«Алгоритм» жаратылыстану-ғылыми зерттеулер институты

aitaliev e Айталиев Ермек Сатпаевич - техника ғылымдарының докторы, профессор, «Алгоритм» ЖҒЗИ директоры

Даржигитова Альбина Кошановна -  «Алгоритм» ЖҒЗИ кіші ғылыми қызметкері 

Институт Ғылыми кеңестің шешіміне сәйкес 2020 жылға дейінгі Университеттің Даму стратегиясы аясында Университеттің барлық бөлімшелерін біріктіру арқылы іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер бойынша, сонымен қатар жаратылыстану ғылымы саласындағы тәжірибелі-құрылымдық жұмыстар, оқыту және инновациялык қызметті жүргізу үшін құрылды.

Институт қызметінің негізгі мақсаты болып Университет мүддесіне сүйене отырып және аймактың тұрақты дамуын қамту үшін іргелі және қолданбалы жаратылыстану-ғылыми және техникалық зерттеулерінде тәжірибе-құрылымды жұмыстар, іргелі және қолданбалы зерттеулерді, сонымен қатар жаратылыстану ғылымында білім беру және инновациялық қызмет  жүргізу мен біріктіру болып табылады. 

 

 

 

Институт қызметінің негізгі міндеттері болып табылады:

-  уақытша ғылыми ұжымның қызметін құру мен ұйымдастыру арқылы ғылыми-білім берудің әлеуетін біріктіру; 

- жаратылыстану ғылымы саласында тәжірибе-құрылымды жұмыстар мен ғылыми зерттеулерді жүргізу және біріктіру;

- оқу үрдісі мен өндіріске ғылыми зерттеулер нәтижесін енгізу;

-инновациялық жобалар, бағдарламалар және технологиялар жасауда профессорлық-оқытушылык құрам катарынан алдыңғы қатарлы мамандарды тарту;

- жаратылыстану-ғылыми және қолданбалы техникалық ғылыми зерттеулер мен білім беру саласы бойынша халықаралық және өңіраралық ынтымақтастықты дамыту;  

- Университеттің жақын және алыс шетел,  Қазақстан Республикасының алдыңғы қатарлы ғылыми орталықтарымен, білім беру ұйымдары базасында жаратылыстану-техникалық бағыты мен оның өзекті проблемалары бойынша іргелі және қолданбалы  ғылыми-зерттеулерді дамыту; 

-Университеттің жоғары кәсіби кадрлық әлеуеті мен материалды-техникалық базасын тиімді пайдалану;

-Университеттің жаратылыстану-техникалық ғылыми мамандыктарының білім беру бағдарламасына білім алушылардың практикалык-бағытталған  дайындығын біріктіру мен білім алушылар мен оқытушылардың ғылыми зерттеу және өндіріс процесстеріне белсенді қатыстыру;

- Институттың кадрлық әлеуетін және материалды-техникалық базасын пайдалану арқылы Университеттің ғылыми әлеуетін, сонымен қатар ғылыми-зерттеулер қызметін арттыру үшін қажетті жағдайлар жасау;

-  жаратылыстану-техникалық ғылымның өзекті мәселелері бойынша студенттер, магистранттар, профессорлық-оқытушылық құрам және баска ұйымдардан ғылыми қызметкерлердің катысуымен семинарлар, симпозиумдар, конференциялар ұйымдастыру және өткізу.

Институттың орналасқан орны: 090000, Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 162 үй, бөлме 409. Байланыс телефоны: 8 (7112)26-03-68.  e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. .

 

ПРОФЕССОР Е.С. АЙТАЛИЕВТІҢ ҰҚҮ магистранттарымен кездесуі

 aitaliev 2 aitaliev 3

 2017 жылдың 1 ақпанында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы ұлттық қорғаныс университетінде М.Утемисов атындағы Батыс-Қазақстан мемлекеттік университеті жанындағы «Алгоритм» Жаратылыстану-ғылыми зерттеулер институтының директоры, техникалық ғылымдар докторы, профессор Ермек Сатпайұлы Айталиев университеттің магистранттары үшін «Техникалық әскерлерінің генера-майоры Шакир Джексенбаевтің жауынгерлік және ғылыми-педагогикалық қызметі» тақырыбына дәріс өткізді.

 

 

ГРАНТТЫҚ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША ЖИНАЛЫС

2017 жылдың 5 сәуір күні  № 1 ғимарат 209 аудиторияда сағат 15.00- де  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің  гранттық қаржыландыру мәселелерін түсіндіру бойынша «Алгоритм» жаратылыстану ғылыми зерттеулер институты жиналыс ұйымдастырды. Жиналысты Алгоритм ЖҒЗИ директоры Айталиев Е.С пен коммерциаландыру офисінің жетекшісі Имашев Э.Ж. өткізді.

 

 

 

  

ҒЫЛЫМ АПТАЛЫҒЫНА АРНАЛҒАН «ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІКТІ ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ» АТТЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

2017 жылдың 12 сәуір күні М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Алгоритм» жаратылыстану ғылыми  институты Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментімен бірлесіп ғылым апталығына арналған «Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізеді. 

Авторлық құқық мәселелері; патенттеу; тауар белгілері; жаңалықтар және өнертабыстар; патенттік-лицензиялық жұмыс, әдеби және көркем туындыларды қорғау, бағдарламалық қамтамасыз ету, музыка, сахналық, сәулет, фотографикалық туындылары, заңға сәйкес шығармашылық туындылар (аударма, эссе, шолулар) сынды мәселелер қарастырылады. 

Дөңгелек үстелдің мақсаты жұртшылықты және студенттерді өнертапқыштықтың қызметімен таныстыру және  Қазақстанның индустриялық-инновациялық дамуына үлес қосатын патенттік-лицензиялық жұмысты түсіндіру болып табылады.  

Дөңгелек үстелде студенттер, магистранттар, университет оқытушылары, Батыс Қазақстан облысының өнертапқыштары қатысады.

 

ҒЫЛЫМ АПТАЛЫҒЫНЫҢ АШЫЛУЫ

2017 жылдың 24 наурыз күні М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлкеттік университетінің №7 ғимаратында жас ғалымдар кеңесі мен коммерцияландыру офисінің ұйымдастыруымен М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің 85 жылдығына арналған «Жастар және ғылым» атты студенттер мен магистранттардың ғылыми апталығының ашылуы өтті. Құттықтау сөз «Алгоритм» ЖЗҒИ директоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Айталиев Е.С. берілді. 

news nedel 1 news nedel 2

Дәстүрге айналған бұл шара ғылыми зерттеулерге қызығушылық танытантын студенттер ғана емес, сондай-ақ ғылыми зерттеулермен белсенді айналысатын студенттер, магистранттар, оқытушылар қатысты. Ғылым апталығының аясында «Жастар және ғылым» атты магистранттар мен студенттердің 75-ші ғылыми-тәжірибелік конференциясы 38 секция бойынша өткізіледі,  қатысушылардың саны 692 студент пен магистранттар. 

 

 

 

МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫ

Frontpage Slideshow | Copyright © 2006-2012 JoomlaWorks Ltd.

СЕРПІН-2050

  • edu2050

IT-ПЛАНЕТА

it-planet

ВИРТУАЛДЫ ТУР

БАЙЛАНЫСТА БОЛ