Жастар бірлестіктердің ұйымдасқан жұмысы

 {tab=Ұйымдастырылған жұмысы} 

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетіндегі жастар бірлестіктердің ұйымдасқан жұмысы

 

Қазіргі таңдағы жоғары білім жүйесі университетте  авторитарлық педагогикадан тұлғалы бағдарлы педагогикаға деңгейіне бағытталды. Бүгінгі қоғамның демократиялануының нәтижесінд  отансүйгіш азаматтардың корпоративтік рухын қалыптастыратын қоғамдық бірлестіктердің саны артуда.   Қазақстанның 2020 жылға дейінгі жастар мемлекеттік саясатының тұжырымдамасымен «Қазақстан-2020: Болашаққа жол» бағдарламасы қазақ жастарының заманауи бейнесін айқындап берді. Ол отансүйгіш, білімді,  дені сау, жауапкершілігі мол және қуатты, экономиканың қай саласында да беделді қызмет атқаратын, үш тілді еркін меңгерген, қазақы салт- дәстүрмен тәрбиеленген, толерантты, ізденімпаз әрі танымал, құрметті тұлға. Осыған байланысты  университетімізде түрлі клубтары, жастар бірлестіктері, еріктілер  қозғалысы жұмыс атқарады. Университетімізде : студенттік өзін -өзі басқару ұйымы, студенттік кәсіподақ, жастар ұйымы «Ақиқат» дебат орталығы,  «Жас экономист» ЖҚБ, Қазақстан студенттер Альянсы, Жасыл ел, СҚЖ  белсенді түрде қызмет етіп келеді.

 

 2 1

 {tab=Студенттік өзін-өзі басқару ұйымы} 

Студенттік өзін-өзі басқару ұйымы

2 2 2 3 2 4 

 

 

 

 

 

 

 әр түрлі жағдайда университетіміздегі саналы тұлғаның қалыптасуына деген ең үздік құрал.  Ол студенттік  еркіндіктің  механизімі, азаматтық және әлеуметтік белсенділіктің қалыптасуы, жан жақты жетілудің, көшбасшылықтың негізі. Заманауи жұмыс беруші дәл осындай үлгідегі азаматтарды қабылдағысы келері анық. Көшбасшылар мектебінің  мүшелері менеджерлік жұмыстың  тәжірибесін алады. Университетімізде он жылдан бері жалғасып келе жатырған үрдіс болашақта ең үздік, отансүйгіш, жауапкершілігі мол, тұлға қалыптастырып келеді. Студенттік өзін-өзі басқару құрлымы студенттік ректор мен студенттік декандардан тұрады. Студенттік ректор ортасына сыйлы, жауапкершілігімен өзін дәлелдей білген үздік студент таңдалады. Студенттік ректорат жылдық жоспар бойынша студент жастардың санасына саяси сауаттылық мәні бар шараларды ұйымдастырады. Университетіміздегі іс- шаралардың барлығында да студенттік өзін-өзі басқару ұйымының мүшесі айтарлықтай қызмет атқарады. Он жылдың ішінде жүздеген түлек түлеп ұшып ұйымдастырушы менеджер қызметінде тек облыс көлемінде емес, басқада аймақтарда жұмыс атқарып жатыр

  

 

 

 

 {tab=«Ақиқат» пікір-талас орталығы} 

М.К.Сүлейменов жетекшілік ететін «Ақиқат» жастар қоғамдық  пікір-талас бірлестігі

2 6 2 7 2 8

 

 

 

 

 

 

 

 

бүгінгі таңдағы оқушылар мен студенттердің бір арнаға тоғыстырған диаглогтік алаң болып табылады. Талқыланатын тақырыптар бүгінгі де маңызды, студент жастар арасында қызығушылық туғызады. Ақиқаттықтар «Қазіргі Қазақстан жастарының алдағы мақсаты қандай?», «Қазақстан 2050» бағдарламасына жастардың қосар үлесі қаншалықты?», «Дін және жастар» сияқты сұрақтарға жауап іздейді. «Ақиқат» пікір-талас орталығы қазіргі таңда облыстағы жоғары, арнаулы оқу орындары мен қатар мектептермен белсенді түрде бірлесе жұмыстар атқарып жүр. «Ақиқат» пікір-талас орталығының жүргізген зерттеуі бойынша дәл осындай үлгідегі жұмыс студент жастардың ойлау қабілетін арттырады, ұтымды және шешен сөйлеу дағдысын қалыптастырады. 

 {tab=«Жас  экономист» ЖҚБ} 

«Жас экономист» жастар қауымдастық  бірлестігі жастардың бойындағы табыскерлік қабілетін арттыруды көздейді. Жастар қауымдастығы жастардың бизнес саласында жетілуге бағытталған тренингтер, түрлі іс-шаралар өткізіп отырады. Қаладағы қаржы орталықтарымен тікелей байланыс жасап, жастардың бизнес жоспарларының жүзеге асуына жағдай туғызады. Олар Startap облыстық байқауына қатысуға мүмкіндік береді. «Жас экономист» ұйымын университетіміздің ІҮ курс студенті Н.Орашев басқарады. 

2 5 2 9

 

 

 

{tab= «Қазақстан студенттер Альянсы»}

«Қазақстан студенттер Альянсы» жастар ұйымы. Оқу жылының басында студенттермен өткен жылдың қорытынды есебін талқылайды. Қалалық студенттер Альянсының белсенділері қатарына университет факультеттерінің студенттері мүшелігіне кіреді. Университетіміздегі студенттер Альянсы ұйымын «құқықтану» мамандығының ІІІ курс студенті С.Нұрғалиев басқарады. Альянс белсенділері студенттердің құқықтары мен міндеттерін түсіндіру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға атсалысады, арнаулы оқу орындары мен жоғары оқу орындарының жатақхана студенттеріне арналған әлеуметтік жағдайларын қадағалап, сапалы білім беруді қамтамасыз ету,  студенттердің әлеуметтік жағдайын арттыру  тақырыбында сауалнама жүргізеді, емтихан-сессия кезінде жемқорлықты алдын-алу комиссиясының құрамында «Таза сессия» акциясын жүзеге асыруға өздерінің үлестерін қосады.  Альянс белсенділері - студенттердің жеке тұлғаның қалыптасуға бағытталған тренингтерге қатысады, рухани-адамгершілік және интеллектуалдық дамуына арналған  жастармен түрлі тақырыптық байқаулар, спорттық жарыстар  өткізеді.

2 10    2 11    

 

{tab=«Жас Отан»}

Университетіміздегі «Жас Отан» Жастар қанаты 

2 12 2 13

 

 

               

 

 

 

 

қалалық, облыстық штабтармен байланыс жасайды. Студенттер іс шараларға белсенділікпен қатынасады. Олардың қатарында  қалалық, облыстық, республикалық дәрежеде  өтетін түрлі сайыстар, байқаулар, спорттық шаралар атап айтуға болады. «Жас Отан» Жастар қанаты ұйымдастырып отыратын акциялар қатарына соғыс ардагерлері мен тылда еңбек еткен ардагерлерге  көмек көрсету, қаланы абаттандыру, балалар үйі және қарттар үйінде көмек кқрсету жұмыстарын атқару студент жастар арасында маңызды орын алады. Университет студенттері «кадрлық резерві», «Жастар тәжірибесі», «Дипломмен ауылға» жастар бағдарламасын насихаттауға белсене  қатысады. Кейбір студенттер тікелей осы бағдарламаларды іске асыруға қатысты. Осы жылы қыркүйек айында облыстық байқаудың қорытындысы бойынша «шет тілі:екі шет тілі» мамандығының ІІ курс студенті  З.Ықсанова Астана қаласында «Жас Отан» ұлттық штаб-пәтерінде «Жастар кадрлық резерві» бағдарламасы бойынша оқып, Жастар саясаты департаменті ҚР БҒМ машықтанудан өтті. «Жас Отан» жастар қанатының белсенділері екі бірдей республикалық ғылыми экспедиция құрамында болды. Олар өр рухты қазақ батырлары М.Өтемісұлы мен И.Тайманұлының  сүйегі жерленген орындар болды.  Жастар қауымдастығының ең айтулы іс шараларының қатарында ҚР рәміздері күніне арналған патриоттық форумы. Жыл бойы, студенттер өздерінің қоғамдағы рөлін ұғыну барысындағы  науқандарға белсенді қатысады. Олар:  «Мен жастарға  сенемін», «Менің елім-Қазақстан», «Өз ағашыңды ек» т.б.

Университет кафедралары мен деканат жанынан ашылған үйірмелер, ғылыми қауымдастықтар, шығармашылық  орталықтар мен клубтарда студенттерге өз қабілетерін арттыру мақсатында ауқымды мүмкіндік берілген. атауы төмендегі кесте көрсетілген. Сабақтан бос уақытында студенттер осы үйірмелерде айналысады. Үйірмелер мен ғылыми қауымдастықтардың тізбесі төменде кестеде көрсетілген.

Кестені жүктеу

Осылайша университеттегі жастардың ұйымдары мен шаралары талапқа сай түлекті қалыптастыруға бағытталған.  Біз үкіметтік емес ұйымдардың жұмысына студенттердің қатысуы, олардың болашақ кәсіби қызметінде мамандандырылған деңгейде  жақсы көмек болып табылады деп санаймыз. Университетте үкіметтік емес ұйымдар, тәжірибе көрсеткендей,   университеттің рейтингінің өсуіне  оң әсер етеді.  

 {/tabs}

 

МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫ

Frontpage Slideshow | Copyright © 2006-2012 JoomlaWorks Ltd.

СЕРПІН-2050

ВИРТУАЛДЫ ТУР

БАЙЛАНЫСТА БОЛ