Рысбеков Т.З.

 

Рысбеков Тұяқбай Зейітұлы - көрнекті ғалым, тарих ғалымдарының докторы, профессор, академик, Жамбыл облысы, Талас ауданы, Ақкөл ауылында 25 шілде 1947 жылы дүниеге келді.

 

  • Биография
  • Награды
  • Показатели
  • Список трудов
  • Задать вопрос

Рысбеков Тұяқбай Зеиітұлы, Тарих ғылымдарының докторы, профессор

Туған күні 1947 жылы 25 шілдеде Жамбыл облысы, Талас ауданы, Ақкөл ауылында дүниеге келген.

1966-1971 жылдары С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде (қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық университетінде) оқып, «Тарих» мамандығы бойынша, тарих факультетін тәмамдаған. 1990 жылы академик Д.И. Дулатованың ғылыми кеңесімен «07.00.02-Отан тарихы (ҚР тарихы)» мамандығы бойынша «Советы Казахстана 1938-1986 гг.» тақырыбында қорғады. 1965-1966 ж.ж. Үш-Арал орта мектебінде бастауыш класс мұғалімі; 1971-1972 жж А.С.Пушкин атындағы Орал пединститутының тарих факультеті тарих кафедрасының оқытушысы; 1972-1974 жж А.С.Пушкин атындағы Орал пединститутының тарих факультеті жалпы тарих кафедрасының оқытушысы; 1979-1981 жж - КСРО кафедрасының оқытушысы, доцент; 1979-1988 ж.ж. - тарих кафедрасының меңгерушісі; 1988-1991 ж.ж. - тарих факультетінің деканы; 1991-1996 ж.ж. - А.С.Пушкин атындағы Орал пединститутының ректоры; 1996-2000 ж.ж. – Батыс Қазақстан гуманитарлық университетінің ректоры; 2000-2002 ж.ж. - Батыс Қазақстан гуманитарлық университетінің бірінші проректоры, ҚР тарих кафедрасының меңгерушісі;  2002-2003 ж.ж. – облыстық маслихат хатшысы; 2003-2011 ж.ж. – М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры; 2011 ж. тамыз айынан бастап - М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университет ректорының кеңесшісі.

Ғылыми атақтары мен дәрежелері: 1974-1978 ж.ж. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің аспиранты, 1978 жылдан тарих ғылымдарының кандидаты, 1979 жылдан Орал педагогикалық институтының ҚСРО тарихы кафедрасының доценті, 1990 жылдан тарих ғылымдарының докторы, 1991 жылдан профессор. Гуманитарлық ғылым Академиясының (1995 ж.), ҚР Әлеуметтік ғылымдар Академиясының (1996 ж.), Балтық педагогикалық Академиясының (1996 ж.), Әлеуметтік және педагогикалық ғылымдар Академиясының (Мәскеу, 1997 ж.), Жоғары мектеп ғылымдарының  Халықаралық Академиясының (1997 ж), Петровский Академиясының корреспондент-мүшесі (2003 ж.), Ақпараттандыру Академиясының (2005 ж.), Қазақстанның Жоғары мектебі Академиясының (2006 ж.), Халықаралық  Евразия Академиясының (2007 ж.) Академигі.  Сол сияқты 2004 жылдан Халықаралық Евразия қозғалысының Саяси кеңесінің мүшесі  болып табылады.

Ғылыми бағыты: Батыс Қазақстанның тарихы, Батыс Қазақстан халқының материалдық және рухани мәдениеті, ұлттық мемлекеттіліктің дамуы мен оны жетілдіру мәселелері,  ХҮІІІ-ХХ ғ.ғ. ұлт-азаттық көтерілістер тарихы, ХҮІІІ-ХІХ ғ.ғ. Қазақстанның Ресей империясының құрамына ену мәселелері, Қазақстанның кеңес кезеңіндегі саяси және әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері, ХІХ-ХХ ғ.ғ. Қазақстанның әлеуметтік-демографиялық дамуы, егемен және тәуелсіз Қазақстанның тарихы, белгілі тарихи тұлғалардың өмірі мен қызметі және т.б. Сонымен қатар, ғалым қазіргі таңда Қазақстанның жоғары білімнің өзекті мәселелерін зерттеп жүр.

2 тарих ғылымдарының докторы және 11 тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның ғылыми жетекшісі, 5 магистрдің жетекшісі болып табылады.

Алған мемлекеттік сыйлықтары, лауреаттығы, марапатталуы.

Ағарту министрлігінің Құрмет грамотасы  (1982 ж.), «Еңбек ардагері» медалі (1987 г.), Ы.Алтынсарин  медалі (1992 ж.), ҚР Білім беру ісінің үздігі төс белгісі (1995 ж.), «Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері» құрметті  атағы (1996 ж), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медалі (2001 ж.), А.Байтұрсынов медалі (2004-2007 ж.ж.), «Европа интеграциясын дамытуға қосқан үлесі үшін» (Оксфорд, 2006 ж.), «SPI Алтын медалі» (Париж-2005 г.), «ҚР ғылымының дамуына қосқан үлесі үшін» (2004 ж.), «Біріккен Европа» (Оксфорд-2006 ж.), «10 жыл Астана» медалі (2008 ж.), «Ұлттық экономиканың көшбасшысы-2006» (Мәскеу, 2006), ҚР мемлекеттік сыйлығы «Парасат» ордені (2006 ж.), «РФ ақпараттық қоғамын дамытуға қосқан үлесі үшін» ордені (2005 ж.), «Орал қаласының құрметтті азаматы» (1998 ж.), «Жыл тұлғасы» медалі (2004 ж.), «Жыл маманы» халықаралық атағы (Ұлыбритания, 2007 ж.), «ҚР құрметті спорт қайраткері» (2007 ж.).

Ғылыми еңбектері. 5 монография, 3 ұжымдық еңбек, 4 оқулықтың, 20 оқу-әдістемелік еңбектің, 120 ғылыми мақала, 32 баяндама, тезистардың авторы. Бірнеше ғылыми диссертацияларға оппонент және ғылыми кеңесші болып, 20-ға жуық авторефераттар мен оқулық, монографияларға пікір жазған.

Басты еңбектері:

1. Рысбеков Т.З. Диалог с историей. - Уральск, 2007. - 95 стр.

2. Этюды истории родного края. - Уральск, 2007. - 196 с.

3. Көзқарас. - Орал, 2007. - 240 бет.

4. Менің Қазақстаным. - Орал, 2007. - 160 бет.

5. Рысбеков Т.З., Кенжалиев И.Н. Сырым Датұлы (тарихи очерк). - Орал, 2007. – 72 бет.

6. Рысбеков Т.З. Тарихи таным және ақиқат. – Орал: М.Өтемісов ат. БҚМУ баспа орталығы, 2011 – 370 бет.

 Рысбеков Т.З. имеет следующие награды:

1. Почетная Грамота Министерства Просвещения Казахской ССР (1982 г)

2. Награжден медалью Ветеран труда за долголетний и добросовестный труд (1987 г.)

3. Награжден медалью Алтынсарина (1992 г.)

4. Награжден нагрудным знаком «Отличник образования Республики Казахстан» (1995 г.)

5. Награжден Почетным званием «Заслуженный работник Казахстана» (1996 г.)

6. Награжден Почетной грамотой Министерства образования Республики Казахстан за безупречный творческий труд в системе образования (1997 г.)

7. Награжден Юбилейной медалью «Қазақстан республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001 г.)

8. Медаль «За заслуги в развитии науки РК» (2004 г.)

9. Международный орден «За заслуги в развитии информационного общества» - Москва (2005 г.)

10. «Золотая медаль SPI» Международной Ассоциации содействия в промышленности - Париж (2005 г.)

11. Международная награда «За личный вклад в развитие европейской интеграции» - Оксфорд (2006 г.)

12. Удостоен звания «Почетный гражданин г.Уральска» (1998 г.)

13. Международная награда «Европейское качество» 2006 год.

14. Орден «Парасат» 2006 год.

Членство:

Академик Академии наук высшей школы Казахстана, 1995 год;

Действительный член (академик) Академии гуманитарных наук Казахстана, 1995 год;

Действительный член (академик) Академии социальных наук Казахстана, 1996 год;

Действительный член Балтийской Педагогической Академии, Санкт-Петербург, 1996 год;

Действительный член Академии педагогических и социальных наук, Москва, 1997 год;

Действительный член (академик) Международной академии наук высшей школы, Москва, 1997 год;

Действительный член (академик) Международной академии информатизации, Москва, 1999 год;

Член-корреспондент Петровской Академии, Санкт-Петербург, 2003 год; Член политсовета Международного Евразийского движения;

Член клуба ректоров европейских вузов.

Качественные и количественные показатели деятельности доктора исторических наук, профессора Рысбекова Туякбая Зеитовича

скачать

 

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің Қазақстан Республикасы тарихы кафедрасының ізденушісі Рысбеков Тұяқбай Зейітұлының ғылыми еңбектерінің тізімі

Жүктеу

Developed in conjunction with Ext-Joom.com

 

МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫ

Frontpage Slideshow | Copyright © 2006-2012 JoomlaWorks Ltd.

ВИРТУАЛДЫ ТУР

БАЙЛАНЫСТА БОЛ