Оқуға түсуге қажетті құжаттар

ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ: 3 - 28 шілде

ОҚУҒА ТҮСУГЕ ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР:

1. Ректордың атына магистратураның ғылыми мамандығы мен дайындық түрі көрсетілген үміткердің жеке өтініші (қабылдау комиссиясында толтырылады);

2. сауалнама (қабылдау комиссиясында толтырылады);

3. жоғары кәсіби білімі туралы құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;

4. кадрлар есебі бойынша жеке іс парағы және еңбек кітапшасының нотариалды куәландырылған көшірмесі (еңбек өтілі бар тұлғалар үшін);

5. 3x4 көлемдегі 6 фотосурет;

6. 086-У нысанындағы медициналық анықтама (флюорографияны өткендігі туралы карточкамен қоса);

7. жеке куәліктің көшірмесі;

8. бар болған жағдайда ғылыми және ғылыми-әдістемелік еңбектерінің тізімі, грамота, диплом, куәлік, сертификаттарының көшірмесі;

9. бар болған жағдайда TOEFL, IELTS, DSH, DELF, DALF, TCF бағдарламалары бойынша тест тапсырғандығы туралы сертификаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;

10. тезбума - 1 дана, конверт - 1 дана, файл - 5 дана;

11. ақылы негізде білім алуға түсуші үміткердің оку ақысын төлеу және келісімшарт жасауға кепілдеме беретін хаты;

12. шетел тілі бойынша тестілеуге ақы төлегені туралы түбіртек.

Сонымен қатар осы тармақта көрсетілген құжаттардың көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқалары қоса ұсынылады. Салыстыру жүргізілгеннен кейін түпнұсқалар қайтарылады.

ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНДАРЫ:

Магистратураға қабылдау 10-20 тамыз аралығында жүреді

«Гуманитарлық ғылымдар», «Өнер», «Жаратылыстану ғылымдары», «Қызмет көрсету» бағыттары бойынша:

1. Шетел тілінен емтихан (тестілеу).

2. Мамандық бойынша арнайы пәннен емтихан (ауызша, жазбаша, тест немесе аралас түрде).

Ағылшын тілінде оқытылатын «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес», «Білім» бағыттары бойынша:

1. Оқуға дайындық деңгейін анықтауға бағытталған тест (бір дұрыс жауабы бар тапсырмалар).

2. Мамандық бойынша тест (бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тапсырмалар).

ТІРКЕУ: 25 тамызға дейін.

Магистранттарды оқуға қабылдауды қабылдау комиссиясы жүргізеді.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға түсу емтихандарының қосындысында 100 балдық бағалау жүйесі бойынша мынадай ең жоғары балл жинаған үміткерлер қабылданады:

1) ғылыми-педагогикалық магистратураға – кемінде 150 балл;

2) бейінді магистратураға – кемінде 130 балл, оның ішінде шет тілінен – кемінде 30 балл.

«Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес», «Білім» бағыттарының мамандықтары бойынша ағылшын тілінде оқытылатын магистратураға түсуші тұлғалар мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға түсу емтихандарының нәтижесі негізінде 100 балдық бағалау шәкілі бойынша конкурстық негізде қабылданады». Бұл ретте, мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқу құқығына ие болу конкурсына ағылшын тіліндегі бейіндік пәннен кемінде 25 балл алған тұлғалар қатысады.

БІЗ СІЗДІ МЫНА МЕКЕН - ЖАЙДА КҮТЕМІЗ:

Орал қаласы, Студенттер көшесі, 1, 206 - каб.,

жоо-дан кейінгі дайындық бөлімі,

тел. : 8 (7112) 26-03-68

87753769108

Біздің сайтымыз: www.wksu.kz

e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫ

Frontpage Slideshow | Copyright © 2006-2012 JoomlaWorks Ltd.

СЕРПІН-2050

  • edu2050

IT-ПЛАНЕТА

it-planet

ВИРТУАЛДЫ ТУР

БАЙЛАНЫСТА БОЛ