Интернационалдандыру орталығы

123

Мақсаты: Болон процесі параметрлерін енгізу, білім алушылардың академиялық ұтқырлық бағдарламасын кеңейту, серіктес-жооларды тарту. 

Миссиясы: алыс және жақын шет елдерде серіктес іздеу, академиялық ұтқырлық формаларын жетілдіру, БҚМУ студенттері мен магистранттарының Еуропаның оқу орындарында  сан алуан бағытта білім алуына септігін тигізу, шет тілдерін үйренуге мүмкіндік беру. 

Міндеттері:

- білім алушылардың халықаралық оқыту бағдарламаларына қатысуын қадағалау және ұйымдастыру; 

- студенттер мен магистранттарды Болон процесіне тарту;

- білім беру мазмұнын  әлемдік және еуропалық стандарттарға келтіру (біріккен бағдарламалар, қосдипломды бағдарламалар, инновациялық әдістемелер мен технологияларды қолдану);

- серіктес жоғары оқу орындарымен академиялық ұтқырлықты дамытуға және жетілдіру, т.б.

 

Мекенжайы: Орал қ., Достык даңғылы, 162 үй, 1 ғимарат, 213-бөлме

Тел.: +7 711 2260380

e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

 

Орталық қызметкерлері:

zubkov v

 

Зубков Владислав Сергеевич

Орталық жетекшісі, философия докторы (Dr. phil.)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Фатихова

Консультант - Фатихова Асель

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Айжарикова

 

Әдіскер – Айжарикова Дамира

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орталықтың жұмысы

Бүгінгі таңда М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті Орал өңірінің зияткерлік, ғылыми және біліми, қоғамдық-саяси және мәдени өмірінде ерекше орын алады, шетелмен халықаралық байланыстарын дамытып нығайтуда, студенттер мен мұғалімдердің академиялық ұтқырлығын жан-жақты кеңейтуде. 

Бұдан басқа, М. Өтемісов атындағы БҚМУ-де Болон процесі параметрлерін тиімді түрде ұйымдастырудың жолдары қолға алынуда: жоғары білімнің үш деңгейлік жүйесі енгізілді; қосдипломды бағдарламалар; модульдік оқыту бағдарламалары іске асуда; ЖОО-ның желілік бірлесуі қалыптасқан; серіктес ЖОО-мен академиялық ұтқырлық кеңею үстінде.

Қазақстан Республикасының білім беруді дамытутың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2014 жылдың қыркүйек айынан бастап, жоғары білім берудің интеграциясын әлемдік оқыту кеңістігіне оңтайландыру мақсатында университетімізде Болон процесі орталығы жұмыс жасай бастады. 

Жыл сайын Болон процесі орталығы қызметкерлері университеттің барлық факультеттерінде студенттердің назарына орталықтың презентациясын ұсынады, ол жерде орталықтың қызметімен таныстырылады, сонымен қатар студенттердің серіктес ЖОО-да, оның ішінде алыс және жақын шет елдерде және қазақстандық ЖОО-да семестрлік білім алу мүмкіндіктері туралы айтылады. БҚМУ мен отандық университеттер арасында 30-дан астам келісімшарттар жасалынған, ал шетелдік ЖОО-мен 80-нен астам келісімдерге қол қойылған: Миссисипи алабы мемлекеттік университеті (Итта Бена қ., АҚШ), Йоганнес Гутенберг атындағы университет (Майнц қ., Германия), Мәдениет және туризм халықаралық Институты (Быдгощ қ., Польша), Гази университеті (Анкара қ., Түркия), Славян университеті (Баку қ., Әзербайжан), Халықтар достастығы Ресей университеті (Мәскеу қ., РФ) және т.б. 

 

"Шетелге, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға жіберу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 19 қарашадағы № 613 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

 

Йоганнеса Гутенберг атындағы университет (Майнц қ., Германия)
2

 

Пассау университеті  (Пассау қ., Германия)

 

Ресей халықтар достастығы университеті (Москва қ., РФ)

 4

 

Отто фон Герике атындағы университет (Магдебург қ., Германия)

 5

 

М.Акмуллы атындағы Башқұрт мемлекеттік педагогикалық университеті  (Уфа қ., РФ)

 6

 

Астрахан мемлекеттік университеті  (Астрахань қ., РФ)

 7

 

И.Н.Ульянов атындағы Ульянов мемлекеттік педагогикалық университеті (Ульяновск қ., РФ)

 8

 

Н.Г.Чернышевский атындағы Саратов мемлекеттік университеті (Саратов қ., РФ)

 9

 

 

Орынбор мемлекеттік университеті (Оренбург қ., РФ)

 10

 

Миссисипи мемлекеттік университеті (Итта Бена қ., АҚШ)

 11

 

Экономика университеті (Быдгощ қ., Польша)

 

 12

 

Қалмақ мемлекеттік университеті (Элиста қ., Қалмақ мемлекеті, РФ)

 13

 

Саратов мемлекеттік құқық академиясы (Саратов қ., РФ)

 14

 

Ұлы Казимир атындағы университет (Быдгощ қ., Польша)

 15

 

Николай Коперник атындағы университет  (Торунь қ., Польша)

 16

 

Ардахан университеті  (Ардахан қ., Түркия)

 17

 

Адама Мицкевич университеті (Познань қ., Польша)

 18

 

Лондондық менеджмент академиясы (Лондон қ., Ұлыбритания)

 RTU gerbonis

 

Рыждік техникалық университет  (Рига қ, Латвия) https://www.rtu.lv/en

{/tabs} 

 

МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫ

Frontpage Slideshow | Copyright © 2006-2012 JoomlaWorks Ltd.

ВИРТУАЛДЫ ТУР

БАЙЛАНЫСТА БОЛ