Медициналық бөлімше

Дәрігерлік бөлімше.

 

Дәрігерлік бөлімше 1 санатты дәрігері: Бигельдиева В.Т.

med1 2

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ем шара жасайтын медбике: Макулова Г.К.

med2 2

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Медбике: Сайфуллина А.К.

med3

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мекен-жайы: Дәрігерлік бөлімше университет маңында орналасқан №2 жатақхананың 1-ші қабатында: Достық даңғылы 162

Телефон: 8 705 573 16 62

Медициналық қызмет көрсету уақыты: Сенбі мен жексенбіден басқа, күн сайын 9.00-дан 18.30-га дейін, түскі үзіліс 13.00 – 14.30 дейін

Дәрігерлік бөлімше университеттің құрылымдық бөлімі болып табылады, және берілген лицензия, белгіленген нормативті құжаттар бойынша медициналық қызмет жүргізіледі:

-Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құжат;

- Университеттің нормативті құжаттары;

-Халыққа денсаулық сақтау саласындағы денсаулық сақтау ұйымдары туралы нормативті құжаттар;

- Университет Жарғысы мен ішкі ережелері.

Дәрігерлік бөлімшенің міндеттері мен функциялары.

Дәрігерлік бөлімшенің басты мақсаты студенттері мен университет қызметкерлеріне алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету болып табылады.

Аурудың алдын алу шаралары, мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес дәрігерлік бөлімше қамтамасыз етеді:

- алғашқы көмек, жарақаттанған сәттегі алғашқы көмек, жедел ауруларда, улану кезінде жәрдем беру;

- аурудың алдын алуға байланысты іс-шараларын жүзеге асыру;

- терапиялық көмек көрсету;

- медициналық құжаттарды жинақтау арқылы есеп жасау;

- гигиеналық білім мен салауатты өмір салтын насихаттау.

Дәрігерлік бөлімше қызметінің ұйымдастырылуы.

Алғашқы дәрігерлік көмек және аурудың алдын ала шараларын жүргізу үшін дәрігерлік бөлімшеде төменде аталған кабинеттермен қамтамасыз етілген:

-ауруларды қабылдайтын және алғашқы көмек көрсету кабинеті

-ем шара қабылдайтын кабинеті

-екпе қабылдайтын кабинеті

Медициналық қызмет көрсетуге қажетті медициналық мақсаттағы бұйымдар мен жабдықтарды, сондай-ақ алғашқы медициналық көмек үшін дәрі-дәрмектер жиынтығымен жабдықталған.

Денсаулық орталығы жұмыс режимі белгіленіп, әкімшілікпен бекітіледі. Сенбі мен жексенбіден басқа, күн сайын 9.00-дан 18.30-га дейін, түскі үзіліс 13.00 – 14.30 дейін медициналық қызмет көрсетеді.

Дәрігерлік бөлімше туралы ережесі

І ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1. Дәрігерлік бөлімше университеттің құрылымдық бөлімі болып табылады

2. Дәрігерлік бөлімше белгіленген номативті құжаттар бойынша медициналық қызмет көрсетеді:

-Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құжат;

- Университеттің нормативті құжаттары;

- Халыққа денсаулық сақтау саласындағы денсаулық сақтау ұйымдары туралы нормативті құжаттар;

- Университет Жарғысы мен ішкі ережелері;

- Ректордың, бірінші проректордың, тәрбие жұмысы және әлеументтік мәселелер жөніндегі проректорының негіздемелерімен;

- Арнайы ережемен.

3. Дәрігерлік бөлімше жұмысы тәрбие жұмысы және әлеументтік мәселелер жөніндегі проректор арқылы жүзеге асырылады.

4. Университеттің ректоры медициналық нысанның құрылымы мен штат санын қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітеді. Медициналық орталық туралы ереже мақсаттарына өзгерістер, міндеттер мен функциялар, құқықтары, медициналық орталыққа жүктелген міндеттеріне сәйкес өзгертіледі және түзетіледі.

5. Медициналық қызмет көрсетуге қажетті кеңсе тауарларын, медициналық құрал-жабдықтарымен, дәрі-дәрмектермен басқа да материалдық және техникалық құралдарды қамтамасыз етеді.

II ДӘРІГЕРЛІК БӨЛІМШЕНІҢ НЕГІЗГІ МАҚСАТТАРЫ

1. Дәрігерлік бөлімшенің негізгі мақсаты университет қызметкерлерінің сапалы денсаулық сақтау жұмысын іске асыру болып табылады, күндізгі студенттер мен сырттай оқу процесі кезінде , университеттің білім беру бөлімінің ережелерiне сәйкес және сессия барысында қызмет көрсету.

2. Дәрігерлік бөлімшенің негізгі мақсатына қол жеткізу үшін:

-бастапқы медициналық көмек көрсету;

- дәрігерлік бөлімшедегі қолданыстағы дәрі-дәрмектің барына байланысты алғашқы көмек;

- науқасты қалалық, облыстық ауруханаларға оториноларингология, офтальмология, гинекология, хирургия салаларына жіберу;

- салауатты өмір салтын насихаттау.

III ДӘРІГЕРЛІК БӨЛІМШЕНІҢ НЕГІЗГІ СИПАТТАМАЛАРЫ

1. Алғашқы дәрігерлік көмек көрсету.

2. Дәрілік қолданыстағы бар дәрі дәрмектер бойынша төтенше көмек көрсету.

3. Қызметкерлерді, жоғары оқу орындарының студенттерін консультативтік қабылдау.

4.Назарға осы саладағы мен мамандар болуын ескере отырып қолда бар жабдықтар мен амбулаториялық емдеу сәйкес жабдықтардың диагностикасын іске асыру.

5. Сондай-ақ шақыру бойынша (академиялық ғимараттар, жатақханаларда), спорттық және университетте өткізетін өзгеде шараларда медициналық көмек көрсету.

6. Қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы қолданыстағы заңдар мен ережелерге сәйкес студенттердің жыл сайынғы медициналық тексерулер ұйымдастыру.

7. Созылмалы аурулы студенттерді есепке алып және оларды оңалту, қадағалау.

8. Салауатты өмір салтын насихаттау және іске асыру (шығарылым, ақпараттық стендтерді тұрақты жаңарту, дәрістер).

9.Қоғамдық иммундау іс-шараларға қатысу.

10.Университеттін жатақханалардың, буфеттердің, ғимараттардың санитарлы- гигиеналы жағдайларын бақылау.

IV ЖОСПАРЛАУ ПЕН ЕСЕПТІЛІК ТӘРТІБІ

1. Стратегиялық және жедел жоспарлауды тәрбие жұмысы және әлеументтік мәселелер жөніндегі проректоры басшылығымен орындалады. Күнтізбелік жоспарға түзетулерді енгізіліп оқу жылына арналған жоспарлар қалыптасады.

2. Қазақстанда білім беру жүйесін дамыту мақсатында жасалған жоспарлар, ректорат шешімдеріменденсаулық сақтау органдары реттейді.

3. Жұмыс жоспарларды дәрігерлік бөлімшенің дәрігері әзірлеп, тәрбие жұмысы және әлеументтік жөніндегі проректор бекітеді.

4. Дәрігерлік бөлімшенің жылдық есебі оқу жылының аяқталуына байланысты еңгізілген жұмыс жоспары бойынша қорытындалады.

V ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

1. Дәрігерлік бөлімшенің дәрігерінің құқығы:

университеттің құрылымдық бөлімшелеріне , міндеттері мен функцияларын жүзеге асыру үшін дәрігерлік бөлімшенің қажетті ақпаратты және материалдарды алуға;

дәрігерлік бөлімшенің құзыретіне байланысты шешімдер қабылдауға;

денсаулық сақтау құзыретіне қарай университеттің басшылығына ұсыныстар тастауға.

2. Медициналық мекеменің қызметкерлері құқықтары қолданыстағы заңнамамен реттеледі.

3. Медициналық міндеттері әрбір қызметкердің лауазымдық міндеттеріне сай жеке анықталады.

VI ДӘРІГЕРЛІК БӨЛІМШЕНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

1. Дәрігерлік бөлімшенің құрамы:

-дәрігер;

-медбике;

-ем шара медбикесі;

2. Дәрігерлік бөлімше бірігіп жұмыстанады:

-оқу әдістемелік қызмет , кафедралар , факультеттер;

-канцелярия;

-сыртқы медицина саласында қызмет көрсететін ұйымдар.

VII ДӘРІГЕРЛІК ПУНКТ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ

1. Дәрігерлік бөлімше студенттерге жылдық жоспары негізінде жұмыс істейді.

2. Жұмыс уақыты университет әкімшілігімен келісім бойынша белгіленеді

3. Дәрігерлік бөлімше білікті дәрігер- терапевт және медбикелермен жасақталған. Дәрігерлік қызметкерлер белгіленген үлгідегі құжатпен расталып, оқытылуы тиіс.

4. Университет басшылығы оқу орындарының дәрігерлік бөлімшені санитарлық-гигиеналық талаптарға сай келетін және оның жөндеу, тазалау, жылу, жарық және басқа да қоғамдық қызмет көрсетуді ұйымдастырады.

5 . Дәрігерлік бөлімшенің белгіленген оқу орнының дәрігерлік мекемеге арналған жабдықтар мен құралдар үлгілі тізбесіне сәйкес қажетті жабдықтар мен құралдарымен қамтамасыз етіледі.

6. Медициналық пункт, оның атауы бұрышында және мекеменің атауы бар мөрмен куәландырылады.

7.Дәрігерлік бөлімше әр уақытта есеп жүргізіп отырады.

МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫ

Frontpage Slideshow | Copyright © 2006-2012 JoomlaWorks Ltd.

ВИРТУАЛДЫ ТУР

БАЙЛАНЫСТА БОЛ