Оқуға түсуге қажетті құжаттар

ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ:

3 - 25 шілде

ОҚУҒА ТҮСУГЕ ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР:

1. *Ректордың атына магистратураның ғылыми мамандығы мен дайындық түрі көрсетілген үміткердің жеке өтініші (қабылдау комиссиясында толтырылады);

2. Сауалнама (қабылдау комиссиясында толтырылады);

3. Жоғары кәсіби білімі туралы құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;

4. Кадрлар есебі бойынша жеке іс парағы және еңбек кітапшасының нотариалды куәландырылған көшірмесі (еңбек өтілі бар тұлғалар үшін);

5. 3x4 көлемдегі 6 фотосурет;

6. 086-У нысанындағы медициналық анықтама (флюорографияны өткендігі туралы карточкамен қоса);

7. Жеке куәліктің көшірмесі;

8. Бар болған жағдайда ғылыми және ғылыми-әдістемелік еңбектерінің тізімі, грамота, диплом, куәлік, сертификаттарының көшірмесі;

9. Бар болған жағдайда TOEFL, IELTS, DSH, DELF, DALF, TCF бағдарламалары бойынша тест тапсырғандығы туралы сертификаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;

10. Тезбума - 1 дана, конверт - 1 дана, файл - 5 дана;

11. Ақылы негізде білім алуға түсуші үміткердің оку ақысын төлеу және келісімшарт жасауға кепілдеме беретін хаты;

12. Кешенді тестілеуге ақы төлегені туралы түбіртек.

Сонымен қатар осы тармақта көрсетілген құжаттардың көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқалары қоса ұсынылады. Салыстыру жүргізілгеннен кейін түпнұсқалар қайтарылады..

ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНДАРЫ:

Магистратураға қабылдау

8-16 тамыз аралығында жүреді

Магистратураға түсуші тұлғалар шет тілі бойынша тесттен, білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тесттен, оқуға дайындығын анықтауға арналған тесттен тұратын білім беру бағдарламаларының топтары бойынша кешенді тестілеу тапсырады.

Оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратураға түсуші тұлғалар ағылшын тіліндегі білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тесттен және оқуға дайындығын анықтауға арналған қазақ немесе орыс тіліндегі (таңдау бойынша) тесттен тұратын кешенді тестілеу тапсырады.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша кешенді тестілеу және (немесе) түсу емтихандарының жиынтығы бойынша ең жоғары балл жинаған тұлғалар конкурстық негізде қабылданады:

1) ғылыми-педагогикалық магистратура үшін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес – кемінде 100 балл;

2) бейінді магистратура үшін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес – кемінде 80 балл;

3) оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратура үшін осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес – кемінде 25 балл.

* Магистратураға түсушілер өтініште бір білімнің білім беру бағдарламасын және 3 (үш) ЖОО-ы көрсетеді.

* Жергілікті бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша конкурсқа қатысу үшін түсушілер ЖОО-ға 25 тамызға дейін

ТІРКЕУ: 28 тамызға дейін..

БІЗ СІЗДІ МЫНА МЕКЕН - ЖАЙДА

КҮТЕМІЗ:

Орал қаласы, Студенттер көшесі, 1, 206 - каб.,

жоо-дан кейінгі дайындық бөлімі,

тел.: 8 (7112) 26-03-68, 87753769108

Біздің e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Оқыту қазақ және орыс тілдерінде жүргізілетін магистратурада білім алу үшін кешенді тестілеудің 150-балдық бағалау жүйесінің шәкілі

Тест түрлері

Тапсырма нысандары

Тапсыру тілі

Тапсырмалар саны

Балдар

Шекті балл

Шет тілі бойынша тест

Бір дұрыс жауапты таңдау

Ағылшын / неміс / француз

50

50

25

Оқуға дайындығын анықтау тесті

Бір дұрыс жауапты таңдау

Қазақша/ Орысша

30

30

15

Білім беру топтарының пәндері бойынша тест

Бір дұрыс жауапты таңдау

Қазақша/ Орысша

30

30

15

Бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдау

Қазақша/ Орысша

20

40

20

Барлығы


130

150

75

Оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратурада білім алу үшін кешенді тестілеудің 100-балдық бағалау жүйесінің шәкілі

Тест түрлері

Тапсырма нысандары

Тапсыру тілі

Тапсырмалар саны

Балдар

Шекті балл

Оқуға дайындығын анықтау тесті

Бір дұрыс жауапты таңдау

Ағылшынша

30

30

7

Білім беру топтарының пәндері бойынша тест

Бір дұрыс жауапты таңдау

Ағылшынша

30

30

8

Бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдау

Ағылшынша

20

40

10

Барлығы



80

100

25