Академиялық қызмет департаменті

KaisagalievaGАкадемиялық қызмет департаментінің директоры:

· ГҮЛЖАХАН СМАИЛҚЫЗЫ ҚАЙСАҒАЛИЕВА

Академиялық қызмет департаменті М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің бөлімі туралы Ережеге және мамандарға арналған қызметтік нұсқаулықтарға, ҚР іс жүзіндегі заңнамалық актілеріне сәйкес қызмет атқарады.

Академиялық қызмет департаментінің құрылымы:

- Жоспарлау және оқу мен оқу-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру бөлімі;

- Офис тіркеуші;

- Студенттерге қызмет көрсету орталығы;

- Мансап орталығы;

Департамент қызметінің негізгі мақсаты:

- жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқу үрдісін МЖМБС-на сәйкес оқу құжаттарымен қамтамасыз ету;

- білім беру бағдарламалары бойынша МЖМБС сәйкес оқу сабақтарының кестесін құрастыру.

- Бакалавриат пен магистратура деңгейі бойынша Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттарына (әрі қарай мәтін бойынша МЖМБС) сәйкес оқу үрдісін жоспарлау және ұйымдастыру болып табылады.

Академиялық қызмет департаментінің міндеті:

- бакалавриат пен магистратураның білім беру бағдарламаларын, жұмыс оқу жоспарларын (әрі қарай мәтін бойынша ЖОЖ) құрастыру мен үйлестіру;

- факультет және университет бойынша жинақталған оқу үрдісі кестелерін құрастыру мен үйлестіру;

- академиялық лектерді (оқу сабақтарының түрлері бойынша) құрастыру мен үйлестіру;

- кафедралардың педагогикалық қызметінің сағаттар есебін, университеттің ПОҚ бойынша штаттық кестесін МЖМБС мен уақыт мөлшеріне сай құруға бақылау жасау;

- оқу сабақтарының барлық түрлері бойынша бакалавриат пен магистратураның кестесін құрастыру;

- ПОҚ тарапынан оқу сабақтарының, емтихандардың кестеге сәйкес өткізілуіне бақылау жүргізу;

- ПОҚ пен кафедралардың оқу жүктемелері есебінің (айлық, жартыжылдық, жылдық) орындалуына қорытынды жасау.

АҚД мекен-жайы: Студенттер көшесі 1, №8 ғимарат, 306 каб.

Телефон: 8 (7112) 50-47-77

МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫ

Frontpage Slideshow | Copyright © 2006-2012 JoomlaWorks Ltd.

ВИРТУАЛДЫ ТУР

БАЙЛАНЫСТА БОЛ