Офис-тіркеуші студенттерге қызмет көрсету орталығы

IMG-20190411-WA0014Жетекшісі – Кдиргужина Эльмира Меңдіғалиқызы

Офис-тіркеуші студенттерге қызмет көрсету орталығының негізгі мақсаты Кредиттік оқыту технологиясы жағдайында оқу үдерісін ұйымдастыруға ықпал ету, білім алушылардың оқу жетістіктерінің барлық тарихын тіркеу сапасын арттыру, білім алушылардың біліміне ашық бақылауды жоспарлау мен жүргізуді ұйымдастыру болып табылады.

Міндеттері:

- Білім алушылардың оқу жетістіктерінің тарихын жүргізу және тіркеу процестерін басқару;

- оқытудың жеке траекториясын қалыптастыруды үйлестіру;

- білім алушыларды оқу пәндеріне тіркеу ұйымдастыру.

- Білім алушыларға уақтылы және сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз ету;

- Оқу үрдісінің қызметін жақсарту;

- Білім алушылардың сұранысы бойынша толық ақпарат беру;

- Білім алушыларға көрсетілетін қызметтердің сапасы мен мәдениетін арттыру;

- Академиялық мәселелер бойынша білім алушыларды қолдау.

Функционалдық міндеттері:

1. пәндерге тіркеу және қайта тіркеу, ЖОЖ қалыптастыру

2. GPA анықтамасы;

3. академиялық айырмашылықты немесе академиялық берешекті анықтау;

4. академиялық демалысты ресімдеу;

5. академиялық анықтамалар, транскрипт анықтамаларын беру,

6. Платонус АЖ-ға кіру үшін логин мен парольді беру;

7. жазғы семестрді ұйымдастыру, академиялық берешектерді қайта тапсыру, академиялық айырмашылықты тапсыру;

8. білім алушыларға ақпараттық көмек көрсету;

9. ішкі және сыртқы академиялық ұтқырлық мәселелері бойынша кеңес беру;

10. білім алушылардың академиялық үлгерімін есепке алуды жүргізу;

11. білім алушының академиялық рейтингін есептеуді жүзеге асыру;

12. оқу пәндері бойынша алынған кредиттер/сағаттардың есебін жүргізу;

14. ағымдағы, аралық және қорытынды аттестаттауды өткізу үшін қажетті ведомостарды дайындау;

15. аралық және қорытынды аттестаттау нәтижелері бойынша жиынтық ведомостарды қалыптастыру және дайындау;

16. ағымдағы транскрипт және дипломға қосымшаны (транскрипт) жүргізу және беру, GPA өту балын есептеу;

17. элективті пәндерге білім алушыларды тіркеуді ұйымдастыру және өткізу;

18. студенттердің үлгерім мониторингі;

19. білім алушының деректер базасындағы ақпараттың дұрыстығын бақылау және СБ ақпараттық жүйесін өзектендіру;

20. үздік дипломға үміткер студенттердің тізімін дайындау;

21. факультеттерге емтихан сессиясының нәтижелері бойынша және білім беру процесінде жіберілген кемшіліктер мен сәйкессіздіктер туралы ақпарат дайындау

Қойылған міндеттерді шешу үшін Орталық мынадай міндеттерді орындауды қамтамасыз етеді:

1. Өтініштерді қабылдау және тіркеу.

2. Өтініштерді қарау және өңдеу.

3. Құжаттарды ресімдеудің барлық түрлеріне өтінімді қабылдау (анықтамалар, академиялық анықтама, транскрипт).

4. Ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеру.

5. Орталыққа жүгінген кезде студенттерге ақпараттық көмек көрсету.

6. Орталық қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша жұмыс.

7. Қиын және даулы жағдайларда білім алушыларға кеңес беру оқу процесін ұйымдастыру.

8. Университет басшылығының басқа да тапсырмаларын орындау.

 

Мекен-жайы: Студенттік көшесі 1, №8 оқу ғимараты 209 каб.

Жұмыс телефоны: 50-96-68

МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫ

Frontpage Slideshow | Copyright © 2006-2012 JoomlaWorks Ltd.

ВИРТУАЛДЫ ТУР

БАЙЛАНЫСТА БОЛ