Мұражай

muzei1

М.Өтемісов атындағы БҚМУ мұражайының меңгерушісі: Есикенова Миньслу Каершақызы

Мекен жайы: Достық даңқылы 162, Бас ғимарат № 1, 112 кабинет

Ұялы телефоны: 87775690944; 87769218425

Мұражайдың 3 филиалы бар:

1. Әскери-тарихи мұражай

2. Археологиялық мұражай

3. Зоологиялық мұражай

Университеттің мұражайы - жоғары оқу орнындағы идеологиялық, оқу-ғылым, ғылыми-ағартушылық құрылым болып табылады. Мұражай идеологиялық жұмыс жүргізуде үлкен маңызға ие, сонымен қатар университет ұжымы мен студент жастарға рухани-эстетикалық тәрбие берудің орталығы болып есептеледі.

Миссиясы: Мұражайда іс-шаралар тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор бекіткен жоспар бойынша жүзеге асырылады. Университет мұражайы тұлғаны жан-жақты тәрбиелеу бағытында жұмыс жасау.

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің мұражай мақсаты: Тарихи құжат материалдар, экспонаттар арқылы жас ұрпаққа, яғни студент жастарға рухани-эстетикалық тәрбие беру, олардың бойларына патриоттық сезім ұялату, мамандығын терең түсіну үшін, кәсіби қызметінде айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізген адамдарды тану және патриоттық сана қалыптастыру үшін университеттің қызметіндегі бай тарихын насихаттау, айқындау, түлектердің жеке тұлға болып қалыптасуына мүмкіндік жасау болып табылады.

Мұражай жеке тұлғаны жан-жақты қалыптастыруда, студент-жастарға рухани-эстетикалық тәрбие беруде бірқатар жұмыстар атқарып, тәрбиелік мәні зор іс-шаралар өткізуде. Университеттің профессор-оқытушылар ұжымымен тығыз байланыс орнатып, олармен бірлесіп жұмыстануда. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың дәстүрлі түрде жыл сайын халыққа Жолдауында патриоттық тәрбиеге ерекше назар бөледі. Университет мұражайында рухани және патриоттық тәрбиені қалыптастыру үшін көптеген кездесу кештерін өткізу жоспарға енгізілген. Бұл кездесулерде студенттер Ұлы Отан соғысы, тыл және еңбек ардагерлерімен кездесіп, олармен сұхбаттасып, өмірлік рухани азық алуда.

Соғыс ардагерлерімен, ардагер-ұстаздармен, мәдениет қайраткерлерімен, білім ордасының түлектерімен жиі-жиі кездесулер ұйымдастырылады.

Мұражайда университеттің 1 курсына қабылданған студенттерге және мектеп оқушыларына мұражайды тамашалауға, оқу орнының тарихымен таныстыру мақсатында, үнемі экскурсиялар өткізіліп тұрады. Мектепті аяқтағалы тұрған оқушылар «Ашық есік» күнінде болашақта өз мамандығы бойынша дұрыс шешім қабылдау үшін, оқу ордасының мүмкіндіктерін мұражай арқылы танып, бағыт-бағдар алады.

Университетке іс-сапармен келген барлық қонақтар мұражаймен және оқу ордамыздың тарихымен танысып, «Қадірлі меймандар» кітабына жылы лебіздерін жазып қалдырады.

Өткізілген шараларға шолу

2018 жылдың қыркүйек – қараша айлары аралығында мұражайда университеттің I курс студенттеріне «БҚМУ тарихымен таныстыру» экскурсиялары өткізді. (қырқүйек, қазан, қараша, 2018 ж.)

Университет түлегі, өнер кандидаты, доцент Г.Г.Гурьевамен 70-жылдығына арналған кездесу ұйымдастырды. (3 қазан, 2018 ж.).

muzei2 muzei3

 

 

 

 

 

 

 

Ақын-айтыскерлер, университет түлектері Т.Мықи және О.Меңдікұловалармен кездесу кешін ұйымдастырды (19 қараша, 2018 ж.).

Университеттің I курс студенттерін студенттер қатарына қабылдау кешінде көрме ұйымдастырды. (12,13 қазан, 2018 ж.). «БҚМУ жұлдызы- 2018»-кешінде көрме ұйымдастырды (13.12.2018 ж.). Тәуелсіздік күніне көрме ұйымдастырды. (14.12.2018 ж.)

Демалыс кезінде қала мектептері оқушыларына экскурсия өткізілді. ( 25-26 қазан, 2018 ж.).

Құбашев Темірболат Құбашұлы - 80 жылдығына ғылыми кітапханамен бірге көрме ұйымдастырды. (03.01.2019 ж.).

muzei4

muzei5

muzei6

 

 

 

 

 

 

 

 

Мұражайдағы стендтерді жаңарту (жыл бойы).

Университеттеке іс-сапармен келген қонақтарға әрдайым мұражайда экскурсиялар өткізіледі (жыл бойы).

 

МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫ

Frontpage Slideshow | Copyright © 2006-2012 JoomlaWorks Ltd.

ВИРТУАЛДЫ ТУР

БАЙЛАНЫСТА БОЛ