«Серпін-2050» әлеуметтік жобасы бойынша оқытылатын мамандық түрлері және әрбір мамандық туралы толық ақпарат

«Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» бағдарламасы бойынша М. Өтемісов атындағы БҚМУ мамандықтар тізімі

 

Шифр

Мамандық

1 курс

2 курс

Барлығы Таңдау пәні

1

5В010100

Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

10

8

18 биология

2

5В010200

Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

15

15

30 биология

3

5В010900

Математика

15

17

32 физика

4

5В011000

Физика

15

15

30 физика

5

5В011100

Информатика

14

15

29 физика

6

5В011200

Химия

10

15

25 химия

7

5В011300

Биология

15

10

25 биология

8

5В011400

Тарих

10

10

20 Дүниежүзі тарихы

9

5В011600

География

5

5

10 география

10

5В011700

Қазақ тілі мен әдебиеті

15

20

35 әдебиет

11

5В011900

Шет тілі: екі шет тілі

15

20

35 шет тілі

12

5В072100

Органикалық заттардың химиялық технологиясы

10

-

10 химия

13

5В072000

Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы

20

-

20 химия

14

5В070300

Ақпараттық жүйелер

15

 

физика

15

5В070400

Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету

20

-

20 физика

 

 

Барлығы

189

150

339

5В010100 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу - биология

Білім беру бағдарламалары: 1) Балалар практикалық психологиясы 2) Мектепке дейінгі мекемелердегі мәдени-сауықтыру жұмысы 3) Логопедия.

Бітіруші мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиеші, мектепке дейінгі ұйымдардың әдіскері, мектепалды даярлық топ тәрбиешісі, мектепке дейінгі ұйымдарда логопед қызметтері бойынша жұмыс жасай алады.

Таңдау пәні – биология

5В010200 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі - биология

Білім беру бағдарламалары: 1) Шағын комплектілі мектеп және мектепалды даярлық 2) Бастауыш мектептегі шет тілі 3) Дефектология 4) Логопедия.

Бітіруші бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі бакалавры біліктілігін алады. Төмендегідей кәсіптік қызмет түрлерін атқара алады: бастауыш мектеп мұғалімі, тәрбие ісі жөніндегі мектеп директорының орынбасары, шағын комплектілі мектепте тіл, математика, қоршаған әлем, сурет, музыка мұғалімі, мектепалды даярлық топ тәрбиешісі жұмыстарын істей алады.

Таңдау пәні – биология

5В011700 Қазақ тілі мен әдебиеті – әдебиет

Білім беру бағдарламалары: 1) Құжаттану 2) Қарым-қатынастағы жарнама және бизнес тілі 3) Түрік тілі

Бітіруші түлекке «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша білім бакалавры академиялық дәрежесі және біліктілік беріледі. Сонымен қатар, түрік тілі, құжаттану, лингвокриминалистика, қарым-қатынастағы жарнама және бизнес тілінен қосымша маманданады.

Кәсіби қызмет саласы: Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша білім бакалавры өзінің кәсіби қызметін білім беру саласында атқарады.

Кәсіби қызмет нысандары - мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу ұйымдары; бастауыш, негізгі және бейіндік мектептер; мамандандырылған мектептер; техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары болып табылады.

Кәсіби қызмет түрлері:

- білім беру (педагогикалық), жалпы білім беретін орта мектептерде, лицей, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында;

- ғылыми-зерттеу (ғылыми-зерттеу мекемелерінде кіші ғылыми қызметкер);

- әдеби-шығармашылық (әдеби, мәдени мекемелерде, баспа орындарында);

- ұйымдастыру-басқару (орта мектептерде, гимназия мен лицей, колледждерде, мамандығына тікелей қатысы бар мекемелерде;

- өндірістік-басқарушылық (мемлекеттік органдарда, түрлі кәсіпорын, өндіріс орындарында, іс қағаздары мен құжаттану бөлімдерінде);

- әдеби кеңесші болып табылады.

Кәсіби қызмет функциялары:

- жалпы білім беретін орта мектептерде, гимназиялар мен лицейлерде, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен дәріс беру;

- мамандығына қатысты ғылыми, әдеби, мәдени шаралар ұйымдастыру болып табылады.

Таңдау пәні – әдебиет.

5В011900 Шетел тілі: екі шетел тілі – шет тілі

Білім беру бағдарламалары: 1) Аударма ісі 2) Неміс тілі/француз тілі 3) Гид-аудармашы

Шетел тілі: екі шетел тілі мамандығы бойынша білім бакалавры өзінің кәсіби қызметін білім беру саласында атқарады.

Шетел тілі: екі шетел тілі мамандығы бойынша білім бакалаврының кәсіби қызмет нысандары:

- мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу ұйымдары;

- бастауыш, негізгі және бейіндік мектептер;

- мамандандырылған мектептер;

- техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейін білім беру ұйымдары болып табылады.

Шетел тілі: екі шетел тілі мамандығы бойынша білім бакалавры кәсіби қызметінің түрлері:

- білім;

- эксперименттік-зерттеу;

- ұйымдастыру-басқару;

- әлеуметтік-педагогика;

- оқу-тәрбие;

- оқу-технологиялық қызмет болып табылады.

Таңдау пәні – шет тілі

5В011200 Химия - химия

Білім беру бағдарламалары: 1) Ағылшын тілі 2) Биология 3) Биология және география шағын комплектілі мектеп үшін 4) Биология және физика шағын комплектілі мектеп үшін 5) Химиядағы ІТ –технологиясы

Химия мамандығы бойынша білім бакалаврының кәсіби қызмет нысандары:

- жалпы орта білім беретін негізгі және бейіндік мектептер;

- мамандандырылған мектептер;

- техникалық және кәсіптік білім беретін ұйымдары болып табылады.

Химия мамандығы бойынша білім бакалаврының кәсіби қызмет түрлері:

- білім;

- эксперименттік-зерттеу;

- ұйымдастыру-басқару;

- әлеуметтік-педагогика;

- оқу-тәрбие;

- оқу-технологиялық қызмет болып табылады.

Таңдау пәні – химия

Кафедра жанында материалдық базасы қазіргі құрал–жабдықтармен қамтылған ғылыми-химия зертханасы бар.

Студенттер сараманда Орал қаласының зертханаларында, КПО б. в. өндірістерінде және ҚР басқа қалаларында өткізеді. Кафедра түлектері БҚО мектептері, зертханалары мен өндіріс орындарында ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның көптеген аймақтарында және одан тыс жерлерде еңбек етуде.

Химия кафедрасы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Е.А.Букетов атындағы ҚарМУ, А.Б.Бектүров атындағы ҰҒА химия институтымен, Д.В.Сокольский атындағы электрохимия және катализ институтымен, М.Г.Чернышевский атындағы Саратов мемлекеттік университетімен шығармашылық байланыста.

Химик студенттер ғылыми–зерттеу жұмыстарын белсенді атқара жүріп, түрлі байқау, конференцияларға қатысады.

Кафедра оқытушылары қала және облыс мектептерімен тығыз байланыса отырып, оларға оқушылардың ғылыми жобасын жүргізуге ғылыми–практикалық көмек беріп, олимпиадалар, кеңестер өткізеді.

Химия бакалавры түлектері өздерінің оқуларын ҚР алдынғы қатарлы оқу орындарында және шет елдерде жалғастыра алады.

5В011300 Биология - биология

Білім беру бағдарламалары: 1) Химия 2) Ағылшын тілі 3) Психология 4) География

Биология мамандығы бойынша бітірген түлектерге бакалавр академиялық дәрежесі беріледі.

Биология мамандығы түлектерінің кәсіби сферасы:

білім беру (жалпы орта білім беретін мектептерде, лицей, гимназия, колледжде биология пәнінің мұғалімі);

басқару (білім беру бөлімдері, әкімшіліктер, табиғат қорғау және экология ұйымдары);

ғылым (ғылыми – зерттеу ұйымдарында мына бағдарлар бойынша: ботаника, зоология, адам анатомиясы, физиология, экология, топырақтану, генетика, молекулярлық биология, биотехнология және т.б.).

Биология мамандығы бойынша білім бакалаврының кәсіби қызметінің нысандары:

- негізгі және бейіндік мектептер

- мамандандырылған мектептер

- техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары

Кәсіби іс-әрекет түрлері:

Биология мамандығы бойынша білім алған бакалавр мынадай кәсіби іс-әрекет түрлерін орындай алады:

- білім беру (педагогикалық) әртүрлі білім беру мекемелерінде (мектеп, гимназия, лицей, колледж және т.б.) биология пәнінің мұғалімі;

- ғылыми – зерттеу, кәсіптік бағытындағы пәндер бойынша әртүрлі мекемелерде ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындай алу (ботаника, зоология, анатомия, физиология, биохимия, генетика, биотехнология және т.б.);

- жобалау, жоба жасау мен конструкторлық орындарда жалпы және арнайы жобалар құрастыру (көгалдандыру, суландыру, қайта қалпына келтіру, жоспарлау, мысалы агробиостанцияларды, жас натуралистер станцияларын);

- өнеркәсіптік-басқару іс-әрекеттері әртүрлі деңгейдегі мемлекеттік құрылымдарда (білім беру бөлімдері, әкімшіліктер, биологиялық және химиялық бағыттағы зертханалар және т.с.с);

- биологиялық бағыттағы өнеркәсіпте технологиялық ұйымдастыру іс-әрекетінде (санитарлық-эпидемиялық станцияларда, өсімдік пен жануарлар өнімдерін өңдеу өнеркәсібінде және т.с.с);

Таңдау пәні – биология

5В011600 География - география

Білім беру бағдарламалары: 1) Балалар мен жасөспірімдер туризмі мен өлкетану 2) Биология 3) Тарихты мектепте оқыту

Қызмет жасау саласы: білім беру (орта мектептерде, лицей, гимназия, колледжде география пәнінің мұғалімі қызметінде, ғылыми-зерттеу: әртүрлі бағыттағы (география, геология, экология, картография, гидрология және т.б), балалар-жасөспірімдер туризмі орталықтары, сараптама жасау: аймақтардың дамуын болжау мен халықтың орналасуын бағдарлау, ұйымдастыру-технологиялық: табиғат ортасындағы мониторинг жүйесінде инженер ретінде, жер ресурстары мен табиғатты қорғау ұйымдарында қызметкер ретінде, экологиялық орталықтар қызметкері.

Таңдау пәні – география

5В072100 Органикалық заттардың химиялық технологиясы - химия

Білім беру бағдарламалары: 1) Химиялық технология және ағылшын тілі 2) Химиялық технология және мұнайхимиялық өндірістердің жасақталуы 3) Химиялық технология және химиялық қауіпсіздік

Бітіруші органикалық заттардың химиялық технологиясының бакалавры академиялық дәрежесі біліктілігін алады және келесі қызметтерде жұмыс жасай алады: технолог; химик-технолог; техник-технолог; шебер-технолог және т.б.

Таңдау пәні – химия

5В072000 Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы - химия

Білім беру бағдарламалары: 1) Химиялық технология және ағылшын тілі 2) Химиялық технология және химиялық қауіпсіздік 3) Химиялық технология және химиялық құралдардың төзімділігі және бұзылудан қорғау 4) Химия, химиялық технологиялық үрдістердің және өндіріс қауіпсіздігі.

Бітіруші бейорганикалық заттардың химиялық технологиясының бакалавры академиялық дәрежесі біліктілігін алады және маман келесі қызметтерде жұмыс жасай алады: технолог; инженер; химик-технолог; инженер-технолог; маман; орта кәсіптік оқу орындарында оқытушы және т.б.

Таңдау пәні – химия

5В010900 Математика - физика

Білім беру бағдарламалары: 1) Информатика 2) Физика 3) Ағылшын тілі

Бітіруші математика мамандығы бойынша білім бакалавры академиялық дәрежесі біліктілігін алады.

Бітірушінің кәсіби қызметінің нысаны – орта мектептер мен арнаулы орта оқу орындары, лицей, гимназия, мектептен тыс жұмыс орталықтары.

Таңдау пәні – физика

5В011000 Физика - физика

Білім беру бағдарламалары: 1) Информатика 2) Ағылшын тілі 3) Математика

Бітіруші физика мамандығы бойынша білім бакалавры академиялық дәрежесі біліктілігін алады.

Бітірушінің кәсіби қызметінің нысаны – орта мектептер және арнаулы орта оқу орындары, лицейлер, гимназиялар, мектептен тыс жұмыс орталықтары.

Таңдау пәні – физика

5В011100 Информатика - физика

Білім беру бағдарламалары: 1) Бағдарламалық қамтамасыз ету 2) Ағылшын тілі 3) Жоғары деңгейдегі тілдерде бағдарламалау

Бітіруші информатика мамандығы бойынша білім бакалавры академиялық дережесі біліктілігін алады.

Бітірушінің кәсіби қызметінің нысаны – орта мектептер және арнаулы орта оқу орындары, лицейлер, гимназиялар, мамандандырылған мектептер, мектептен тыс жұмыс орталықтары.

Таңдау пәні – физика

5В070400 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету - физика

Білім беру бағдарламалары: 1) Есептеу техникасы және математика 2) Компьютерлік инженерия 3) Есептеу техникасы және компьютерлік графика

Бітіруші есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығы бойынша техника және технологиялар бакалавры академиялық дережесін алады.

Бітірушінің кәсіби қызметінің нысаны – есептеу техникасы мен бағдарламалық қамтамасыз етуді қолданатын, құрастыратын, өңдейтін (бағдарламашы инженер, бағдарламашы), іске қосатын кәсіпорындар мен ұйымдар.

Таңдау пәні – физика

5В011400 Тарих – дүниежүзі тарихы

Білім беру бағдарламалары: 1) Ағылшын тілі 2) Құқық негіздері 3)Дінтану

Бітіруші тарих бакалавры академиялық біліктілігін алады. Тарихшы маманның кәсіби қызметі нысандары жалпы білім беретін және арнаулы мектептер, лицейлер, гимназиялар, колледждер. Сонымен қатар – тарихшылар мемлекеттік мекемелерде және бұқаралық ақпарат салаларында (ғылыми-зерттеу институттары, педагогикалық және тарих кабинеттері, баспалар, әкімшіліктер, кітапханалар, мұрағаттар, мұражайлар, жетілдіру институттары, газеттер, радио, теледидар), археолог болып қызмет істей алады.

Таңдау пәні – дүниежүзі тарихы

Ескерту: * күндізгі оқу мерзімі 5 жыл болатын мамандықтар

Күндізгі оқу түрі – 4 жыл (бакалавр);

Сырттай қысқартылған оқу түрі:

кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім негізінде – 3 жыл (бакалавр);

жоғары білім негізінде – 2 жыл (бакалавр).

МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫ

Frontpage Slideshow | Copyright © 2006-2012 JoomlaWorks Ltd.

ВИРТУАЛДЫ ТУР

БАЙЛАНЫСТА БОЛ