Академиялық мәселелер департаменті

Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры 

Кайсагалиева Гульжахан Смаиловна

 

Академиялық мәселелер жөніндегі дпартаменті университеттің құрылымдық бөлімшесі болып табылады және тікелей университеттің оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректорына  бағынады.

Департамент құрылымына офис тіркеуші, статистика және контингент бөлімі, маңсап орталығы кіреді.

Академиялық мәселелер жөніндегі департаменті өз жұмысында Қазақстан Республикасының іс жүзіндегі  заңнамаларын,  ҚР білім және  ғылым Министрлігінің нормативтік құжаттарын, СМЖ/ЭСЖ әдістемелік нұсқауларын, БҚМУ туралы Ережені  және Академиялық мәселелер жөніндегі департаменті туралы Ережені басшылыққа алады.

Академиялық мәселелер жөніндегі департамент мына жұмыстардың орындалуына  жауап береді:

- факультет деканаттарымен, кафедралармен және университеттің басқа да құрылымдық бөлімшелерімен  бірге оқу үрдісін ұйымдастыру және үйлестіру;

- факультет деканаттарымен, кафедралармен және университеттің басқа да құрылымдық бөлімшелерімен  бірге білім алушылар контингенті  бойынша статистикалық мәліметтерді; университет пен оның бөлімшелерінің оқу қызметіне тиісті талдау жасау үшін қажетті статистикалық мәліметтерді жинау, жалпылау және ұсыну; 

- факультет деканаттарымен, кафедралармен және университеттің басқа да құрылымдық бөлімшелерімен бірге білім алушылардың оқу жетістіктері, контингентінің есебі мен қозғалысы бойынша талдамалы (аналитикалық) және статистикалық есептерді  құрастыру;

-  факультет деканаттарымен, кафедралармен және университеттің басқа да құрылымдық бөлімшелерімен бірге білім алушылардың білімдерін бақылаудың әр түрлерін: ағымдағы және рубежді бақылау, аралық (сессиялар, қосымша оқыту/жазғы семестр) және қорытынды мемлекеттік (мемлекеттік емтихандар) аттестаттау, мемлекеттік аралық бақылауын (МАБ) ұйымдастыру және өткізу;

- факультет деканаттарымен, кафедралармен және университеттің басқа да құрылымдық бөлімшелерімен бірге сарамандардың барлық түрлерін ұйымдастыру, өткізу және нәтижелерін талдау;

- факультет деканаттарымен, кафедралармен және университеттің басқа да құрылымдық бөлімшелерімен бірге университет түлектерінің жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесу бойынша  шараларды ұйымдастыру мен өткізу және жұмыспен қамтамасыз етуді талдау; 

- кәсіби бағдар беру жұмыстары саласында білім басқармалары, білім беретін мекемелері арасында университет ынтымақтастығын дамытуға;

- талапкерлерге кәсіби  бағдар  беру мақсатында жүйелі  жұмыс ұйымдастыруға (талапкерлерді дайындық мақсатында түрлі жұмыстар, жарнамалық науқан өткізу, ҰБТ және КТ-ға дайындық курстары);

-  факультет деканаттарымен, кафедралармен бірге эдвайзерлер академиялық жетекшілер қызметінің жұмысын және академиялық топтар кураторларының қызметтерің басқару және бақылау;

- білім саласындағы ҚР МЖМБС, Үкімет қаулыларын және нормативті құқық құжаттарының талаптарының орындалуын бақылау;

- оқу құжаттарының формулярлары мен бланкілерін, оқытудың кредиттік технологиясы бойынша университеттің ішкі нормативті құжаттарын өңдеуге, бекітуге және өндіріске енгізуге;

-  университеттің сапа саласындағы саясатын жүзеге асыру барысына қатысу.

Мекен жай: Достык даңғылы 162, корпус 1, 213 каб. 

Телефон: 8(7112) 51-19-91

E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.