«Ақжайық» спортклубы

Жетекші: Абдрахманов Ибраим Саматұлы

Мекен - жайы: Короленко көшесі, 22

Телефон: 8 (7112) 50-31-96

Миссиясы: Жоғары білім беру саласындағы халықаралық стандарттарға сәйкес университеттегі спорт түрлерінің сапалық деңгейін көтеру.

Міндеттері:

- спорттық сауықтыру, салауатты өмір салтын насихаттайтын әртүрлі жарыстар, спорттық кездесулер ұйымдастыру;

- қала, облыс, республика және әлемдік деңгейдегі спорттық жарыстарға қатысатын университеттің студент жастарын даярлау.

Қызмет бағыты:

- болашақ маманның денсаулығын дұрыс қалыптастыру;

- еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетті, ізгі-адамгершілігі мол, дені сау, интеллектуалдық және шығармашылық тұрғыда дамыған, тұтас тұлғаны қалыптастыру;

- жастарды халықтар достастығы мен қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу;

- студенттердің спорттық мәдениетін қалыптастыру.

2017 жылдың қараша 10-19 күндері аралығында Алматы қаласында Ұлттық студенттер лигасының «Көктем-Күз 2017» футзалдан маусымдық турнирінің финалдық кезеңі өткізілді. М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің футзалдан құрама командасы қатысты. Олар: Жарылгасов Мирад Русланович – педагогика факультеті, «дене шынықтыру және спорт» мамандығының 05405 топ студенті, Ахметов Кайрат Орынгалиевич – тарих, эконимика және құқық факультеті, «қаржы» мамандығының Ф-22 топ студенті, Жумабаев Турекельды Галимжанулы - педагогика факультеті, «дене шынықтыру және спорт» мамандығының 05405 топ студенті, Куанышев Темирлан Жақсыбайұлы – тарих, экономика және құқық фаукльтеті, «құқықтану» мамандығы 08402 топ студенті, Залмуканов Дархан Темирканович - педагогика факультеті, «дене шынықтыру және спорт» мамандығының 05403 топ студенті, Орнал Әлі Қуанұлы - педагогика факультеті «дене шынықтыру және спорт» мамандығының ФКС-21 топ студенті, Тарахтей Алексей Валерьевич - педагогика факультеті, «дене шынықтыру және спорт» мамандығының ФКС-22 топ студенті, Тапалов Еркін - педагогика факультеті, «дене шынықтыру және спорт» мамандығының 1 курс магистранты, Кусбеков Жамбыл Сисембиевич - педагогика факультеті, «дене шынықтыру және спорт» мамандығының 1 курс магистранты,Есімғалиев Асылбек Маратұлы - педагогика факультеті, «дене шынықтыру және спорт» мамандығының ФКС-25 топ студенті, Жаурбек Мирлан Мырзабекулы - тарих, эконимика және құқық факультеті, «қаржы» мамандығының ИСТ-12 топ студенті, Досжанов Нұрқанат Талғатұлы педагогика факультеті, «бастапқы әскери дайындық» мамандығының 05401 топ студенті,Култаев Арстан Алексеевич - педагогика факультеті, «дене шынықтыру және спорт» мамандығының 1 курс магистранты. Құрама жаттықтырушысы Абдрахманов Ибраим Саматович –Спорт клубының жетекшісі. Аталмаш жарыстың ашылу салтанаты 11 қараша күні Алматы Аренада өткізілді. ҚР Білім және Ғылым министрі Сагадиев Ерлан Кенжегалиұлы ашылу салтанатына қатысып, Ұлттық студенттер лигасының қатысушыларына өз құттықтауын жеткізді. Футзалдан студенттер лигасында ЖОО командаларынан 26 команда қатысты. БҚМУ командасы D тобында өнер көрсетіп, өз тобынан 1/8 финалдық кезеңіне жолдама алды.

М.Өтемісов атындағы БҚМУ құрама командасы

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде қаңтар айының 15-19 аралығында Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының 20 жылдығына арналған М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері арасында дәстүрлі 61 - «Денсаулық» спартакиадасы өтті. Осымен бірнеше жыл қатарынан ұйымдастырылып отырған дәстүрлі жарысқа оқу орнының профессор-оқытушылары мен қызметкерлері қатысты.Университетімізде оқу жылының жемісті де, нәтижелі І жартысы аяқталып, келесі оқу кезеңінде өтетін еліміздегі атаулы шараларға асқан күш-жігермен қаруланып, профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын ұстану мақсатында ұйымдастырылып отырған бұл шараға спорттың шағын эстафеталар жарысы, арқан тарту, дойбы, волейбол, дартс, шахмат, үстел теннисі және шағын футбол сияқты спорттың сегіз түрінен өтетін бәсекеге 9 команда қатысты. Атап айтқанда, жарыс кезеңдерінде факультеттер мен құрылымдық бөлімдердің ұжымынан құралған командалар бақтары мен баптарын сынады. ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев алға қойған халықтың 30 пайызын спортпен шұғылдануға тарту туралы міндет бары баршамызға белгілі, тап осы мақсат үшін осындай бұқаралық спорттық шараларды мүмкіндігінше жиірек өткізген абзал-деді БҚМУ спорт клубы директоры И.С.Абдрахманов.Үш күнге созылған спартакиада өте тартысты өтті. Естеріңзге сала кетсек, биыл 61-рет ұйымдастырылып отырған дәстүрлі «Денсаулық» спартакиадасына университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері қатысып, бар ынта-жігерін ортаға салып, керемет ойын көрсеткен болатын. Еліміздегі дене шынықтыру мен спортты дамытуға арналған бағдарламасын іске асыру, дене тәрбиесінен өтетін күнделікті жаттығуларға қызметкерлерді тарту, қызметкерлерді салауатты өмір салтына ынталандыру, спорт пен бұқаралық іс-шараларды ұжымда насихаттау – спартакиаданың негізгі мақсаты болса, БҚМУ университеті сол үдеден шыға білді. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демекші, сайыс болған соң жеңімпаз шығуы заңды құбылыс. Оқу ордасындағы алты факультет, әкімшілік бөлімі, ақпараттық технологиялар және шаруашылық бөлімдерінен құралған сайдың тасындай іріктеліп шыққан 9 команда шебер ойын көрсетті. Жүлделі III орынға Мәдениет және өнер факультеті табан тіресе, II орынды Физика және математика факультеті иеленді. Ал, барлық ойын түрінен үнемі оқ бойы озық тұрған Университет әкімшілік құрамасы I орынды қанжығасына байлап, ректор кубогын жеңіп алды.Сондай-ақ, «белсенді ұйымдастырушы», «белсенді декан», «жеңіске деген жігері үшін» және әр командадан «ең үздік спортшы» анықталып, қосымша жүлделер тағайындалып, мықты ойыншылар марапатталды. Жалпы саны 300 қызметкерлер мен ұстаздардан құралған спартакиадада жеңіс үшін жанын салып, бақ сынасты. «Біреудің бағы шапты, біреудің бабы шапты».Кезекті 61-ші рет өткізіліп жатқан дәстүрлі «Денсаулық» спартакиадасының мақсаты – дене тәрбиесінен өтетін күнделікті жаттығуларға қызметкерлерді тарту, оларды салауатты өмір салтына ынталандыру, спорт пен бұқаралық іс-шараларды ұжымда насихаттау болып табылады. Қашанда «спорт – денсаулық кепілі».

Фото авторы: Рафхат ХАЛЕЛОВ

 

"STUD ENERGY" спартакиадасын өткізу ережесі

Жастар - болшақ энергиясы

youth futureenergy

МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫ

Frontpage Slideshow | Copyright © 2006-2012 JoomlaWorks Ltd.

СЕРПІН-2050

IT-ПЛАНЕТА

it-planet

ВИРТУАЛДЫ ТУР

БАЙЛАНЫСТА БОЛ