Оқу үрдісін ұйымдастыру және бақылау орталығы

Орталық жетекшісі Латыпова Римма Хамитовна

Оқу үрдісін ұйымдастыру және бақылау орталығы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің бөлімі туралы Ережеге және мамандарға арналған қызметтік нұсқаулықтарға, ҚР іс жүзіндегі заңнамалық актілеріне сәйкес қызмет атқарады.

Орталық кафедралар және факультет деканаттарымен, академиялық мәселелер және Болон процессі жөніндегі Департамент бөлімдерімен, инновациялық білім беру бағдарламаларын дамыту бөлімімен, ЖОО-нан кейінгі дайындық бөлімімен бірге  оқу үрдісін жоспарлайды және үйлестіреді.

Орталық қызметінің негізгі мақсаты бакалавриат пен магистратура деңгейі бойынша Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттарына (әрі қарай мәтін бойынша МЖМБС) сәйкес оқу үрдісін жоспарлау және ұйымдастыру болып табылады.

Оқу үрдісін ұйымдастыру және бақылау орталығының қызметі: 

- бакалавриат  пен  магистратура  мамандықтарының жұмыс оқу жоспарларын (әрі қарай мәтін бойынша ЖОЖ) құрастыру  және  үйлестіру; 

- факультет және университет бойынша жинақталған оқу үрдісі кестелерін құрастыру мен  үйлестіру;

- академиялық лектерді (оқу сабақтарының түрлері бойынша) құрастыру және үйлестіру;

- кафедралардың педагогикалық қызметінің сағаттар есебін, университеттің ПОҚ бойынша штаттық кестесін МЖМБС  мен уақыт мөлшеріне сай құруға бақылау жасау;

- оқу сабақтарының барлық түрлері бойынша (соның ішінде магистратура, БҚМУ колледжі) кесте  құрастыруға;

- ПОҚ тарапынан оқу сабақтарының, емтихандардың кестеге сәйкес өткізілуіне бақылау жүргізуге;

- ПОҚ  мен  кафедралардың оқу жүктемелері есебінің (айлық, жартыжылдық, жылдық) орындалуына қорытынды жасауға.

Оқу үрдісін ұйымдастыру және бақылау орталығы қызметінің негізгі мақсаттары:

-    жоғары  және  жоғары оқу орнынан кейінгі мамандықтар бойынша оқу үрдісін МЖМБС-на сәйкес оқу құжаттарымен қамтамасыз ету;

-     мамандықтар бойынша МЖМБС сәйкес  оқу сабақтарының  кестесін құрастыру.

Мекен-жайы: Студенттер көшесі 1, №8 ғимарат, 201 каб.

Телефон: 8 (7112) 26-05-33