«Махамбет» ғылыми-зерттеу орталығы

 

Директор: педагогика ғылымдарының докторы, профессор Қыдыршаев Абат Сатыбайұлы

Мекен-жайы: Достық-Дружбы даңғылы, 162

Телефон: 8(7112)26-03-80

E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Миссиясы: Ғылыми зерттеулерге сәйкесті қазіргі сапа стандарттарын жүзеге асыру негізінде көптілді білім беруді дамыту; ғылыми-педагогикалық, кәсіби-тәжірибелік іс-әрекеттерді жүзеге асыру мақсатында зерттеушілік, инновациялық тұрғыдағы фундаментальды білім дағдыларын игерген жаңа қоғамның білікті кәсіби мамандарын даярлау

Мақсаты: Назарбаев зияткерлік мектебі және үш тілде оқытатын арнайы мамандандырылған  білім мекемелеріне қазақ, орыс және ағылшын тілдерін кәсіби тұрғыда терең меңгерген қазіргі нарық экономикасындағы бәсекеге қабілетті мамандар даярлау 

Міндеттері:

- көптілді білім беруді дамытудың нормативті-құқықтық базасын дайындау;  ұйымдастыру-тәжірибелік, оқу-әдістемелік жұмыстарының талапқа сәйкес қамтамасыз етілу бағыттарын әзірлеу; 

- мамандықтарға сәйкесті ағылшын тіліндегі оқулық,  оқу құралдарын, үш тілді терминологиялық сөздіктерді даярлау,  жоғары оқу орны оқытушылары мен студенттерінің тілдік біліктілігін арттыру мақсатында ағылшын тілі курстарын ұйымдастыру;

- жоғары оқу орнында көптілді топтар ашуға бағыт ұстану, көптілді білім беруді енгізуге қатысты оқыту семинарларын өткізу;  көптілді білім беруді дамыту мониторингісін жүргізуге қатысты жұмыстарды ұйымдастыру;

- көптілді білім беруді дамыту проблемалары бойынша ғылыми-зерттеу бағыттарын айқындау, тақырыптық ғылыми жобалар конкурсына қатысу, ғылыми-практикалық конференциялар, семинарлар өткізу жоспарларын әзірлеу; жоғары оқу орнындағы көптілді білім беруді жүзеге асыруға байланысты әдістемелік нұсқаулықтарды әзірлеу, мониторингі нәтижелерін саралау;

- халықаралық, республикалық, облыстық, қалалық білім мекемелерімен, жоғары оқу орындарымен тығыз байланыс орнату, университет студенттерімен көптілді оқу-тәрбиелік шаралар (тіл апталықтарын, тілдер фестивалін, тақырыптық дөңгелек үстел, газет шығару, т.б.) ұйымдастыруға бірден-бір ұйтқы болу.