Ахмеденов К.М.


Ахмеденов Қажымұрат Мақсотұлы

ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор, география ғылымдарынң кандидаты, қауымдастырылыған профессор.

Туған жері, жылы:

30 тамыз 1978 жыл, РФ, Волгоград облысы, Палласов ауданы, Эльтон ауылы.

Білімі:

2000 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Биология және география» мамандығың аяқтаған.

2005 жылы М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, «Экология» мамандығы бойынша магистратура аяқтаған.

2009 жылы 25.00.26 – жерге орналастыру, кадастр және жер мониторингі мамандығы бойынша география ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесіне диссертация қорғаған.

2014 жылы «География» мамандығы бойынша қауыдастырылған профессор атанған.

Жұмыс өтілі:

2000-2006 жж. - М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Ботаника» кафедрасының оқытушысы, 2006 жылдан бастап - Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің аға оқытушысы кафедра меңгерушісінің орынбасары, кафедра меңгерушісі, аға ғылыми қызметкер, директордың орынбасары, директор, ғылым және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор. 2018 жылдан бастап - М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры.

Ғылыми қызметі:

Жерге орналастыру, кадастр, жер мониторингі, ландшафтану мәселелеріне арналған 400-ден астам ғылыми және оқу-әдістемелік еңбектер авторы, соның ішінде: 12 мақала импакт-факторы бар жоғары рейтингті басылымдарда, 9 ғылыми монографиялар, 11 оқу құралдары, 1 патент, 4 авторлық куәлік иегері. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде аккредителген. Бюджет есебінен және бюджеттен тыс қаржыландырылатын жобалармен жұмыс жасауда тәжірибиесі бар. Жайык-Каспий аймағының биологиялық және ландшафттық алуантүрлілігін зерттеу бойынша бірқатар халықаралық ғылыми-зерттеу экспедициясының бастамашысы және ұйымдастырушысы болып табылады.

Марапаттау, мадақтау:

2013 жыл – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жас, дарынды ғалымдар үшін стипендиясының иегері. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «2014 жылдың жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағының иегері.

 

Сұрақ қою

МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫ

Frontpage Slideshow | Copyright © 2006-2012 JoomlaWorks Ltd.

ВИРТУАЛДЫ ТУР

БАЙЛАНЫСТА БОЛ