Жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу үшін қабылдау емтихандары (ЖООКБ)

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу үшін қабылдау емтихандары (ЖООКБ)

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №600 бұйрығымен бекітілген жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың Үлгілік қағидаларына сәйкес ЖОО магистратурасына, докторантурасына, ЖОО-лар мен ғылыми ұйымдардың резидентурасына түсушілердің өтініштерін қабылдау ЖОО-лардың және ғылыми ұйымдардың қабылдау комиссияларымен, сондай-ақ ақпараттық жүйе арқылы жүргізіледі. Өтініштерді қабылдау мерзімі күнтізбелік жылдың 3-25 шілде аралығында.

Шет тілі бойынша, мамандық бойынша түсу емтихандары, кешенді тестілеу күнтізбелік жылдың 8-16 тамызы аралығында, қабылдау күнтізбелік жылдың 28 тамызына дейін жүргізіледі.

Магистратура, резидентура және докторантураға түсуші тұлғалар:

· оқыту қазақ немесе орыс тілінде жүргізілетін магистратураға түсуші тұлғалар: шет тілі бойынша тесттен (таңдау бойынша ағылшын, француз, неміс тілі), білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тесттен, оқуға дайындығын анықтауға арналған тесттен тұратын кешенді тестілеу тапсырады;

· оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратураға түсуші тұлғалар: ағылшын тіліндегі білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тесттен және оқуға дайындығын анықтауға арналған ағылшын тіліндегі тесттен тұратын кешенді тестілеу тапсырады;

· денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) бағыты бойынша магистратураға, резидентураға түсуші тұлғалар:

1) таңдауы бойынша бір шет тілінен (ағылшын, француз, неміс тілі);

2) мамандық бойынша түсу емтихандарын тапсырады;

· докторантураға түсушілер шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттарын ұсынады және докторантура білім беру бағдарламасының топбы бойынша түсу емтиханын тапсырады.

 

Қазақ және орыс тілдерінде жүргізілетін

магистратурада білім алу үшін кешенді тестілеудің форматы

Тест тапсырмаларының саны – 130.

Тестілеу уақыты – 235 минут (3 сағ. 55 мин).

Бөлім

Шет тілі

Оқуға дайындығын анықтау

бойынша тест

Мамандық бойынша тест

Барлығы

Секциялар

Тыңдалым

Лексика грамматика

Оқылым

Сыни ойлау

(элементарлы математика, әртүрлі ақпаратты талдау мен түсіндіру)

Аналитикалық ойлау

(Академиялық және ғылыми-танымдық мәтіндердегі себеп-салдарлық байланысты тауып, оны талдау мен түсіндіру)

1-пән

2-пән

Тілі

Ағылшын/неміс/француз

Қазақша/Орысша

Қазақша/Орысша

Тапсырмалар саны

50

15

15

30

20

30

50

130

Тест тапсырмаларының түрлері

Ұсынылған жауап нұсқаларының дұрыс біреуін таңдау

Ұсынылған жауап нұсқаларының дұрыс біреуін таңдау

Ұсынылған жауап нұсқаларының дұрыс біреуін таңдау

Ұсынылған жауап нұсқаларының дұрыс біреуін немесе бірнешеуін таңдау

Бағалауы

1 балл

1 балл

1 балл

2 балл – барлық жауаптар дұрыс,

1 балл – бір қате үшін,

0 балл – екі және одан көп қате үшін

Максималды балл саны

50

30 балл

30 балл

40 балл

150

Орындау уақыты(мин)

75

50

60

50

235

Шекті балл

25

15

15

20

75

 

Оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін

магистратурада білім алу үшін кешенді тестілеудің форматы

Тест тапсырмаларының саны – 80.

Тестілеу уақыты – 160 минут (2 сағ. 40 мин).

Бөлім

Оқуға дайындығын анықтау

бойынша тест

Мамандық бойынша тест

Барлығы

Секциялар

Сыни ойлау

(элементарлы математика, әртүрлі ақпаратты талдау мен түсіндіру)

Аналитикалық ойлау

(Академиялық және ғылыми-танымдық мәтіндердегі себеп-салдарлық байланысты тауып, оны талдау мен түсіндіру)

1-пән

2-пән

Тілі

Ағылшын тілінде

Ағылшын тілінде

Тапсырмалар саны

15

15

30

20

30

50

80

Тест тапсырмаларының түрлері

Ұсынылған жауап нұсқаларының дұрыс біреуін таңдау

Ұсынылған жауап нұсқаларының дұрыс біреуін таңдау

Ұсынылған жауап нұсқаларының дұрыс біреуін немесе бірнешеуін таңдау

Бағалауы

1 балл

1 балл

2 балл – барлық жауаптар дұрыс,

1 балл – бір қате үшін,

0 балл – екі және одан көп қате үшін

Максималды балл саны

30 балл

30 балл

40 балл

100

Орындау уақыты(мин)

50

60

50

160

Шекті балл

7

8

10

25

 

Шет тілі бойынша түсу емтиханы

Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) бағыты бойынша магистратураға, резидентураға шет тілдері бойынша (ағылшын/неміс/француз тілі) тест 3 бөлімдегі, бір дұрыс жауап таңдайтын 100 тапсырмадан тұрады.

Тестілеудің уақыты - 125 минут.

І - Бөлім - Тыңдалым. Тест тапсырмасының саны - 32. Орындалу уақыты - 45 минут.

Бұл бөлімде тыңдауға 4 мәтін және әр мәтінге 8 тест тапсырмасы беріледі. Тыңдалымға ұсынылған материал 1 минуттық үзілісті сақтай отырып, 2 қайтара жазылған. Әр мәтінді тыңдап болған соң, оған арналған тест тапсырмаларын орындауға уақыт беріледі.

II - Бөлім - Лексика грамматикалық тест. Тест тапсырмаларының саны - 32. Орындалу уақыты - 30 минут.

III - Бөлім - Оқылым. Тест тапсырмаларының саны - 36. Орындалу уақыты - 50 минут.

Бұл бөлімде оқуға 3 мәтін және орындауға әр мәтінге 12 тест тапсырмасы берілген.

 

Магистратураға, резидентураға және докторантураға тұлғаларды қабылдау

Магистратураға тұлғаларды қабылдау кешенді тестілеу қорытындылары бойынша 1-қосымшаға сәйкес оқыту қазақ және орыс тілдерінде жүргізілетін магистратурада білім алу үшін кешенді тестілеудің 150-балдық бағалау жүйесінің шәкіліне сәйкес кемінде 75 балл, оның ішінде: шет тілі бойынша – кемінде 25 балл, білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша: бір дұрыс жауап таңдау бойынша – кемінде 15 балл, бір немесе бірнеше дұрыс жауап таңдау бойынша – кемінде 20 балл, оқуға дайындығын анықтауға арналған тест бойынша – кемінде 15 балл жинаған жағдайда жүзеге асырылады.

Оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратураға тұлғаларды қабылдауға сәйкес кешенді тестілеу қорытындылары бойынша 2-қосымшаның оқыту ағылшын тілдерінде жүргізілетін магистратурада білім алу үшін кешенді тестілеудің 100-балдық бағалау жүйесінің шәкіліне сәйкес кемінде 25 балл, оның ішінде оқуға дайындығын анықтауға арналған тест бойынша – кемінде 7 балл, мамандық бойынша: бір дұрыс жауап таңдау бойынша – кемінде 8 балл, бір немесе бірнеше дұрыс жауап таңдау бойынша – кемінде 10 балл жинаған жағдайда жүзеге асырылады.

Медициналық мамандықтар бойынша магистратураға, резидентураға тұлғаларды қабылдау 3-қосымшаға сәйкес 100-балдық бағалау жүйесін 5 балдық бағалау жүйесіне ауыстыру шәкіліне сәйкес шет тілінен және мамандық бойынша түсу емтиханының қорытындылары: шет тілі бойынша – кемінде 30 балл және мамандық бойынша – кемінде 50 балл жинаған жағдайда жүзеге асырылады.

Докторант қатарына қабылдау докторантураның білім беру бағдарламаларының топтары бойынша түсу емтиханының және шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификатының қорытындысы бойынша ЖОО мен ғылыми ұйымдардың қабылдау комиссияларымен жүзеге асырылады.

 

Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша түсу

Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша қазақ немесе орыс тіліндегі магистратураға кешенді тестілеу бойынша ең жоғары балл жинаған тұлғалар конкурстық негізде қабылданады:

1) ғылыми-педагогикалық магистратура үшін – кемінде 100 балл;

2) бейінді магистратура үшін – кемінде 80 балл;

3) оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратура үшін – кемінде 25 балл;

4) денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) бағыты бойынша магистратура, резидентура үшін – кемінде 130 балл;

5) докторантура үшін – кемінде 150 балл.

 

Оқыту қазақ және орыс тілдерінде жүргізілетін магистратурада

білім алу үшін кешенді тестілеудің 150-балдық бағалау жүйесінің шәкілі

Тест түрлері

Тапсырма нысандары

Тапсыру тілі

Тапсырмалар саны

Балдар

Шекті балл

Шет тілі бойынша тест

Тыңдалым

Ағылшынша/

немісше/

французша

50

50

25

Лексика грамматикалық тест

Оқылым

Оқуға дайындығын анықтау тесті

Бір дұрыс жауапты таңдау

Қазақша/ Орысша

30

30

15

Білім беру топтарының пәндері бойынша тест

Бір дұрыс жауапты таңдау

Қазақша/ Орысша

30

30

15

Бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдау

Қазақша/ Орысша

20

40

20

Барлығы

130

150

75

 

Оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратурада білім алу үшін кешенді тестілеудің

100-балдық бағалау жүйесінің шәкілі

Тест түрлері

Тапсырма нысандары

Тапсыру тілі

Тапсырмалар саны

Балдар

Шекті балл

Оқуға дайындығын анықтау тесті

Бір дұрыс жауапты таңдау

Ағылшынша

30

30

7

Білім беру топтарының пәндері бойынша тест

Бір дұрыс жауапты таңдау

Ағылшынша

30

30

8

Бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдау

Ағылшынша

20

40

10

Барлығы

80

100

25

 

100-балдық бағалау жүйесін 5 балдық бағалау жүйесіне ауыстыру шәкілі

100-балдық бағалау жүйесі бойынша балдар

5-балдық бағалау жүйесі бойынша балдар

95-100

Өте жақсы (5)

90-94

85-89

Жақсы (4)

80-84

75-79

70-74

Қанағаттанарлық (3)

65-69

60-64

55-59

50-54

30-49

Қанағаттанарлықсыз (2)*

0-29


*бейінді магистратурада (медицина мамандықтары бойынша) және резидентурада шет тілі бойынша «қанағаттанарлықсыз» бағасына 0-ден 29-ға дейінгі балл сәйкес келеді.

 

Магистратура, резидентура және докторантураға түсу үшін ғылыми ұйым немесе жоо-ның қабылдау комиссиясына тапсыратын құжаттар тізімі

Магистратураға түсуші тұлғалар ЖОО-ға, ал резидентураға түсуші тұлғалар ЖОО немесе ғылыми ұйымдарға мынадай құжаттарды тапсырады:

· ұйым басшысының атына өтінішті (еркін түрде);

· жоғары білімі туралы құжаттың көшірмесін;

· интернатураны бітіргені туралы куәлікті (резидентураға түсу үшін);

· жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;

· кадрлар есебі бойынша жеке іс парағы мен еңбек қызметін растайтын құжатты (еңбек өтілі бар тұлғалар үшін);

· 3x4 сантиметр өлшемді алты фотосурет;

· «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6697 болып тіркелген) (бұдан әрі - №907 бұйрық) 086-У нысанындағы медициналық анықтаманы;

· шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттың көшірмесін (бар болса).

Құжаттардың көшірмелерімен бірге салыстыру үшін олардың түпнұсқалары ұсынылады. Салыстыру жүргізілгеннен кейін түпнұсқалар қайтарылады.

Құжаттарды түгел ұсынбаған жағдайда, қабылдау комиссиясы түсушілерден құжаттарды қабылдамайды.

Докторантураға түсуші тұлғалар ЖОО-ға мынадай құжаттарды тапсырады:

· жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;

· білімі туралы құжаттың көшірмесін;

· шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификатын;

· ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімін (бар болған жағдайда);

· 3x4 сантиметр өлшемді алты фотосурет;

· №907 бұйрықпен бекітілген 086-У нысанындағы медициналық анықтаманы;

· кадрлар есебі бойынша жеке іс парағы немесе жұмыс орны бойынша кадр бөлімі растаған еңбек қызметін растайтын өзге де құжатты;

· ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімін (бар болса).

Осы тармақта көрсетілген құжаттардың көшірмелерімен бірге салыстыру үшін олардың түпнұсқалары ұсынылады. Салыстыру жүргізілгеннен кейін түпнұсқалар қайтарылады.

Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларының 14 тармағына сәйкес мынадай емтихандар бойынша:

· ағылшын тілі: Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (TOEFL ITP – кемінде 460 балл), Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm Internet-based Test (TOEFL IBT, шекті балл – кемінде 87), (TOEFL, шекті балл – кемінде 560 балл), International English Language Tests System (IELTS, шекті балл – кемінде 6.0);

· неміс тілі: Deutsche Sprachprьfung fur den Hochschulzugang (DSH, Niveau C1/С1 деңгейі), TestDaF-Prufung (Niveau C1/С1 деңгейі);

· француз тілі: Test de Francais International™ (TFI – оқу және тындалым секциялары бойынша B1 деңгейден төмен емес), Diplome d'Etudes en Langue francaisе (DELF, В2 деңгейі), Diplome Approfondi de Langue francaisе (DALF, С1 деңгейі), Тest de connaissance du francais (TCF – кемінде 400 балл) бойынша Шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттары бар адамдар магистратураға, резидентураға және докторантураға шет тілі бойынша түсу емтиханынан босатылады.

Бұл ретте ЖОО-ның қабылдау комиссиясы ұсынылатын сертификаттардың түпнұсқалығын тексереді.