Магистранттардың академиялық ұтқырлығы

М.Өтемiсов атындағы БҚМУ магистранттарының халықаралық академиялық ұтқырлығы - отандық және халықаралық еңбек нарығында бәсекеге қабілетті жоғары бiлiктi қазіргі заманға сай мамандарды қалыптастырудың негiзгi шарттарының бiрi.

 

БҚМУ-дағы академиялық ұтқырлықтың мақсаттары оқыту, зерттеулер жүргізу, тәжірибе алмасу және басқа елдердiң мәдениеті мен дәстүрлерiн үйрену болып табылады.

 

М.Өтемiсов атындағы БҚМУ бейіндік, ғылыми және педагогикалық бағыттағы магистранттарды республикалық бюджет қаржысы, жоо-ның бюджеттен тыс қаржысы, ұлттық компаниялардың, әлеуметтік серіктестіктердің, халықаралық қорлардың гранттары және білім алушылардың жеке қаржылары есебінен қазақстандық жетекші жоо-ларда және шетелдің білім беру немесе ғылыми мекемелерінде академиялық ұтқырлық шеңберіндегі оқытудан өткізуге жібереді.

 

Сiз талапкерлерге қойылатын талаптар жөнінде және академиялық ұтқырлық шеңберінде оқуға жіберілгендер туралы ақпаратты БҚМУ сайтынан таба аласыз: http://www.wksu.kz. («Ынтымақтастық - Бағдарламаларға қатынасу - Академиялық ұтқырлық» бөлімі).


М.Өтемісов атындағы БҚМУ-мен академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша магистранттардың тәжірибе алмасуы туралы келісім-шарттары бар серіктес жоғары оқу орындары жөніндегі ақпаратты сіз БҚМУ-дың http://www.wksu.kz. («Ынтымақтастық - Бағдарламаларға қатынасу - Халықаралық келісімдер мен келісімшарттар, ҚР келісімшарттарының тізімі» бөлiмі) сайтынан таба аласыз. 

МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫ

Frontpage Slideshow | Copyright © 2006-2012 JoomlaWorks Ltd.

ВИРТУАЛДЫ ТУР

БАЙЛАНЫСТА БОЛ