Жатақхана

М. Өтемісов атындағы БҚМУ студенттеріне арналған жатахана

zhatahana 10Университетте білім алушы  студенттер саны жылдан - жылға артып келеді. Бүгінгі таңда университет жатақханасы заман талабына сай жабдықталған: жарық бөлме, ыңғайлы ас үй, демалыс бөлмесі, оқу залы, жаңа техникамен жабдықталған кір жуу бөлмесі және тренаржерлер орналасқан спорт бұрышымен қамтылған.  

Студент университетінің ілгеріленуіне өз үлесін қосу үшін игі істерге бастама болу мақсатында, әр білім алушыға эстетикалық тұрғыдан септігін тигізетін студенттер үйінің безендірілуіне үлкен көңіл бөлінеді. Студенттік үйлердің холлдарында орналасқан стендтерге студенттер күнделікті өмірде назар аударып, олардың елімізде, университетімізде болып жатқан оқиғалардан хабардар болуына мүмкіндік береді.

Университеттің сәтті жұмыс жасап, дамуында студенттердің достық қатынастағы ұжымы үлкен үлес қосып отыр. 

 

Сабаққа қатысу, гранттар және жатақхананы бөлу туралы ақпарат

 

Тамыз айының 28 күні университеттің барлық жатақханаларында тұратын   студенттермен кездесу өткізілді. Студенттерге университет тарихымен таныстыратын бейне фильм көрсетілді. Кездесуде студенттердің ар-намыс кодексі, жатақханада тұру ережесімен таныстырылды. Студенттік өзін-өзі басқару ұйымының белсенділері студенттік ректор Жүсіпқалиев Дулат бастаған команда университеттің белсенді өмірімен, университеттегі ұйымдармен, спорттық секциялармен, үйірмелермен таныстырды

 1 2 1 3

 

 

 

 

 

М.Өтемісов атындағы БҚМУ Бас ғимаратының акт залында жатақхана студенттеріне тәрбиелік мәні зор "ДОРОГА ДОМОЙ", «ҚҰНАНБАЙ» атты отандық көркем фильмдері көрсетілген болатын. 

1 4 1 5 1 6

 

 

 

 

М.Өтемісов атындағы БҚМУ №1,2 жатақхана студенттеріне арнап « ГИТАРА PARTY» ұйымдастырылған болатын. Студент-жастар танымал әншілердің көптеген әндерін жоғары деңгейде орындап, ауылдағы ата-анаға, өзге қаладағы өздері секілді студент достарына да арналған әндерді сағынышпен шырқады. 2,3-курс студенттері 1-курс студенттеріне естен кетпес қызықты кеш сыйлады. 

1 7 1 8

 

 

 

 

  

Университеттің жатақхана  студенттері үшін қыркүйек айының 19 күні ерекше пайдалы кеңестерге толы күн болды. Себебі, бас ғимаратының акт залында салауатты өмір салтын ұстану мақсатында "Есірткісіз жарқын болашақ!" атты семинар-треннинг өткізілді. Бұл жиналысқа БҚО Ішкі саясат басқармасының маманы Құрманиязова Гүлден Талапқызы, БҚО жастар ресурстық орталығы бөлім басшысы Уәлиахмет Данияр Аманқосұлы, БҚО Ішкі істер департаменті "Есірткіге қарсы" бөлімше басшысы Жәнібек Берік Аманғалиұлы, "БҚО жастар қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы Сатыбалдиев Мерке Биғалиұлы сынды облысымызға белгілі тұлғалар қонаққа шақырылды. Бұл қонақтар өз баяндамаларында елбасымыздың "Қазақстан 2050" жолдауында көрсетілген өзекті мәселелердің бірі "Салауатты өмір сүру, оны насихаттау" мəселелерін алға тарта отырып, жалынды жастарды зиянды əдеттерден аулақ болып, нағыз білімді, сұранысқа ие маман болуға шақырды.

1 9 1 10

 

 

 

 

 

№2 жатақхана 6 қабат студенттері арасында "Палау Party" атты қызықты шара өткізіліп, арқаны кеңге салған жатақхана студенттері дүйсенбі күнін қызу қарқынмен бастады. Олай дейтін себебіміз, университетіміздің бас ғимараты 314 аудиторияда тәрбие бөлімінің психологі  - Тапаева Жанерке Таулбайқызы қызықты психологиялық тренингтер өткізген болатын. Тренингтің жалғасы серігу сәттерімен жалғасын тапса, кешке студенттер арасында "Палау Party" атты  сайыс өткен болатын. 

1 11 1 12 1 13 1 14

 

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазан айының 18-нен бастап 1 ай бойы жатақхана студенттері арасында "Жатақхана кубогі" атты спартакиадасы спорттың: шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, волейбол, баскетбол және шағын футбол ойындары бойынша оздырылды.

1 15 1 16 1 17 1 18

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№1 студенттер үйі

 

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің № 1 студенттер үйі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№1 Жатақхана кеңесінің құрамы:

Бекболат Айым – төрайым;

Балжигитова Даянна – кеңес мүшесі;

Хамитова Дария – кеңес мүшесі;

 Нұрланова Жамила – кеңес  мүшесі;

 

Тәжік Айдана – кеңес мүшесі.

 

№2 студенттер үйі

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің № 2 студенттер үйі

 

 

 

 

 

 

 

  

 

 

№ 2 Жатақхана кеңесінің құрамы:

Алтыбайқызы Мөлдір – төрайым;

Бекмағанбет Айғаным – кеңес мүшесі;

Нуриева Айнұр – кеңес мүшесі;

Марат Перизат – кеңес мүшесі;

Алхабек Жансая – кеңес мүшесі;

Тайырова Динара – кеңес мүшесі;

Төлен Айгерім – кеңес мүшесі;

Асқарова Айдана – кеңес мүшесі;

 

Серікбаева Аруна – кеңес мүшесі.

 

 

№3 студенттер үйі

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің № 3 студенттер үйі

 

 

   

 

 

 

 

№ 3 Жатақхана кеңесінің құрамы:

Ташбаева Әйгерім – төрайым;

Сералиева Мөлдір – кеңес мүшесі;

Сатыбалды Айымгүл – кеңес мүшесі;

 

Төреханова Салтанат – кеңес мүшесі.

 

МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫ

Frontpage Slideshow | Copyright © 2006-2012 JoomlaWorks Ltd.

СЕРПІН-2050

  • edu2050

IT-ПЛАНЕТА

it-planet

ВИРТУАЛДЫ ТУР

БАЙЛАНЫСТА БОЛ