалиева Әсел, Утегенова Бағилаш

5В011900 - Шет тілі: екі шет тілі мамандығының студенттері

 

Қалмақ мемлекеттік университеті - Қалмыкия Республикасының  ең таңдаулы оқу орындарының бірі. Оның  құрамына 7 факультет және қалмақ филологиясы мен шығыстану кіреді. Университет 7 корпусқа бөлінген. Қазіргі таңда бұл университетте 22 мамандық бойынша 8897 студент  білім алуда. Ал шетелдік студенттер саны - 2 мыңға жуық. ҚалМУ түрлі бағыттағы ғылым, мәдениет және шаруашылық саласы бойынша білім беруден Ресейде алдыңғы орын алады.

02.02.2015ж - 24.04.2015ж. мерзім аралығында аталған оқу орнында академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша семестрлік оқуда болдық. Университетте оқу 5 күн жүргізіледі. Әр сабақ бойынша лекция, практикалық сабақтар жүзінде өтеді, ұзақтығы 90 минут.

  

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Университет жанында 8 студенттік жатақхана бар. Онда  барлық жағдай қарастырылған және шетелдік студенттерге үлкен құрметпен қарайды.

Университетте түрлі іс-шаралар, концерттік бағдарламалар және олимпиадалар жиі ұйымдастырылып тұрады. Биыл ағылшын және неміс тілі бойынша тіл жетілдіру мақсатында олимпиадалар ұйымдастырылды, шетелдік студенттерді қалмақ мәдениетімен таныстыру мақсатында музей, театр және т.б мәдени орындарда экскурсиялар жасалды.Сонымен бірге, Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына орай мерекелік шаралар, концерттік бағдарламалар мен конференциялар өткізілуде. 

Бұл университеттегі түрлі сабақ беру әдісі, оқытушылар мен студенттер арасындағы еркін қарым-қатынас жақсы әсер қалдырды. Білімімізді жетілдірумен  қатар, түрлі ұлт өкілдерімен  араласып, көптеген елдің мәдениетімен таныстық. Мүмкіндік болса, басқа студенттерге де Қалмақ мемлекеттік университетіне оқуға баруға кеңес береміз.

МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫ

Frontpage Slideshow | Copyright © 2006-2012 JoomlaWorks Ltd.

ВИРТУАЛДЫ ТУР

БАЙЛАНЫСТА БОЛ