Қашықтан оқыту орталығы

Жетекші: Бимагамбетова Гульнара Адилгиреевна 

М.Өтемісов атындағы БҚМУ білім беру жүйесі мақсаттарының бірі студенттердің білім алуын алдыңғы қатарлы білім беру әдістемесі мен технологиясы арқылы ұйымдастыру, сонымен қатар студенттердің білім алу үрдісін жоғары кәсіби деңгейде және студенттер білімін халықаралық білім нарығында бәсекеге қабілетті болуын қамтамасыз ету.

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің кредиттік оқыту түріне ауысуына байланысты қашықтан оқытудың желілік технологиялар рөлі де өсуде. Қашықтан оқытудың желілік технологияларын қолдану студенттердің жаңа материалдарға толықтай және қалаған уақытында қол жеткізуіне мүмкіндік жасайды.

М.Өтемісов атындағы БҚМУ оқу үрдісінің қашықтан оқыту технологиялары арқылы іске асуы үшін 2008 жылы Қашықтан оқыту бөлімі құрылды. Орталық жұмыс барысында қашықтан оқытуды ұйымдастыру және әдістемелік тұрғыда, сонымен қатар қашықтан оқыту жүйесінің бағдарламалық және ақпараттық ресурстардың техникалық қолдауына әкімшілік етеді.

Қашықтан оқыту орталығының негізгі мақсаты ақпараттық және телекоммуникациялық құралдар көмегі негізінде қашықтан оқыту технологиялары арқылы оқу үрдісін ұйымдастыру.

Қашықтан оқыту орталығының қызметі:

- БҚМУ қашықтан оқыту жүйесін әдістемелік қамтамасыз ету;

- ПОҚ-ты қашықтан оқыту технологиялары бойынша әдістемелік тұрғыда дайындау;

- қашықтан оқыту технологиялары арқылы оқу үрдісін ұйымдастыру.

ҚОО басты міндеттері:

- әрбір білім алушыға ҚОТ шеңберінде білім контентіне тікелей немесе қосымша түрде қол жеткізу;

- жаңа ақпараттық технологиялар негізінде білім алушылардың білім алуы, дамуы және шығармашылық даралығын көрсету үшін жағымды жағдай жасау;

- қашықтан оқыту технологиялары арқылы іске асып жатқан оқу пәндері үшін электронды оқу-әдістемелік кешендерін жасау және М.Өтемісов атындағы БҚМУ білім порталына орналастыру;

- қашықтан оқытудың желілік технологиялар бойынша оқу үрдісінің ұйымдасуын қамтамасыз ету.

Мекен-жайы: Аманжолов көшесі 38, 6 оқу ғимараты.

Телефон: 8 (7112) 51-07-52

Жастар - болшақ энергиясы

youth futureenergy

МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫ

Frontpage Slideshow | Copyright © 2006-2012 JoomlaWorks Ltd.

СЕРПІН-2050

IT-ПЛАНЕТА

it-planet

ВИРТУАЛДЫ ТУР

БАЙЛАНЫСТА БОЛ