Табиғи мұра, геоботаника және биоалуантүрлілік мониторингі зерттеу зертханасы

Жетекшісі – Сарсенова Бибігүл Балғабайқызы, биология ғылымдарының кандидаты

Мекен-жайы: БҚО, Орал қаласы, Достық / Дружба көшесі, 121, каб. 205

Телефон: 8 (7112) 50 35 49

E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

Табиғи мұра, геоботаника және биоалуантүрлілік мониторингі зерттеу зертханасы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ғылым және халықаралық байланыстар бөлімінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Табиғи мұра, геоботаника және биоалуантүрлілік мониторингі зерттеу зертханасы өз қызметін ғылым және халықаралық байланыстар бөлімінің зертханасы туралы ереже негізінде ж2не оның жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырады.

Миссиясы:

мұра, геоботаника және биоалуантүрлілік мониторингі зерттеу зертханасы негізгі мақсаты жаратылыстану-ғылыми, статистикалық және картографиялық әдістерді, ақпараттық технологияларды қолдана отырып Батыс Қазақстанның табиғи ресурстарын зерттеу және мониторинг жүргізу болып табылады.

Мақсаты:

Батыс Қазақстанның табиғи мұрасына кешенді ғылыми зерттеулер жүргізу. Өлкетанудың ғылыми-әдістемелік негіздерін әзірлеу.

Қызметтің негізгі міндеттері мен бағыттары:

1. Ынталы, шаруашылық келісім-шарт, гранттық ғылыми зерттеулер жүргізу

2. Батыс Қазақстанның биологиялық және ландшафтық әртүрлілігін түгендеу

3. Солтүстік Каспий өңірінің флорасы мен фаунасын зерттеу

4. Батыс Қазақстан облысының өңірлік өлкетану атластарын құру

5. Бірегей табиғи объектілерді сақтау бойынша ұсынымдар әзірлеу

6. Өңірдің оқу орындарын ғылыми-әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету

7. Шығармашыл жастарды өлкенің табиғи тарихын зерттеуге тарту

8. Табиғи мұра және биоалуантүрлілікті сақтау бойынша деректер банкін және бағдарламалық-ақпараттық өнімдерді құру

9. Зерттеу зертханасы қызметінің бағыттары кураторларының жетекшілігімен білім алушыларды ғылыми жұмысқа қатысуға тарту

10. Зертхана жұмысының нәтижелерін білім беру және шығармашылық процестерге енгізу

11. Өңірдің тарихи мұрасын зерттеуге арналған ғылыми мақалалар, монографиялар, анықтамалық басылымдар, аналитикалық шолулар және басқа да жұмыстар дайындау

12. Өзара тиімді жағдайларда шетелдік әріптестермен бірлесіп ғылыми зерттеулер жүргізу мақсатында шетелдік ғылыми мекемелермен халықаралық ынтымақтастықты дамыту