Ғылым және халықаралық байланыстар бөлімі

imashev

Ғылым және халықаралық байланыстар бөлімі жетекшісі: 6D060900 – География мамандығы бойынша философия докторы (PhD) Имашев Эдуард Жүсіпұлы

 

Бөлім өз қызметін жоспарлау, ұйымдастыру саласында, ғылыми, ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау және нәтижелерін іске асыру, соның ішінде университеттің халықаралық қызметін жүзеге асырады.

Бөлімнің мақсаты университеттің ғылыми, инновациялық және халықаралық қызметін ұйымдастыру болып табылады.

 

Бөлімнің негізгі міндеттері:

1. Қазақстан Республикасының өндірістік кәсіпорындары мен ғылыми зерттеу ұйымдарымен, халықаралық қорлармен және ғылым мен білімді қолдаушы ұйымдармен басқа университеттермен қарым-қатынас ұйымдастыру;

2. Халықаралық және республикалық байқауларға ғылыми жобаларды жіберу мен дайындық жұмыстарын ұйымдастыру;

3. Университеттің ғылыми-зерттеу жобаларының байқауларын ұйымдастыру, сондай-ақ қаржыландыруға келісілген ғылыми жобаларды жүзеге асыруға жәрдемдесу;

4. Экология және биогеохимия сынақ зертханасының, археология, этнология және антропология ғылыми-зерттеу зертханасының, табиғи мұраларды зерттеу зертханасының, геоботаника және биоәртүрлілікті бақылау, жас ғалымдар кеңесі, студенттік ғылыми қоғам және студенттік ғылыми үйірмелер жұмысын үйлестіру;

5. «БҚМУ Хабаршысы» ғылыми журналының редакциялық алқасының жұмысын ұйымдастыру мен ғылыми мақалалар жинақтау;

6. Университеттің ҒЗЖ, СҒЗЖ бойынша ғылыми орталықтарының, факультеттердің, кафедралардың жұмысын топтастыру мен талдау;

7. Университеттің ғылыми көрсеткіштерін тарату мен насихаттау бойынша шаралар ұйымдастыру (көрме, конференция, дөңгелек үстел, семинарлар, жинақтар);

8. Халықаралық ынтымақтастық аясында шет ел жоғары оқу орындарымен, ұйымдарымен келісімшарт, меморандум, ынтымақтастық туралы хаттама жобаларын дайындау, оларды заңды түрде рәсімдеу, келісімшарттардың уақытылы ұзартылуы және т.б.

 

Телефон: 8 (7112) 26 - 03 – 68

E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.