«Рухани жаңғыру» институты туралы

ruhani

2017 жылды сәуір айының 12-сінде сәуірінде қоғамдық өмірде ерекше орын алған Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы жарық көрді. Сол уақыттан бастап Бағдарламаны орындау бойынша қоғамда көлемді және жан-жақты жұмыстар бастау алды.

Осы тұрғыда М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде де жоспарлы және кешенді жұмыстар ұйымдастырылуда. «Рухани жаңғыру» бағдарламасына орай оқу орнымызда арнайы тұжырымдама дайындалып, негізгі бағыттар бойынша жоспарлы жұмыс атқаруға арналған «Жол картасы» қабылданды. Осы бағыттағы жұмыстарды жүйелеп ұйымдастыру мақсатымен 2017 жылдың қыркүйек айында университет жанынан «Рухани жаңғыру» институты ашылды.

Мұндай Жоба бойынша жұмыстың маңызды кезеңі - оның мақсаттары мен маңыздылығын студент жастарға кеңінен түсіндіру. Бұл тұрғыда БҚМУ-да көлемді ақпараттық және ағартушылық қызмет атқарылды. Әр ай сайын университетте арнайы медиа-жоспар дайындалып, медиа-жоспардың орындалуы бойынша тиісті тараптарға тұрақты есеп берілуде. Мысалы осы уақытқа дейін бұқаралық ақпарат құралдарында (БАҚ) университет профессор-оқытушылар құрамы, қызметкерлер, магистранттар және студенттердің қатысуымен 254 мақала, бағдарламалар мен сұхбаттар жарық көрді.

«Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы оқу орны порталының басты бетінде, факультеттер сайтына орналастырылды. Әлеуметтік желілерде Бағдарламаға қатысты арнайы ақпарат пен соған сәйкес атқарылып жатқан жұмыс жөніндегі мәліметтер тұрақты түрде берілуде. Мақаланың негізгі ойлары мен басым бағыттарын іске асыруды көрнекі құралдармен насихаттау мақсатында, университеттің оқу ғимарттарында, акт залдары мен кабинеттерде көрнекі ілінімдері (стенд) әзірленіп, университеттің жаңалықтар топтамалары мен LED – экран арқылы видео және көрнекі ақпараттар жүйелі берілуде. Арнайы «Рухани жаңғыру» мәжіліс залы жабдықталды. Университетте бағдарлама аясында кұрылған Сараптамалық Кеңестің офисы жұмыс жасайды.

Сондай-ақ, бұл қоғамдық Жобаны іске асыру ғылыми-әдістемелік және қолданбалы-тәжірибелік жағынан да қамтамасыз етілуі қажет. Осы бағытта БҚМУ-да көптеген әр деңгейдегі ғылыми-практикалық конференциялар (15), дөңгелек үстелдер (12), семинарлар (3) және тағы басқа ғылыми-әдістемелік шаралар оздырылды. Бұл тұрғыдағы маңызды бағыт ретінде ғылыми-әдістемелік мақалалар жариялап, монографиялар мен оқу құралдарын дайындауды қарастыруымыз қажет. Рухани жаңғыру бағдарламасына қарасты осы есепті кезеңде 100-ге жуық ғылыми-әдістемелік мақала және 19-нан астам монография жарық көрді.

«Рухани жаңғыру» институтының мақсаты – Қазақстан Республика-сының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақалаларындағы негізгі бағыттар бойынша ой таразылап, тарихи сананы жаңғыртудың ірі жобаларынақатысты кешенді жоспарлы жұмыстар жүргізу.

«Рухани жаңғыру» институтының міндеттері:

- студент-жастар ортасында патриотизмді;

- рухани құндылықтарды;

- жеке адами қасиеттерді насихаттау;

- ғылыми, танымдық және тәрбиелік шараларды бағыттау.

 

Мекен-жайы: Достық даңғылы 162 үй, 211 кабинет;

E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Тел: 8 (7112) 51-37-82

 

«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» институты қызметкерлерінің құрамы:

 

kdyrshaev

 

 

Қыдыршаев Абат Сатыбайұлы

 

«Рухани жаңғыру» институтының директоры,

педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Педагогикалық ғылымдар академиясының акедемигі

 

 

 

shaihiev

 

 

Шайхиев Тұрар Төлегенұлы

 

«Рухани жаңғыру» институтының ғылыми қызметкері

 

 

 

 

tanzenov mini

 

 

Танзенов Данял Жұпмағамбетұлы

 

«Рухани жаңғыру» институтының ғылыми қызметкері, тарих магистрі

 

 

 

 

traisova

 

 

Траисова Амина Балуашқызы

 

«Рухани жаңғыру» институтының әдіскері