Жеңіс Дидар 1 курс

zhenis

 

М.Өтемісов атынгдағы Батыс Қазақстан мемелекеттік университетінің Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығның  1 курс студенті

Жеңіс Дидардың

ЕСЕБІ

 

2013жылдың 1 қыкүйегі күні мен әкеммен Орал қаласының  әуежайына келіп түстім.Бұл қалаға бірінші рет келіп тұрғандықтан алғашқыда үйренісе  алмайтын шығармын деген ойда қалдым.Дегенмен жылы жүзді адамдар мені бірден баурап алды. Қалада жасыл желекке толы, таза екен.  Сол  күні  университетке бет  алдық. Маған  өзім оқитын университет  бір көргеннен ұнады. Университет ауласында Қазақстан  мен  Ресейдің достығының белгісіндей болып Абай мен Пушкиннің бюсттері  орналасқан. Университет кіре берісінде  оқу орнына есімі берілген батыр Махамбет  Өтемісұлының бюсті де көз тартарлық.

 Ал мен оқитын «Қазақ филология» кафедрасы осы ғимараттың төртінші қабатында орналасқан. Содан соң 411 аудиоторияға кіріп, алдағы қызығы мен шыжығы мол  студенттік өмірді бірге өткізетін  группаластарыммен таныстым.Алғашқыда мен олардың кейбір сөздеріне, олар менің кейбір сөздеріме түсіне алмай жүрдік. Қоғамдық орталарда орыс тілі көп қолданылады екен. Бірақ достарымның, оқытушылардың арқасында орыс тілін де үйреніп жатырмын. Группаластарымның бірі Қаржаубаева Камшат менімен жатақханада бір бөлмеде тұрады. Ол да қолынан келгенше көмектесуге тырысады. Оқытушылардың барлығы маған қол ұшын беріп, барынша маған көмек қолын созуда. Мен осындай оқытушыларға алғысым шексіз.       

Осыннан тапқан достарымның, группаластарымның және де оқытушылардың арқасында менің алғашқы кездегі үйренісе алмайтын шығармын деген  қорқыныш сезімім жоғала бастады. Ең бастысы мен осыннан өзімді   түсіне  алатын шын достар тапқаныма қуаныштымын. Мен Орал қаласына келгеніме өкінбеймін! 

скачать отчет

 

МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫ

Frontpage Slideshow | Copyright © 2006-2012 JoomlaWorks Ltd.

ВИРТУАЛДЫ ТУР

БАЙЛАНЫСТА БОЛ