«Қыз Жібек» рухани-адамгершілік даму институты

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде 2016-2017 оқу жылында «Қыз Жібек» қоғамдық тәрбие институты атқарған жұмыстары туралы ақпарат

 

«Қыз Жібек» қоғамдық тәрбие институты Қазақстан Республикасының Конституциясына және халықаралық құқық шарттарына, Білім және ғылым министрлігінің мерекелік жоспарларына сәйкес, «Білім туралы Заңмен», тәрбие Концепциясымен, Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты Заңымен, Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің 2011-2020 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспарымен, жастар саясаты және тәрбие жұмысының жылдық жоспарымен қызмет етеді, Елбасы Н.А.Назарбаевтың Жолдауын жүзеге асырып келеді.

Университет жанынан құрылған «Қыз Жібек» қоғамдық тәрбие институты жоспары жасақталып, бекітілді. Мақсаты: бірізді жүйемен жұмыстану. Соған байланысты ұйым мүшелері факультеттерді аралап, «Қыз Жібек» қоғамдық тәрбие институты жоспары жасақталып таныстыру өткізілді.

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан  мемлекеттік университетінің жанынан құрылған «Қыз Жібек» қоғамдық тәрбие институты өз жұмысын бастады. Мүше қыздар «Қыз Жібек-қыздар ортасы» атты концерттік бағдарлама құрды. Мақсаты: университет қабырғасына аяқ басқан студент қыздарды клуб жұмысымен таныстыру. Салыстырмалы түрде биылғы таныстыру өте ерекше өтті. Клубқа деген қыздардың қызығушылығы артып, мүшелікке жазылып алынды.

Ақжайықтың Ақшағаласы Ақұштап Бақтыгерейқызы университеттің 1 курс студенттерімен кездесіп, әдебиет және өнер шығармаларына сүйене отырып, тыңдаушылар арасынан қазіргі заман қызының бейнесін кескіндеу. Сөйлеу мәдениеті мен шешендік өнер мәдениетін дамыту. Табиғи сұлулық пен денсаулықты, салауатты өмір салтының негізгі қағидаларын сақтауды үйрету. Қоғамдағы білім беру сабақтастығы мен рухани-адамгершілік құндылықтарға тәрбиелеу туралы кездесу өткен болатын Кездесу барысында қыз балалар өздерін қызықтыратын сұрақтар қойып жауап алды.

Салауатты өмір салтын насихаттау әрбір елін сүйгіш азаматтар мен азаматшалардың парызы. Соған орай «Қыз Жібек» қоғамдық тәрбие институты денсаулық күніне орай «Дені саудың-жаны сау» атты эстафеталық ойындар өткізді. Мақсаты: достық қарым-қатынас қалыптастыру. Шара әртүрлі жарыстар мен түрлі сұрақтардан тұрды. Ойыншылар жақсы дайындық нәтижесін көрсетті.

«Қыз Жібек» қоғамдық тәрбие институтымүшелері елімізге танымал ақын, Ақұштап Бақтыгереевамен кездесу өткізді. Мақсаты: ақынның сыршыл табиғатын терең ұғынып, өнеге алу. Кездесу барысында ақын өзінің өмірлік тәжірбиесінен алған сабақтарын айтып, естеліктерімен бөлісіп, ақыл-кеңес айтты. Қыздар ақынның өлеңдерін жатқа оқып, таңғалдырып, өнерлерімен ортаға шықты. Кездесу сырлы әрі мағынасы терең, ой саларлық тұжырымдармен аяқталды.

«Қызға қырық үйден тыйым» атты эсселер байқауын өткізді. Эссе сайысына жүзден аса қатысушы  қатынасып, оның ішінде филология факультетінің І курс студенті Каленова Назерке Іорынға ие болды.Байқау мереке қарсаңында өтіп, марапат иегерлеріне арнайы сыйлықтар табыс етілді.

Университет дәрігері және генеколог дәрігермен кездесу өткізді. Кездесуде ЖИТС-  тың алдын алу, жеке бас тазалығы, гигеналық шарттар мен талаптар және тағы да басқа көптеген өзекті мәселелер қозғалып, сұрақтарға жауап берілді. Мақсаты: мамандардан кеңес алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру. Қыздарға мәліметтер тізбегі жинақталған парақшалар таратылып, көптеген мағлұматтар жеткізілді.

«Қыз Жібек» қоғамдық тәрбие институты «Дін және Әйел» тақырыбында өткен форумға қатысты. Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс – қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның 5 тармағына сәйкес «Ақпараттық –насихаттау топтарының радикалды діни идеологияның және басқа теріс пиғылды көзқарастардың ықпалына ұшырамаған тұрғындар арасында патриоттық сезімдерін нығайту, сондай-ақ бұрмаланған діни көзқарастардың қалыптасуын алдын алу мақсатында ақпараттық - түсіндіру жұмыстарын жүргізу» жұмыстарын орындау мақсатында құрылған жоспарға сәйкес университеттің студенттерінің ақпаратпен танысу кестесі кұрылды. Кестеге сәйкес студенттерге қазан айында «Мәзхаб дегеніміздің мәйегі», «Ислам заңдылықтарының қоғамда әсері», «Отбасы-жауапкершілік», «Ислам татулық пен бірлік діні» тақырыбында Қыз балалардың бойындағы рухани-адамгершілік тәрбиені нығайту бағытында өткен форумға қатысты. Мақсаты: заман талабына сай дін туралы сауатты болу. Аталған мақсатта түрлі тақырып бойынша сөз қозғалып, тартысты әрі ойлы пікірталас түрінде өрбіді.

Университет қарияларға көмек көрсету мақсатында университетімізде бірнеше жылдар бойы қызмет атқарған  зейнеткер-оқытушылардың үйіне барды. Мақсаты: ұрпақтар сабақтастығы,  үлгі әрі өнеге  алу. Зейнеткерлердің үй-жайына көмектесіп, үлкендерден ақ батасын алды.

«Қыз Жібек» қоғамдық тәрбие институты жылдық жоспарына сәйкес «Әдептен озбайық» атты тренинг өткізді. Бұл тренинг бірнеше факультеттерге жүргізілді. Мақсаты: қыздар арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту, бой сергіту, уақытты қызықты әрі тиімді өткізуді үйрену. Бұл ойында да қыздар бірліктерін көрсетіп, қызу  араласып кетті.

Университет түлегі, ардагер ұстаз Меруерт Жолдықайырқызы Жолдықайыровамен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысысында студенттерге үлкенді құрметтеу, абыройлы адал өмір сүру, бақытты ғұмыр кешуге байланысты тақырыпта  өткізілді.

Сәуір айында жоспарға сай «Шаш өру – қазақ қызына тән» сайысы өтті. тарихи дара тұлға  арулардың ерекше қасиеттерін талдау арқылы қазақ қызының жиынтық бейнесін қалыптастыру. Ұрпаққа берілер ұлттық тәрбие көзі ретінде даярлау.Кез келген ортада тіл мәдениеті мен шебер сөйлеуді дамыту. Сұлулық пен денсаулықты сақтаудың, саламатты өмір сүрудің басты қағидаларын ұстануды үйрету. Қоғамдағы білім беру және тәрбие мәселелерін ұлттық құндылықтармен сабақтастыру. Болашақ ұлт анасы ретінде қыздарды отбасы өміріне даярлау. Салт-дәстүрді дәріптеп, жүзеге асыруға баулу.Үй шаруашылығына қатысты өмірлік қажеттілік дағдысын қалыптастыру.

Қазақ қыздары ежелден ата–баба салтын сақтайтын, дәстүрдің жалғастары есебінде танылған. Соған орай университет жанынан құрылған «Қыз Жібек» қыздар  клубының ұйымдастыруымен 1-2 курс  қыз балалары арасында «Бұрымды ару» байқауы өтті. Мақсаты: өскелең ұрпаққа салт –дәстүрді насихаттау әрі жандандыру, ұлтжанды, тәрбиелі, әдепті,саналы тұлға қалыптастыру, тарихымызды бағалау. Сайысқа әр факультеттен 1-2 курс аралығында  білім алушы қыздар бақтарын  сынады. Бес бөлімнен  тұрған байқауда ең  алдымен арулар «Таныстыру»  кезеңінен өтіп,  «Бес аспаз», «Шаш үлгісі», «Өнерім-өмірім», «Сұрақ-жауап» атты кезеңдерден кезекпен бақтарын сынады. Сайыс соңында әділ-қазылар алқасы филологияфакультетінің  І курс студенті Ғайниден Әселханымға «Бұрымды ару» атағын берді. Тағылымы терең, өнер тұнған тамаша сайыс тартысты өтті.

«Қыз Жібек» қоғамдық тәрбие институты жылдық қорытындысы өтті. Түрлі оюлы сыйлық тоқып, біріне-бірі сыйлады. «Дұрыс жолға қойылған дене шынықтыру ойындарын оқу - білім алуға бөгет емес, қайта бойды сергітіп, ойыңа жәрдем ететін нәрсе»- деп Ғабит Мүсірепов айтқандай, бойды сергітіп, денені шынықтыруға арналған жарыстар оқу ордамызда жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Осы бір жақсы үрдісті жалғастыру мақсатында «Қыз Жібек» қыздар клубының жасап жатырған жұмыстары мен іс-шаралары аз емес.

Қыркүйек айының бас кезінен бастап-ақ қыздар сенбіліктерге белсене қатынасты. 13 –ші қыркүйек күні  денсаулық апталығына байланысты өткен «Денсаулық-бақытты өмір кепілі» атты спорттық жарыстарға қатынасып , жүлделі орындарға ие болды. Студенттерді жат қылықтардан аулақ ұстау мақсатында университет спорт сарайында жексенбі күні «Есірткісіз болашаққа қол созамыз!» атты спорттық ойындары өткізілді. Мақсаты: қыздарды салуатты өмірге тәрбиелеу, ұжымдық жұмыс жасай білу дағдысын қалыптастыру. Ойынға клуб мүшелері қатынасып, топқа бөлінді. Тартысқа толы қызықты ойын әр кезеңдерінде артта қалған топ сайыстан шығып отырды. Демалыс күндерін тиімді өткізген қатысушы және ұйымдастырушы жастар керемет көңіл күймен тартысты ойын өрнегін көрсетті.

«Қыз Жібек» қоғамдық тәрбие институты аналар мерекесі қарсаңында «Анашым- аяулы, қымбатты есім» атты  ақындар мүшәйрасын өткізді. Мақсаты: өмірге әкеліп, ақ сүтін беріп өсірген аналарымызға  құрмет көрсету, университетіміздің ақындық қабілеті бар дарынды студенттерді анықтау. Сайыс екі негізгі бөлімнен  тұрды. Қатысушылар бірінші бөлімде анаға арнау өлеңдерін оқыса, екінші сайыста еркін тақырыпта сыр шертті. Қазылар алқасы сөз саптау, сахна мәдениеті, тіл тазалығы, ұйқас сынды өзіндік ережелер бойынша жеңімпаздарды анықтады. Сайыста І курс студенті Қалижан Еркеназ І дәрежелі дипломмен марапатталса, І курс студенті Жанерке Мерғали ІІ орын, Қанибаева Гүлдәурен ІІІ орынды иеленді.

"Ана үйі" қорындағы қиын жағдайға тап болған жалғызбасты аналарға психологиялық көмек беру жұмыстарын жүргізіп психологиялық тренингтер өткізді. Мақсаты:үлкендерге бала психикасы жөнінде түсінік беру, оны мұқалтпаудың маңызын жеткізу.

«Қыз Жібек» қоғамдық тәрбие институты еріктілер тобы отбасы үлгісіндегі балалар ауылының тәрбиеленушілеріне «Мамандығым мақтанышым» тақырыбында кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізді. Жасақ студенттері өз мамандықтарының ерекшеліктерін айтып, өз мақтаныштарын айтты. Рөлдік ойындар ұйымдастырылып, кәсіби бағдарды анықтауға бағытталған сауалнама жүргізілді. Сонымен қатар, шағын концерттік бағдарлама ұйымдастырылды..

Жастар - болшақ энергиясы

youth futureenergy

МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫ

Frontpage Slideshow | Copyright © 2006-2012 JoomlaWorks Ltd.

СЕРПІН-2050

IT-ПЛАНЕТА

it-planet

ВИРТУАЛДЫ ТУР

БАЙЛАНЫСТА БОЛ