Ғылыми кітапхана

{tab=Мақсаттар}Директор: Алимбекерова Тоты Еркінқызы

Мекен-жай: Орал қаласы, Достық даңғылы 162

Телефон: 8 (7112) 51-29-88

E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Ғылыми кітапхана сайты: http://library.wksu.kz/

Жалпы мағлұмат:

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің Ғылыми кітапханасы 1932 жылы ашылған, Қазақстан Республикасындағы жоғары оқу орындары ішіндегі ең байырғы кітапхана. Тарихы сол кездегі Орал педагогикалық институтының құрылуымен тұспа-тұс келеді. Кітапхананың кітап қорының құрылуына Орынбор реальдық училищесі кітапханасының сыйға берген кітаптары негіз болды.

Ғылыми кітапхананың «сирек кітап»- қорында XVIII-XIX ғасырда басылып шыққан кітап дүниесіндегі алтын қор болып есептелетін 2600 дана сирек кездесетін басылымдар энциклопедиялар, сөздіктер, анықтамалықтар, т.б. бар. Құнды басылымдардың бірі ретінде - 73 томдық ағайынды Гранат баспагерлерінің энциклопедиялық сөздігі, Л. Магницкийдің «Арифметикасы», «Остромирово Евангелия 1056-1057 ж.» кітабы, 82 томдық «Бракгаузъ бен Ефронның энциклопедиялық сөздіктері», 300 – аса «ЖЗЛ» 1- басылымдары және көптеген тарих, ботаника, әдебиеттану пәндері бойынша, орыстың ғұлама жазушысы А. С. Пушкинге қатысты кітаптары бар. Кітап қорында құнды басылымдармен бірге оқу процесінде қажетті оқулықтар, ғылыми, әдеби кітаптар жинақталуымен қатар оқытушы профессорлар құрамының еңбектері мысалға профессор: В. Иванов, А. Тайманов, М. Тілеужанов т.б. көптеген құнды дүниелері жинақталған.

Бүгінгі күні ғылыми кітапхана өз кітап қорын жаңа буын оқулықтарымен толықтырып Астана, Алматы, Мәскеудің алдыңғы қатарлы баспаханаларымен тығыз байланыста бірлесе отырып жұмыстанып кітап қорын 1 млн. жеткізді, оның 32989 данасын мерзімді басылымдар құрайды. Жылына 28. 785 мыңнан аса оқырманға қызмет көрсетіліп 1.153.367 данадан астам кітаптар мен мерзімді басылымдар қолға беріледі. Жалпы кітапханаға жылына 500 мыңға жуық оқырман келіп кетеді, оларға 23 кітапханашы мамандар қызмет етеді.

Мақсаты:

Ғылыми кітапханада оқырмандарға көрсетілетін қызметтің түрі ең жоғары сапалы болуы. Университеттің оқытушы- профессорлар қауымына және ғылыми қызметкерлеріне , аспирант, студент қауымға сапалы, толық және тез кітапханалық – библиографиялық қызмет көрсетіп қажетті сұраныс кітап қорын пайдалануға ұсыну.

· кітап қорын университеттің оқу процесіне сай бойынша жинақтап студенттердің ақпараттық сұранысын қанағаттандыру;

· Қазақстан Республикасының және Университетіміздің білім саясатын студент жастар арасында насихаттау;

· оқырмандарға кітапханалық қызмет көрсетуде жұмыстың прогрессивтік жаңа түрлері мен әдістерін пайдалану;

· қазіргі заманға сай жаңа технологияны ақпараттар ағымында пайдалану, интернет жүйесімен жұмысты одан әрі жалғастыру;

· кітапхана қорындағы әдебиеттерге және жаңадан келіп түскен әдебиеттерге оқырмандардың жедел түрде қол жеткізуіне анықтама беру;

· әдебиеттерді кітап көрмесі, ақпараттық күндер және басқа да көпшілік жұмыстармен әдебиеттерді насихаттау;

· еліміздің мұрадан-мұраға қалдырған мәдениетіміздің бір бөлшегі ретінде кітап қорын жабдықтау және сақтау.

Миссиясы:

· Университеттің Ғылыми кітапханасы жоғары кәсіптік білім берудегі құрылымдық бөлігінің алдыңғы қатары болып табылады;

· Ғылыми кітапхананың миссиясы пайдаланушыларға қызмет көрсетуде рухани байлыққа толы кітаптар жинақтап, студенттер мен оқытушы профессорлар құрамының кітапхана ресурстарын толық пайдалануда ақпараттық орталық болуын көздейді;

· Оқырмандардың мәдени ақпараттық қажеттілігін қолдай отырып, көлемді әрі мәнді ақпараттарға қол жеткізулеріне жағдай жасайды;

· Қазақстанның, Ресейдің оқу орындары кітапханаларымен іс-тәжірибе алмасу.

Кітапхана құрылымы:

Ғылыми Кітапхана құрылымында бірнеше бөлімдері бар, олардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар, бірақ бір-бірімен тығыз байланыста жұмыс істейді:

Бірінші бағыты: Кітап қорын толықтыру, әдебиеттерді өңдеу, каталогтандыру бөлімі

Екінші бағыты: Пайдаланушылармен жұмыс істеу, студенттерге оқулықтар мен ғылыми әдебиеттерді беру арқылы қызмет көрсететін 3 – абонемент, 8 – арнайы оқу залы, 1 – электрондық оқу залы, «Сирек кездесетін кітаптар қоры», 14 кафедрадағы кітапханалар бар.

Үшінші бағыты: «Хабарлама – библиографиялық орталығы» бөлімі, «Халықаралық кітап алмасу», «Периодика» секторлары бар.

М.Өтемісов атындағы БҚМУ ғылыми кітапханасын пайдалану ережесі

{tab=Қызмет бағыты}Қызмет бағыты:

1. М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің Ғылыми кітапханасы жаңа идеялармен технологиялар бастамашысы.

2. Кітап қорын оқу жүйесіне сәйкес жинақтап қалыптастыру, оқырмандарға кітапханадағы кітап қоры негізінде және анықтамалық ақпараттармен басқа да елдер, халықаралық ақпарат торабы нәтижесінде оқырман сұраныстарына сапалы да жоғары деңгейде мәдениетті қызмет көрсету.

3. Кітапхана өз ісінде әлемдік білімге қол жеткізуге және пайдаланушыларға ақпараттарды кеңінен таратуға көмектеседі.

4. Жаңа сапалы білімге қол жеткізуде оқырмандарға кітапханалық- ақпараттық қызмет көрсетуді жоғары дәрежеде жүргізу

5. Университетің аспиранттар, магистранттар және профессор оқытушылар қауымының сұранысы бойынша кітапханааралық кітап алмасу жұмысын ұйымдастыру;

6. Жаңадан келіп түскен әдебиеттерді, кітапхана қорындағы кітаптарды

оқырмандарға ақпараттандыру да нәтижелі іс-шаралар өткізу;

7. Ашық көрмелер, конференциялар, презентациялар және басқа түрдегі көпшілік жұмыстар жүргізу;

8. Электрондық каталогпен жұмыс жасау туралы, оқырмандарға кітапхана-библиографиялық консультативтік сабақтарын жүргізу;

9. Кітапхана қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында білімдерін жоғарлатып отыруын ұйымдастыру.

Кітап қорын толықтыру, әдебиеттерді өңдеу, каталогтандыру бөлімі

Бөлім меңгерушісі 

Тел.: 51-29-88

Бұл бөлімнің негізгі мақсаты университет профилі мен оқырмандар сұранысына сәйкес әр түрлі толықтыру көздері арқылы кітапхана қорын сапалы толықтыру. Кітап қорын жинақтау ірі баспаханалар, магазиндер арқылы, әсіресе, Ресей, Қазақстанның баспагерлерімен тығыз байланыста жүргізіледі.

Ғылыми кітапхана әр түрлі қайырымдылық қорлармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жүргізу арқылы кітапхана өз қорын қажет басылымдармен қосымша толықтыруда. «Сорос – Қазақстан» қоры, Евразия қоры сияқты халықаралық қорлар және «Ашық ұйым» институтының «Пушкин кітапханасы» мегажобасы арқылы кітапхана өз қорын құнды басылымдармен толықтырып отырады. Кітапхана қорында дәстүрлі құжаттармен бірге, әртүрлі электронды тасымалдағыштар СD RОМ электрондық кітаптар, видео-аудио кассеталар жинақталған.

Кітапхана қорына түскен әдебиеттер дәстүрлі каталогқа енгізілуімен қатар электрондық каталогтарда да көрсетіледі. Жаңа кітаптарды электрондық жүйеге енгізу толық автоматтандырылған.

Хабарлама библиографиялық және халықаралық кітап алмасу бөлімі

Бөлім меңгерушісі:

Тел.: 51-29-88

Ғылыми кітапхананың құрамды бір бөлігін, құрайтын өзіндік келбеті бар ақпараттық хабарлама библиографиялық, халықаралық кітап алмастыру бөлімі.

Бөлім арнаулы «Кітапхана 5.2» бағдарламасы бойынша жұмыс істейді.

Оқырман қауымның сұраныстарын қанағаттандырып төмендегідей қызметтер атқарады:

· «Кітапхана 5.2» арқылы электронды каталог, картатекаларды пайдалану;

· электронды кітаптарды оқу;

· интернет арқылы Ресей, Қазақстанның ірі университеттерімен кітапхана аралық кітап алмасуда жұмыстану;

· аспирант, магистрант, оқытушы қауымның тақырыптық сұраныстарын толығымен орындау;

· тақырыптық ұсыныс тізімдерін жасау;

· сұраныс анықтамаларын орындау;

· студент қауым өз бетімен электронды каталогпен жұмыс жасауы.

Электрондық оқу залы:

Жаңа технологиямен жабдықталған, қорында электронды тасымалдағыштағы материалдармен қатар аудио-визуальды құжаттар жинақталған залдың бірі – Ғылыми кітапханадағы қызмет көрсететін электронды оқу залы.

Студенттердің мынадай мүмкіндіктері бар:

· компьютер арқылы электронды оқулықтармен танысу;

· электронды оқулықтарды оқу;

· дискетаға жазып алу;

· электронды кітаптың қажетті беттерін принтерден өткізіп алу;

· CD – ROM тасымалдағыштарымен танысу, құжаттарға қол жеткізу;

· Интернет жүйесін пайдалану.

Көпшілік іс-шаралар.

Ғылыми кітапхананың тәрбиелік бағыт беру жұмысы университеттің тәрбиелік жұмысымен бірлесе отырып жүргізіледі. Жастарды  өз Отанының патриоты етіп тәрбиелеуде және адамгершілікке, адалдыққа, өз ісінінің жақсы маманы болуына үйретуде және мәдениеттікке тәрбиелеуде төмендегідей  іс-шаралар өткізіледі.

Ғалымдарға арналған зал

2005 жылдың қыркүйек айынан бастап аспиранттар, магистранттар және профессор оқытушылар құрамына бағытталған жаңаша арнайы оқу залы жұмыс істейді, бұнда дәстүрлі ақпараттық хабарлама кітаптарымен бірге жаңа ақпараттық технологиялармен жабдықталған. Арнаулы залда болашақ Батыс Қазақстанның ғалымдарының электрондық каталогтармен, интернет жүйесімен тығыз байланыста компьютермен жұмыс істеуге толық мүмкіндігі бар.

{tab=Оқу залы}Оқу залының қызмет көрсетілуі

Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінде 8 оқу залы,3 абонемент пайдаланушыларға қызмет көрсетеді:

· Гуманитарлық ғылымдар оқу залы;

· Жаратылыстану ғылымдары оқу залы;

· Тарих ғылымдары оқу залы;

· Мәдениет және қолданбалы өнер оқу залы;

· Экономикалық ғылымдар оқу залы;

· Мерзімді басылымдар оқу залы;

· Ғылымдарға арналған оқу залы;

· Электронды оқу залы;

· Оқулық әдебиеттер абонементі;

· Ғылыми әдебиеттер абонементі;

· Көркем әдебиеттер абонементі;

· Кітапханаралық кітап алмасу бөлімі;

· Кітап сақтау секторы;

· Сирек кездесетін және қолжазбалар секторы

Пайдаланушылардың мүмкіндіктері:

· электрондық қор;

· авторефераттар қоры;

· кітапханалық энциклопедиялар, библиографиялық көрсеткіштер, анықтамалықтар;

· интернет жүйесі;

· мәліметтер қоры {/tabs}

 

Жастар - болшақ энергиясы

youth futureenergy

МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫ

Frontpage Slideshow | Copyright © 2006-2012 JoomlaWorks Ltd.

СЕРПІН-2050

IT-ПЛАНЕТА

it-planet

ВИРТУАЛДЫ ТУР

БАЙЛАНЫСТА БОЛ