Кураторларға көмек

1932 жыл - РСФСР Халық Ағарту комиссариатының 1932 жылғы  25 наурыздағы «Орал педагогикалық  жоғарғы  оқу  орнын  ашу  туралы»  қаулысы. 1932 ж 9 шілдедегі Қазрайком  «1 қазаннан  Орал  қаласында  пединститут  құрылсын»  деп  қаулы  етті.     

1937 жыл – А.С.Пушкиннің дүниеден өткеніне 100 жыл толуына орай Орал пединститутына А.С.Пушкин аты берілді.

1982 жыл – 18 қазанда СССР Жоғарғы Совет Президиумының жарлығымен А.С.Пушкин атындағы Орал Педагогикалық  институты  «Құрмет белгісі» орденімен  марапатталды.

1996 жыл – А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институты ҚР Үкіметінің 07.03.1996ж. №573 қаулысының шешімімен және 23.05.1996ж. ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен А.С.Пушкин атындағы Батыс Қазақстан гуманитарлық университеті болып өзгертілді.

2000 жыл – Қазақстан Республикасы Үкіметінің  №236 қаулысы бойынша облыстағы үш жоғары оқу орнының негізінде Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті құрылды.

2002 жыл – ҚР Үкіметінің №1172 қаулысы бойынша 5 қарашада  Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін қайта құру мақсатында оның құрамынан Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті бөлініп шығарылды.

2003 жыл – 30 мамырда ҚР Үкіметінің №497 қаулысы бойынша Батыс Қазақстан мемлекеттік университетіне  Махамбет Өтемісов  есімі   берілді.

2004 жыл  -  М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті ИСО 9001-2000 халықаралық сапа сертификатының иегері.

2005 жыл – М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті «SPI Алтын белгісінің» лауреаты.

2006 жыл - М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті - «Бірлескен Еуропа» және «Еуропалық сапа» халықаралық марапатының иегері.

2006 жыл - М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлететтік университеті Болоньяда (Италия) Еуропа елдерінің білім беру жүйесін үндестіру мақсатында Магна Хартия құжатына қол қойды.

2009 жыл - Ресейлік «Рейтор» тәуілсіз Агенттігінің қортындысы бойынша М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті – әлемге танымал 500 университеттің ең үздіктер қатарына енген Қазақстанның 7 жоғары оқу орындарының бірі.

2010 жыл -  М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

облысымызда бірінші болып институционалдық  аккредитациядан өтіп,

жоғары бағаға ие болды.

2011 жыл Қазақстанның жоғары оқу орындарының ұлттық рейтингісінде көпсалалы жоғары оқу орындарының  арасында еліміздің үздік он оқу орындарының қатарына енді.

2012 жылы 12 білім беру бағдарламасы  халықаралық аккредиттеуден өтті және 2013 жылдың сәуір айында бірқатар білім беру бағдарламасы Еуропа белгілі «ACQUIN” неміс аккредиттеу агенттігімен халықаралық аккредиттеудің негізгі кезеңдерінен өтті.

2013 жылдың сәуір  айында БҚМУ мемлекеттік аттестаттаудан өтті.

2013жыл - БҚМУ Қазақстанның көп  салалы жоғары оқу орындарының  арасындағы ұлттық рейтингісі бойынша үздік ондық қатарына еніп, 7-ші орынды иеленді.

2014 жылдың мамыр айында М.Өтемісов атындағы  Батыс Қазақстан  мемлекеттік университеті Аккредиттеу мен  рейтингтің  тәуелсіз аганттігімен  инстутционалды және 4 білім беру бағдарламасы мамандандырылған аккредиттеуден  сәтті өтті.

2015 жылдың мамыр айы- Аккредиттеудің тәуелсіз агенттігінің нәтижесі бойынша Қазақстан Республикасының 55 жетекші жоғары оқу  орнының  арасында 9-шы орында.

 

МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫ

Frontpage Slideshow | Copyright © 2006-2012 JoomlaWorks Ltd.

СЕРПІН-2050

  • edu2050

IT-ПЛАНЕТА

it-planet

ВИРТУАЛДЫ ТУР

БАЙЛАНЫСТА БОЛ