Ахметова У.Т.

ahmetova

 

Ахметова Ұлжан Төлегенқызытарих ғылымдарының докторы, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің Қазақстан Республикасы тарихы кафедрасының доценті.

{tab=Өмірбаян} 

Ахметова Ұлжан Төлегенқызы 1967 жылдың 20 ақпанында Атырау облысы (бұрынғы Гурьев облысы), Махамбет ауданы, Бейбарыс ауылында дүниеге келген. Индер ауданы, Елтай ауылынан онжылдық орта мектепті тәмамдап, 1984-1989 жылдар аралығында Гурьев педагогика институтының тарих-филология факультетінің «тарих, қоғам тану және советтік право пәнінің мұғалімі» біліктілігімен бітірген. 1989 жылдың тамызынан Атырау облысы, Индер ауданы, Елтай ауылындағы орта мектепте тарих және қоғамтану пәнінің мұғалімі ретінде еңбек жолын бастаған. 1989 жылдан 1997 жылға дейін түрлі оқу ағарту мекемелерінде мұғалімдік қызмет атқарған. 1997-1999 оқу жылдар аралығында А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің Отан тарихы кафедрасының оқытушысы, 1998 жылдан осы кафедраның аға оқытушысы. 1999-2002 жылдары осы университеттің күндізгі оқу бөлімінің аспиранты. 2002 жылы 28 маусымда тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін 07.00.02. – Отан тарихы (Қазақстан Республикасының тарихы) мамандығы бойынша алуға арналған «Арынғазы Әбілғазыұлының қоғамдық - саяси қызметі (1786-1833 жж.)» тақырыбындағы диссертациясын Алматы қаласындағы Қайнар университетінің жанындағы К.20.01.04. Диссертациялық кеңес мәжілісінде қорғап, тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін иеленді. Ғылыми жетекшісі т.ғ.д., профессор З.А.Алдамжар. 2002 жылдан тарих ғылымдарының кандидаты. 2003 жылдың қазанынан – 2011 жылдың қыркүйегіне дейін Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы. 2004-2005, 2007-2008 оқу жылдары осы оқу орнының аға ғылыми қызметкері. 2010 жылдың 29 қазанында «Орынбор Ғылыми мұрағаттық комиссиясының құрылуы және қызметі (1887-1918 жж.)» 07.00.02. – Отан тарихы (Қазақстан Республикасының тарихы) мамандығы бойынша тарих ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін даярланған диссертациясын М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті жанындағы БД 14.61.26. Біріккен Диссертациялық кеңес мәжілісінде қорғап, тарих ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін иеленді. Ғылыми кеңесшісі т.ғ.д., профессор К.Л.Есмағамбетов. 2011 жылдан тарих ғылымдарының докторы. 2011 жылдың 1 қырқүйегінен қазірге дейін М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің Қазақстан Республикасы тарихы кафедрасының доценті.

       Негізгі ғылыми бағыты. Ғылыми зерттеулері ХҮІІІ – ХХ ғасырлардағы  тарихи оқиғаларға арналған. Онда Кіші жүздің саяси тарихы, экономикасы, әлеуметтік жағдайы, орыс мемлекетінің қазақ жеріндегі жүргізген саясатына қарсы қозғалыстар, қазақ мемлекетінің саяси билігінің шайқалуы, ел басқарған жеке тұлғалар, олардың қазақ мемлекеттілігін сақтап қалу үшін жүргізген шаралары, патшалы Ресей үкіметінің қазақ елін отарлау бағытындағы ғылыми зерттеулері, бірнеше экспедицияға қатынасқан ғалымдар, мамандар, әскерилер, олардың ғылыми зерттеулерінің қорытындылары, Орынбор Ғылыми мұрағаттық комиссиясының тарихы, ғылыми мекеме жұмысына қатысқан қазақ ағартушылары, олардың ХХ ғасыр басындағы мемлекеттілікті қайта жаңғырту  әрекеттері тағы да өзге тарихи оқиғалары сөз болады. 

{tab=Ғылымдағы көрсеткіштер} 

1. 2004 жылы «Арынғазы хан (1786-1833)».( - Ақтөбе: "А-Полиграфия" ЖШС, 2004.-168 б.) атты монографиясы 1000 данамен жарық көрді.

2.Ұ.Т.Ахметова тарих ғылымдарының докторы, профессор Ә.Қ.Мұқтармен бірлесе, 2005 жылы  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі іргелі ғылымдарға жариялаған байқауда  «Қазақстандық Каспий: Тарихы. Орны. Саяси маңызы» атты тақырыппен жобаны ұтып алды. Жоба аясында ондаған мақалалары жарияланды.

3. «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасы Заңының  23 – бабына сәйкес ғылыми және (немесе) ғылыми – техникалық қызмет субьектісі ретінде сериясы МК  № 002055 Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ғылыми және (немесе) ғылыми – техникалық қызметі конкурсына қатысу үшін берілетін аккредиттеу туралы Куәлігін алды.

4. 2012 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жариялаған гранттық байқауда 055 «Ғылыми және немесе ғылыми-техникалық қызмет» бюджеттік бағдарламасы бойынша Ғылым комитетінің қаржыландыратын ғылыми жобасына «ХҮІІІ - ХХ ғасырлардағы Қазақстанды зерттеген ғылыми қоғамдар мен мекемелер: тарихы, зерттеу бағыттары және маңызы» атты зерттеуін ұсынып ұтып алды. Жоба орындалуы 2012-2014 жылдар аралығын қамтиды. Жоба хронологиясы ХҮІІІ – ХХ ғасыр бас кезеңіндегі  Қазақстан тарихын қамтиды. Нақты зерттеу аумағы ХҮІІІ-ХХ ғасыр бас кезеңіндегі Қазақстан тарихын зерттеген Ресей ғылыми қоғамдары мен мекемелерінің тарихы және олардың  мүшелерінің  еңбектері. Осы зерттеудің пайдаланар аумағы Қазақстан тарихының  тарихы, деректануы мен тарихнамасы. Жоба мақсаты: Қазақстанға қатысты ХҮІІІ-ХХ ғасырдың бас кезеңіндегі патшалы Ресейдің ғылыми мекемелері мен қоғамдарының қазақ еліне қатысты жүргізілген ғылыми зерттеулерін кешенді зерделеу, жинақтау және деректік, тарихнамалық талдау жасау. Орыс деректеріндегі жазылған қазақ тарихын ұлттық негізде пайымдау. Жоба аясында зерттеушілер Москва, Санкт-Петербург, Орынбор, Уфа, Казан, Астрахан, Самара, Саратов, Омск, Алматы, Бішкек, Ташкент қалаларындағы мұрағаттарда жұмыс жасау жоспарланған. Қазірде жоба мүшелері жобамен жұмыс жасауда.

     Тарих толқынында ұлттық тарихты зерделеуге жоба мүшелері бірнеше конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер мен талқылауларға қатынасты. Жоба аясында «Орынбор Ғылыми мұрағаттық комиссиясы (1887-1918жж.). ( Монография: -Алматы: «Арыс» баспасы, 2013. -320 б.)  атты монографиясы 500 данамен жарық көрді.

    Қосымша 30-дан астам мақалалар, оның ішінде АҚШ-та өткен конференцияда 8 мақала жарияланды.

5. Қазақстан тарихы кафедрасы доценті Ұ.Т.Ахметованың ғылыми жетекшілігімен 2 магистр дайындалды. Қазірде 5 магистрант диссертация жазуда.

        2011-2013 жж. магистрлер: 

1.Сабырғалиева Н. Тақырыбы: «Батыс Қазақстанның музыка өнерінің даму тарихы (1991-2011жж.)». 

2.Қайыржанов Қ. Тақырыбы: «Батыс Қазақстандағы діни конфессиялардың даму тарихынан (1991-2011жж.)». 

        2012-2014 жж. 2 курс магистранттары: 

1. Бержанова Г. «Ғ.Б.Балғымбаевтың қоғамдық-саяси қызметі (1866-1943жж.)».

2. Жаркемалиева А. «Қазақ өлкесін зерттеу қоғамы және оның Орал бөлімшесінің тарихы мен қызметі (1924-1932жж.)».

3. Дакишева А.  «Қазақстан тарихы және И.А.Кастаньенің ғылыми мұралары (1875-1958 жж.)»

4. Нұрманова А. «Қазақстанның батыс өңіріндегі өлкетанудың дамуы (1991-2014жж.)»

      2013-2015 жж. 1 курс магистранты:

1.Жұмашева А. «Қазақстанда орта кәсіптік білімнің дамуы (1991-2013 жж.) (Батыс Қазақстан облысы мысалында)».

{tab=Еңбектері тізімі} 

Монографиялары                                                             

 

1. Арынғазы хан (1786-1833) - Ақтөбе: "А-Полиграфия" ЖШС, 2004.-168 б.  1000 дана

2. Орынбор Ғылыми мұрағаттық комиссиясы (1887-1918жж.). Монография: -Алматы: «Арыс» баспасы, 2013. -320 б.  1000 дана

Ғылыми басылымдағы мақалаларының толық тізбесі

2000

1 Әбілқайырдың өлімі хақында // Қазақ тарихы, 2000 №6. 16-18 б.б. (Авторлық бірлікте: Ә.Қ. Мұқтармен ).

2 Сырым бастаған ұлт-азаттық күрес тарихының кейбір мәселелері. Қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар сериясы // Ғылыми хабаршысы А. Байтұрсынұлы атындағы ҚМУ №1, 2000.- 30-32 б. (Авторлық бірлікте: Ә.Қ. Мұқтармен )

2001

3 Сырым батыр шежіресі және тарихы // Ізденіс, 2001 №1. 42-49 б. (Авторлық бірлікте: Ә.Қ. Мұқтармен ).4 Қазақ жыраулары және рухани мәдениет // Информационно методический бюллетень по итогам Международной научно-практической конференций Костанай изд. КГУ,  2001. 329-333 б. (Авторлық бірлікте: Ә.Қ. Мұқтармен).

5 Арынғазы хан шежіресі. «Шоқан тағылымы-6» // Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының материалдары. Т-1. -Көкшетау, 2001. – 55-58 б.

6 Қазақ даласын біріктірудегі мұсылман дінінің ролі (ХІХғ. алғашқы ширегі) // Қазақстан Республикасының 10 жылдығына арналған "Руханият мәселелері және діннің қазіргі қоғамдағы орны" атты Халықаралық ғылыми - практикалық конференцияның еңбектер жинағы. Т-2. - Шымкент, 2001. - 202-204 б.

7 Арынғазы сұлтан бірлік үшін күресте (1786-1833жж.) // Мир на рубеже тысячелетия: история, филсофия, политология, право: материалы региональной научно-практический конференций. -Қостанай 2001. - 35-40 б.

8 Арынғазы Әбілғазыұлының қоғамдық-саяси қызметі туралы (архив деректері бойынша) (Авторлық бірлікте: Ә.Қ. Мұқтармен ) // Отан тарихы №1, 2001.- 95-99 б.

9 Қазақстан-Ресей қатынастары тарихының кейбір мәселелері // Көкшетау мемлекеттік университетінің ғылыми хабаршысы. -Көкшетау № 6 2001.- 72-75 б.

10 Кіші жүз рулары, олардың орналасуы хақында // «Қазақстан тәуелсіздігі-Абылай арманының жүзеге асуы» атты Қазақстан Республикасы 10 жылдығына арналған аймақтық ғылыми  практикалық конференцияның материалдары (10 желтоқсан 2001). -Көкшетау. Ш. Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, 2001. - 66-71 б.

11 Арынғазы Әбілғазыұлы тарихының кеңестік тарихнамада зерттелуі // Қостанай әлеуметтік академиясының ғылыми хабаршысы. -Қостанай, 2001. - 20-25 б. 

2002 

12 Арынғазы Әбілғазыұлының жанұясының тағдыры // Қостанай әлеуметтік академиясының ғылыми хабаршысы. -Қостанай, 2002. №1. - 15-19 б.

13 ХІХ ғасыр басындағы Кіші жүздегі саяси-әлеуметтік экономикалық ахуал //  Қостанай әлеуметтік академиясының ғылыми хабаршысы. -Қостанай, 2002. №1,  - 20-22 б.

14 Жақсы ханым // Қазақ тарихы. -Алматы, №2, 2002. - 17-20 б.

15 Арынғазы хан Санкт-Петербургте // А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ Ғылыми хабаршысы. Қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар сериясы. -Қостанай, 2002. №7-1. - 32-35 б.

16 М.Қ.Қозыбаев еңбектеріндегі орта ғасырлық қазақ мемлекеттілігінің мәселелері. «М.Қ. Қозыбаев және  Қазақстан тарихы ғылымы» // Дөңгелек үстел материалдары. -Қостанай, 2002. - 32-35 б. 

2003 

17 Кенжеғали Қаюпов - Махамбет Өтемісұлы жырларын насихаттаушы. Ер Махамбет // (М.Өтемісұлының 200 жылдығына арналған «Қазақ халқының ұлт азаттық күресі тарихының өзекті мәселелері» атты аймақтық ғылыми-практикалық конференцияның материалдар жинағы). -Қостанай, 2003. - 27-30 б. 

2004 

18 Арынғазы Әбілғазыұлының дипломатиясы. ХVІІІ-ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанның шектес елдермен қарым-қатынасы: проблеманың қазіргі күйі мен болашағы // Халықаралық ғылыми - практикалық конференцияның материалдары. 10-11 желтоқсан. - Ақтөбе, 2004.-115-117 б.

19 Қазақ - орыс қатынасы және Арынғазы Әбілғазыұлы бейнесі // "Қазақстан-Ресей ынтымақтастығы келелі мәселелері мен болашағы" атты халықаралық ғылыми конференцияның материалдары. - Атырау, 2004. - 87- 91 б. 

2006

 20  Орынбор Ғылыми мұрағаттық комиссиясы тарихы // («Каспий –              Еуразия халықтары тағдырында: тарихы және ынтымақтасу болашағы» атты халықаралық ғылыми- тәжірибелік конференцияның материалдар жинағы ). – Атырау, 2006. - 57- 60 б. 

2007 

21 Орынбор ғылыми мұрағаттық комиссиясының құрылу тарихынан. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті // ҚазҰУ Хабаршысы «Шығыстану сериясы». - Алматы, 2007. № 4 (41). -11-14 б.

22 Қазақ тарихы және А.И. Добросмыслов // Қазақ Ұлттық Университетінің хабаршысы. Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы. – Алматы, 2007. № 5-6 (31-32).  -88-90 б.

23 Қазақтың дәстүрлі құқығы ХVІІІ-ХХ ғғ. орыс зерттеулерінде // «Тұлғаның қоғамның мемлекеттік қауіпсіздігінің конституциялық негіздерін қамтамасыз етудің өзекті мәселелері» атты аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары.  – Атырау, 2007. 9-10 қараша. - 37- 41 б.

24 Орынбор ғылыми мұрағаттық комиссиясындағы И.А. Кастаньенің қызметі // М. Өтемісов атындағы БҚМУ  Хабар-шысы. Ғылыми журнал. -Орал, 2007. 3 (27). - 25-31 б.

25 Э.А. Эверсман - Каспий өңірін зерттеуші // М. Өтемісов атындағы БҚМУ Хабаршысы. Ғылыми журнал. -Орал, 2007. 3 (27).- 117-122 б.

26 Орынбор ғылыми мұрағаттық комиссиясы және Торғай облысы газеттері // «Қазақ әдебиеті және қазіргі заман» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференцияның материалдар жинағы. – Атырау, 2007. 28-29 қараша.-102-105 б.

27 «Қазақ» газеті және қазақ тарихы // Академик З.Алдамжаров атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университеті Ғылыми Хабаршысы.-Қостанай, 2007. №4.-12-16 б.

28 Орынбор ғылыми мұрағаты комиссиясындағы тарихи өлкетануды ұйымдастыру // «Өлкетанудың өзекті мәселелері» атты республикалық ғылыми-практикалық конференцияның материалдар жинағы. – Атырау, 2007. 7-8 желтоқсан. - 65-71 б.

29 «Қазақ» газеті бетіндегі қазақ тарихы мәселелері // Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің Хабаршысы." Тарих және саяси әлеуметтік ғылымдар сериясы. –Алматы, 2007. №4 (15). -52-54 б.

30 Өлкетану және қазақ өлкесін зерттеген ғылыми комиссия // Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің Хабаршы-сы. «Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар» сериясы.- Алматы, 2007 № 4 (15). - 48-51 б.

31 Қазақ елін зерттеген шығыстанушы // Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті Хабаршысы. Гуманитарлық ғылымдар сериясы. – Атырау, 2007. 1(9). - 42-45 б.

32 Ш.Ш.Уәлихановтың құқықтық шығармасы турасында // «Тұлғаның қоғамның мемлекеттік қауіпсіздігінің конституциялық негіздерін қамтамасыз етудің өзекті мәселелері» атты  аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. - Атырау, 2007. 9-10 қараша.- 42- 46 б. 

          2008

33 Ахмет Байтұрсынов және Орынбор қаласы. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті // ҚазҰУ Хабаршысы «Тарих сериясы». - Алматы, 2008. № 1(48). -240-244 б.

34 Ғ.Б. Балғымбаев және Орынбор ғылыми мұрағаттық комиссиясы // Отан тарихы, 2008. №2. - 88-98 б.

35 Орынбор ғылыми мұрағаттық комиссиясы және Арынғазы хан ұрпақтары // Қазақ тарихы, 2008. №2. - 47-50 б.

36 Из истории изучения археологических памятников в Казахстане. (по материалам Оренбургской Ученой Архивной Комиссии) // Вестник Прикаспия: Археология, история, этнология /Ассосациация университетов Прикаспийских государств. Калмыцкий государственный университет. -Элиста, 2008. №1. - с.52-55

37 Русское Географическое общество и Казахстан // Вестник Прикаспия: Археология, история, этнология  /Ассосациация университетов Прикаспийских государств. Калмыцкий государственный университет. - Элиста,  2008. № 1,- с.132-137

38 З.А.Алдамжардың ғылыми мұралары // «Отан тарихының келелі мәселелері» атты республикалық ғылыми - теориялық конференцияның  материалдар жинағы. – Атырау, 2008. 28-29 ақпан. - 219-222 б.

39 Тарихи деректерді мұрағатқа жинақтаған ғылыми комиссия // Қазақстан мұрағаттары. 2008, №1(5). - 87-93 б.

40 XVIII-XIXғғ. қазақ елі және Ресейдің зерттеу қоғамдары // Еуразия гуманитарлық институтының Хабаршысы. Ғылыми журнал. - Астана. 2008. №1. - 5-10 б.

41 Комиссия еңбектеріндегі қазақтар тарихы // Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің Хабаршысы.–Атырау, 2008. №10.- 41-48 б. 

      2009

42 Қазақ тарихынан сыр шерткен мұражай // Мәдени мұра. 2009. №5 (26). - 90-97 б.

43 Культурно-исторические основы дружбы и сотрудничества Казахстана и России // Образ страны и межкультурная коммуникация: Сб. науч. тр. - Саратов: ИЦ "Наука", 2009. - с.124-129

44 Традиции толерантности и веротерпимости в казахской культуре // Диалог культур: Евразийский опыт и региональная специфика: материалы международного научно-практического семинара. – Оренбург, ИПК ГОУОГУ, 2009. - с.77-81 

2010

45  Шерғазы Қайыпұлын білеміз бе? // Қазақ тарихы, 2010. №2. - 11-     13 б.( Авторлық бірлікте: Ә.Қ. Мұқтармен ).

46  Шерғазы Қайыпұлы білеміз бе ? // Қазақ тарихы, 2010. №4 – 10-13 б.    (Авторлық бірлікте: Ә.Қ. Мұқтармен ).

47 Бақытжан Қаратаевтың ғылыми мұралары // М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті Хабаршысы. Ғылыми журнал. - Орал 2010. №1(37). - 133-137 б.

48 XIX ғасыр аяғы мен XX ғасыр басындағы өлке баспасөзінің жайы // Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің Хабаршысы. - Атырау  2010. № 1(16). - 32-34 б.

49 Некоторые аспекты голода 1920-х годов в приграничной зоне Южного Урала и Казахстана // М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті Хабаршысы. Ғылыми журнал. – Орал, 2010. № 3(39) - 94-104 б.

50 Қазақ тарихы және мұрағаттық комиссия // М. Өтемісов атындағы БҚМУ Хабаршысы. Ғылыми журнал. – Орал, 2010. №2(38). - 138-149 б.

51 Мұрағаттық комиссия кітапханасы және қазақ тарихы // Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің Хабаршысы. – Атырау, 2010.  №3(39).–78-85 б.

52 Қазақ тарихын зерттеген мұрағаттық комиссия мүшелері // ІІІ Махамбет оқулары атты республикалық ғылыми -тәжірибелік конференцияның   материалдары. М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің баспа орталығы. – Орал, 2010.- 42- 48 б.

53 Архивные материалы Оренбургской области как важный источник в изучении истории казахов // Образ страны и межкультурная коммуникация: Сб.науч.тр. – Саратов: ИЦ «Наука», 2010. – с.132-137.

54 История создания и научная деятельность Оренбургской Ученой  архивной комиссии (1887-1918 гг.) // Образ страны и межкультурная коммуникация: Сб.науч.тр. – Саратов: ИЦ «Наука», 2010. – с.153-159.)

55 Жақсы ханым // Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. Толықтырылған 2-ші басылымы. –Алматы: «Арыс» баспасы, 2010. - 478-479 б.

56 Пірәлі хан // Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. Толықтырылған 2-ші басылымы. –Алматы: «Арыс» баспасы, 2010. – 478 – 479 б.

57 Шерғазы сұлтан // Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. Толықтырылған 2-ші басылымы. –Алматы: «Арыс» баспасы, 2010. - 478-479 б.

58 Қазақ археологиясы тарихы және И.А. Кастанье // «Каспий өңірінің тарихи және әдеби мұраларын сақтау және одан әрі дамытудың өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми – практикалық конференциясының баяндамалар жинағы» - Атырау, 2010. – 151-156 б. 

2011

59 Ғалым Хакім Ахметжанұлы Ахметжановтың өмірі мен қызметі // М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті Хабаршысы. Ғылыми журнал. – Орал, 2011. № 3(43)- 94-104 б.

60 Орынбор мұрағаттық комиссиясы тарихының методологиялық мәселелері // М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті Хабаршысы. Ғылыми журнал. - Орал 2011. № 4(44) - 94-104 б. 

2012 

61 Қазақ қыздары және гендерлік саясат // М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті Хабаршысы. Ғылыми журнал. – Орал, 2012. № 6(46).-61-63 б.

62 Қазақ тарихы орыс зерттеушілері еңбектерінде (ОҒМК мүшелері еңбектеріне тарихнамалық талдау) // Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Хабаршысы «Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар» сериясы. – Алматы, 2012. №1(32) – 120-125 б.

63 Орынбор ғылыми мұрағат комиссиясы және түркі халықтары тарихының зерттелуі // М. Өтемісов атындағы БҚМУ 80 жылдығына орай «Жоғары оқу орнындағы білім, ғылым және инновация: кешегісі, бүгіні және келешегі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдар жинағы. №   23 қараша, 2012 жыл. 12-15 б.

64 Орынбор Ғылыми мұрағаттық комиссиясының Қазақстандағы археологиялық ізденістері // Вопросы истории и археологии Западного Казахстана. №3, 2012. – С.26-38.

65 Алаш қайраткері Ғ.Б. Балғымбаевтың қоғамдық-саяси қызметі / Вопросы истории и археологии Западного Қазахстана. №4, 2012. –С.67-75.

66 Географическое изучение Западного Қазахстана в ХҮІІІ веке. / «ІV Махамбет оқулары» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. – Орал, БҚМУ. 8 қараша 2012 ж. – С.86-88.

67 Сырым ұрпақтарының Арынғазы бастаған ұлт-азаттық қозғалысқа қатысуы // «Азаттық туын алғаш көтерген ардақты тұлға» Сырым Датұлының 270 жылдығына арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдар жинағы. – Астана: «Беркут-Принт» ЖШС, 2012. – 51-55 б.

68 Тарихшы З.А. Алдамжар / Зұлқарнай Алдамжар- ұстаз, ғалым, қоғам қайраткері. /Зұлқарнай Алдамжарұлының туғанына 75 жыл. Қостанай 2012.- 316 бет., 235-239 б.

69 Сіз білетін Аттила кім?/ Аңыз адам. №  2012.- 14 б.

70 Словохотов және Әз Тәукенің Жеті Жарғысы. / Аңыз адам. №  2012.- 14б.

71 Kazak. Archeology: history of investigation and today's development / International Center for Education and Technology  94-95. Kazakstan oil history and development prospects. / Conference Materials- November 26-27, 2012, ICET, Bozeman, MT, USA.88-90. (Imashev.E.Zh.co-authorship).

72 Development and formation of the Kazakh Science./ International Center for Education and Technology  / Conference Materials- November 26-27, 2012, ICET, Bozeman, MT, USA.26-28. (MuktarA. co-authorship). 

2013 

73 Археологическая деятельность российских научных обществ XIX - нач. XX вв. по изучению Западного Казахстана // Второй Всероссийской научно-практической конференции «Народы Южного Урала на страже  Родины». – Оренбург, 2013г. 23 февраля. (Соавторстве Н.М.Тукешевой).

74Ахметова У.Т. «История Яицкого казачества в работах российских исследователей XIX – нач. XX вв.» // Второй Всероссийской научно-практической конференции «Народы Южного Урала на страже  Родины». – Оренбург, 2013г. 23 февраля. (Соавторстве Ж.К.Мухангалиевой). – С.61-66

75 The history of Kazakhstan and Iosif Antonovich Kastanye. / Modern Science: Problem and Perspectives. International Conference. Volum  4. Las Vegas, NV, USA. April15, 2013. Complied by: ICET, USA. 2013.   260-262.

76 Featuring the Frontier Trade in 19th Century Researchers' Wroks./ Modern Science: Problem and Perspectives. International Conference. Volum4. Las Vegas, NV, USA. April15, 2013. Complied by: ICET, USA. 2013. 262-264. (Nazgul Tukesheva co-authorship).

77 The Ethnograpy of the Little Zhuz in the Explorers' Works of XIX Crntury./ Modern Science: Problem and Perspectives. International Conference. Volum4. Las Vegas, NV, USA. April15, 2013. Complied by: ICET, USA. 2013.   265-266. (Zhanar Mukhanagalieva co-authorship).

78 ХІХ ғасыр бас кезеңіндегі Кіші жүздегі ұлт-азаттық қозғалыстар және оның сабақтастығы. / М. Өтемісов атындағы «БҚМУ Хабаршысы», - Орал, №1(49)-2013.- 280- 284  б.

79 The history of  Kazakhstan and Iosif Antonovich Kastanye. / М. Өтемісов атындағы «БҚМУ Хабаршысы», - Орал, №1(49)-2013.- 306-309 б.

80  The Ethnograpy of the Little Zhuz in the Explorers' Works of XIX Crntury. /М. Өтемісов атындағы «БҚМУ Хабаршысы», - Орал, №1(49)-2013.- 309-312б. (Zhanar Mukhanagalievaco-authorship).

81 Featuring the Frontier Trade in 19th Century Researchers' Wroks./М. Өтемісов атындағы «БҚМУ Хабаршысы», - Орал, №1(49)-2013.- 312-315 б. (Nazgul Tukesheva co-authorship).

82 Кенжеғали Қаюпов - Махамбет Өтемісұлы жырларын зерттеуші / «Исатай мен Махамбет: ізденістер, зерттеулер, көзқарастар» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция. - Орал: 2013 жыл, 27 мамыр.-VМахамбетоқулары:М.Өтемісұлының 210 жылдығына арналған дәстүрлі респ. ғыл.-тәж. конф. материалдары: - Орал:М.Өтемісов атындағы БҚМУ РБО,2013. -330б. 172-177 б.

83 Орал қаласындағы ғылыми қоғам және оның қызметі. / М. Өтемісов атындағы «БҚМУ Хабаршысы», - Орал, 2013. №2(50).-226-232 б.( Авторлық бірлікте: А.Е.Жаркемалиевамен).

84 Ғ.Б.Балғымбаевтың Торғай газетіндегі қызметі // М. Өтемісов атындағы «БҚМУ Хабаршысы», - Орал, 2013 №2(50). 220-225б. (Авторлық бірлікте: Г.Бержановамен).

85Деятельность Оренбургской Ученой архивной комиссии по сохранению архивных фондов в революционный период 1917-1918 гг./ Қазақстан тарихшылар конгресінің мақалалар жинағы / Н.Гумилев атындағы Еуразия мемлекеттік университеті, 2013 жыл. (Баспаға тапсырылған) (Авторлық бірлікте: Н.М.Тукешевамен).

86Кастаньенің Түркістандағы ғылыми-зерттеу жұмыстары. / М.Өтемісов атындағы БҚМУ Хабаршысы, - Орал, 2013 №3(51). (Авторлық бірлікте: А.Б.Дакешевамен).

87Орынбор мұрағаты:қазақ тарихын құжаттаған ғылыми мекеме. Жаңа ғасырдағы Қазақстан тарихының өзекті мәселелері / Халықаралық ғыл.тәж.конф.материалдары / Жалпы редакциясын басқарған А.С.Иманғалиев.- Орал:М.Өтемісов атындағы БҚМУ РБО, 2013. - 270 б. -95-98 б. 

Мерзімді баспасөз бетінде жарық көрген мақалалар: 

88 Ахметова Ұ.Т. Ар жақта дүмбірлеген Арынғазы // Егемен Қазақстан  2007 жыл, 27 маусым. -11б.(Авторлық бірлікте: Ә.Қ. Мұқтармен ).

89Ахметова Ұ.Т. Тарихы тұнған сырлы Орал // Жайық үні №41,2012. – 9 б.

90 Ахметова Ұ.Т. Гендерлік саясат және қазақ қыздары // Мұнайлы Астана №39(479) 27 қыркүйек 2012 жыл. – 6 б.

91 Ахметова Ұ.Т. Тарихты білу – тағылымды іс // Жайық үні №35(1177) 29 тамыз 2013 жыл. -9 б.

{tab=Сұрақ қою}

Сұрақ қою

{/tabs}

МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫ

Frontpage Slideshow | Copyright © 2006-2012 JoomlaWorks Ltd.

ВИРТУАЛДЫ ТУР

БАЙЛАНЫСТА БОЛ