Асхат Сәлімұлы Иманғалиев

 

rector-wksu

 

 

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті – облысымыздағы ең ірі мемлекеттік жоғары оқу орны, аймақтағы ірі білім беретін және оқу-ғылыми орталығы ретінде өзінің тарихын және жақсы дәстүрлерін сақтап қоймай, үздіксіз дамытып және жетілдіріп келеді.

Ғасырға жуық шежірелі тарихи жолы бар білім ордасы – Қазақстанның батыс өңірінің ғылым, білім, мәдени, экономикалық дамуына өлшеусіз үлесін қосқан зор мақтаныш иесі.

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекетік университетінің миссиясы – Қазақстанның батыс аймағын жаңа кадрлармен және ғылыми ресурстармен қамтамасыз ету, оның жедел және әлеуметтік экономикалық дамуына үлес қосуын арттыру.

Мақсаты – зор білімді және ғылыми инновациялық инфрақұрылымы жоғары халықаралық деңгейдегі классикалық университет болу.

Басты міндеті – оқу, ғылым, тәрбие үрдісінің бірлігі мен жаңашылдығының арқасында түлектердің кәсіби деңгейін жоғарылату және олардың еңбек нарығында қабілеттілігін қамтамасыз ету.

 

М. Өтемісов атындағы БҚМУ ректоры, академик

Асхат Сәлімұлы Иманғалиев

 

 

 

Имангалиев Асхат Салимович

 

rector-wksu

 

Наш университет - один из крупнейших государственных вузов области и учебно-научных центров региона.

Мы гордимся особым статусом Западно-Казахстанского государственного университета, история которого неразрывно связана с годами становления Приуралья как крупного культурно-промышленного региона страны.

Особенностью Западно-Казахстанского государственного университета им. М.Утемисова является его богатейшая летопись - это один из старейших вузов Республики Казахстан. В 2012 году наш университет отметил свой 80 летний юбилей. За эти годы университет вписал немало славных страниц в биографию области и всей республики. Можно с гордостью говорить о неоценимой роли вуза в развитии науки, образования, экономики и культуры Западного Казахстана.

Свыше 70 тысяч высококвалифицированных специалистов, вышедших из стен старейшего вуза, - наше бесценное наследие, наше профессиональное и духовное богатство. Сегодня Западно-Казахстанский государственный университет является одним из флагманов педагогического образования Казахстана и готовит специалистов широкого профиля, востребованных в самых разных областях и конкурентоспособных на рынке труда.

Ректорат университета стремится создать все необходимые условия для успешной учебы и плодотворного творчества. Добро пожаловать в ЗКГУ!

 

Ректор ЗКГУ им.М.Утемисова, академик
Имангалиев Асхат Салимович

 

 

Тақырып *
Аты *
Email
Мазмұны *
Суреті растау * Изображение CaptchaОбновить изображение
   
 

Нуршат ( This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. ): Академическая мобильность.

Сұрақ:

Салеметсізбе, менің білгім келгені Внутренняя Академическая Мобильность арқылы Двухдипломная программаға қатысуға болады ма? Жəне бұл бағдарлама бойынша неше семестр Қазақстанның басқа ЖОО-ныңда оқи аламын?

Жауап:

Нұршат, саламатсыз ба!

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы мен қос дипломды білім беру бағдарламасы бір-бірінен бөлек. Егер БҚМУ студенті болсаңыз, 1-ғимарат, 110- бөлмеге келіп сұрақтарыңызға жауап алуға болады.

27.03.2017

Динаржан ( This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. ): справка- подтверждение

Вопрос:

Здравствуйте Асхат Салимович! Пишут Вам учителя с Первомайского района Оренбургской области. В настоящее время в нашей области идет проверка подлинности дипломов. Мы в разное время заканчивали ваш ВУЗ, мы бы хотели узнать как мы можем подтвердить подлинность своих дипломов, кому обратиться и какие документы предоставить? Заранее благодарны.

Ответ:

Здравствуйте, Динаржан! Мы даем подтверждающую письмо, о том что вы действительно учились в нашем вузе. Сначало вам 1.Написать заявление на на имя Ректора 2. ФИО, номер диплома, регистрационный номер и специальность, укажите год обучение. Напишите нам точный почтовый адрес, чтобы отправить письмо. Телефон для справок: 87112 50 01 14

23.03.2017

Жолдас ( This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. ): Сырттай бөлімде оқу

Сұрақ:

Сәлеметсізбе, мен Жұбанов университетінде оқимын. Биыл 1-ші курсты бітіремін. Оқуға 11 бітіріп түстім. Сұрайын дегенім: 2 курсты сіздің университетке ауыстырып 2-ші курсты есеп және аудитте сырттай бөлімде оқуға болама? Оқу ақысы қаншаболады?

Жауап:

Саламатсызба! Егер Сіз күндізгі оқу түрі 1 курс студенттер қатарына мектептен кейін жалпы орта білім туралы аттестат негізінде 4 жылдыққа түскен болсаңыз сырттай оқу түріне ауыса алмайсыз. Сырттай оқу түрінде жоғары оқу орнынан кейін және кәсіптік орта білімнен кейін ғана білім ала алады. Егер Сізде кәсіптік орта білімнен кейін біліміңіз болған жағдайда сырттай оқу түріне Қазақстан Республикасы Үкіметінің 20.01.2015 жылғы №19 қаулысымен бекітілген «Білім беруді ұйымдастырудың түріне байланысты студенттерді ауыстыру мен оқуын қайта жалғастыру Ережесіне» сәйкес қысқы және жазғы демалыс (каникул) кезінде ауысуға мүмкіндік бар.

11.03.2017

Әткешова Жанаргүл: Оқуға түсу

Сұрақ:

Сәлеметсіздер ме? Мен 9-сыныптан кейін қос шет тілі мамандығын оқығым келеді. Сіздердің оқу орындарыңызда 9-сыныптан кейін оқи аламын ба? Және Орал қаласында бұл мамандық қай оқу орындарында бар?

Жауап:

Сәлеметсіз бе Жанаргүл! Жоғары оқу орнында оқу үшін 11-сынып немесе колледж бітіруіңіз қажет. 9-сыныптан кейін тек қана колледждерде ғана білім ала аласыз.  Біздің университетімізде колледжі жоқ.

09.03.2017

Гульжазира Есенбаева ( This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. ): Оқу ақысына жеңілдік бола ма?

Сұрақ:

Сәлематсыз ба Асхат Сәлімұлы. Менің қызым БҚМУ "Өнер және мәдениет" факультеті, "Дизайн" бөлімінің 2 курс студенті.(Мукушова Айнара) Ақылы білім алуда. Мен жалғызбасты анамын. 2 бала тәрбиелеп отырмын. Өзім ипотекалық үйде тұрамын. Жағдайыма байланысты оқу ақысына жеңілдіктер қарастырылмаған ба? Біздер оқуға тапсырған кезде грантқа ауысуға болады деген. Басқа факультеттерде түрлі шәкіртақылар тағайындалып жатады, бірақ "Өнер" факультетіне ештеңе қарастырылмайтын сияқты, олар бәрінен тыс қалып жатыр- ау деп ойлаймын. Қызым жақсы оқиды, қоғамдық жұмыстарға араласады. Неге осындай студенттерді қолдамасқа? Менің білгім келгені, оқу ақысына жеңілдіктер бола ма? Болса қанша пайызға немесе гранқа ауысуға мүмкіндік бар ма?

Жауап:

Құрметті  Гульжазира Есенбаева!

Сіздің 2017 жылдың 9 наурызындағы ректор блогына жазған хатыңызға орай төмендегідей ақпаратты жолдаймыз. 

Мектеп түлектеріне жоғары оқу орындарында оқуға берілетін грант ҚР Білім және ғылым министрлігінен ҰБТ қорытындысы бойынша конкурстық негізде тағайындалады. Әлеуметтік қолдауға мұқтаж студенттерге ірі компания басшылары, жергілікті облыс, аудан әкімдері, кәсіпкерлер, корпоротивтік қорлар көмек көрсетеді. Біздің университетімізде   дарынды, жан-жақты студенттер көптеп түседі, бірақ оқу ақысын төлей алмайтын жағдайларда тіркеледі. Осындай   студенттерді  университет басшылығы анықтап, оларға   ректорат  өз тарапынан әлеуметтік қолдау көрсетіп, жеңілдіктер береді. «Дизайн» мамандығы бойынша білім алып отырған сіздің қызыңыздың оқу ақысы  толық 371.800 теңгені құрайды. Жақсы оқу  үлгерімін көрсеткені үшін университет оған 29% жеңілдік беріліп оқу ақысы 263.978 теңгені құрап отыр. Бұның өзі университет тарапынан жасалған  үлкен  көмек  болып  табылады.

Сонымен қатар, Сіздің әлеуметтік жағдайыңызды ескере отырып,  біз өз тарапымыздан  қызыңызды жатақханаға орналастыруға, университет  асханаларынан бір реттік тегін түскі тамақтануға  талондар бере алатынымызды хабарлаймыз.

 

09.03.2017

Құндыз: Анықтама

Сұрақ:

Сəлеметсіз бе, Асхат Сəлімұлы! 2004-2007 жылы сырттай оқудым. Құжатты дене шынықтыру жəне бастапқы əскери дайындық мамандығына тапсырдым. Бірақ диплом алар кезде мамандық өзгертілді деп, тек бастапқы əскери дайындық пəні мұғалімі мамандығын алып шықтым. Енді жұмыс орным дене шынықтыру пəні бойынша жоғары білімді талап етуіне орай, бұл жағдайда не істеуге болады? Шын мəнінде тек қана БƏД пəні мұғалімі ғана емес, дене шынықтыру пəні мұғалімі мамандығын оқығаным туралы сіздерден қандай да бір анықтама алуға бола ма?

Жауап:

Құндыз, мұрағаттағы мамандық сәйкестігін тексеру үшін бізге сіз жөнінде, яғни толық аты жөніңіз туралы мәлімет керек


03.03.2017

Гулнур ( This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. ): Перевод в ЗКГУ после первого курса

Вопрос:

Здравствуйте. Я студентка университета Астаны КазУЭФМТ. Учусь первый курс по специальности "Учет и аудит". После первого курса хотела перейти в ЗКГУ на эту же специальность. Что для этого нужно? Будут ли экзамены? И какая будет разница?

Ответ:

Здравствуйте! Перевод осуществляются во время зимних и летних каникул, согласно Постановления Правительства РК от 20.01.2015 года  №19 «Правила перевода и восстановления обучающихся по типам организации образования».

27.02.2017

Зинешова Саягүл ( This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. ): Сырттай бөлім

Сұрақ:

Сәлеметсіз бе, Асхат Сəлімұлы? Мен осы университетте математика-физика факультетінде математика мамандығы бойынша МУ-15 күндізгі қысқартылған (очно ускороенный)группасында 1курста оқимын. Осы мамандық бойынша белгілі себептермен сырттай бөлімге ауысқым келеді? Не істесем болады? Рахмет!

Жауап:

Саламатсызба Саягүл!

 «Білім алушыларды білім беру ұйымдарының үлгілері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 20.01.2015 жылғы №19 қаулысына сәйкес ауысу уақыты жазғы және қысқы демалыс кезінде жүзеге асады.


17.02.2017

Амангелдиева Ирина: Анықтамалық

Сұрақ:

Сəлеметсіз бе Асхат Сәлімұлы. Бастауыш мұғалімі болу үшін неден бастаған жөн. Институттан ба əлде колледжден бе? Сосын тандау пəнім физика еді бастауышқа тапсыра аламын ба?

Жауап:

Саламатсыз ба Ирина! Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығына оқуға түсу үшін 5 пәннен: Оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылық, Қазақстан тарихы және 2 бейіндік пән: биология және география пәндерінен ҰБТ тапсырасыз. Бұл мамандықты университеттен немесе колледжден бастау өз еркіңізде. Толық ақпарат 8(7112) 50-44-20 телефоны арқылы ала аласыз!

10.02.2017

Жақсылық Орунбеков ( This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. ): Оқуға түсу

Сұрақ:

Сəлематсыз ба? Асхат Сəлімұлы. Мен биыл 11 сынып түлегімін ҰБТ жаңа форматы бойынша сіздің университетте грант алу үшін қанша балл жинау керек. Ауылдық жерге жеңілдік жасалынама. Ауылдық жерге қандай жеңілдіктер жасалынады. Университеттің мамандық тізімін қайдан аламыз?

Жауап:

Саламатсызба, Жақсылық Орунбеков!
Грантқа түсу мүмкіндігіңіз жалпы конкурс негізінде анықталатын болады. Ауылдық мектепті бітірген түлектерге 30% жеңілдік болады. Бұл дегеніміз мамандыққа бөлінген грант санының 30% ауылдық мектептердің түлектеріне бөлінеді. Университет мамандықтары туралы ақпаратты университетіміздің talapker.wksu.kz сайтынан ала аласыз. Толық анықтама алу үшін телефон 8 (7112) 50-44-20.

31.01.2017