Магистранттың бағыттаушысы

Қымбатты магистрант!

М.Өтемісов атындағы БҚМУ сенің дұрыс таңдауың!

 

ЗМ.Өтемісов атындағы БҚМУ – Батыс Қазақстан облысы жоғары оқу орындарының және аймақтағы оқу-ғылыми орталықтарының ішіндегі байырғы және іргелі мемлекеттік оқу орнындарының бірі. 

Университетіміз  2003 жылдан бастап жоғары білімнен кейінгі білім беру бағдарламасы бойынша магистратураның 24 мамандығында жоғары білікті кадрларды дайындауды жүзеге асырып келеді.

БҚМУ-дың білім беру бағдарламаларын игеру түлектерге келешекте ғылыми, педагогикалық, басқару және сараптамалық қызметпен айналысуға мүмкіндік беретін терең мамандандырылған кәсіби дайындықты қамтамасыз етеді. 

БҚМУ-да оқу экология және биогеохимия сынақ, робот техникасы және мехатроника зертханаларында, археология, этнология және антропология, табиғи мұра, геоботаника және биоалуантүрлілік мониторингін зерттеу зертханаларында белсенді ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізуге, ғылым мен тәжірибенің басым салаларында жетекші мамандардың басшылығымен университеттің ғылыми жобаларына қатысуға мүмкіндік береді.

Университетіміздің ғылыми әлеуетін 12 профессор, 14 ғылым докторы, 133 ғылым кандидаты, 70 доцент, 61 магистр құрайды; 14 оқытушы халықаралық байқаулардың лауреаты, 16-сы Республикалық байқаулардың лауреаты, 3-уі ҚР Суретшілер одағының  мүшесі болып табылады. Университетте 2 ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы, 4 ҚР Спорт шебері, 1 ҚР еңбек сіңірген әртіс жұмыс жасайды.

М.Өтемісов атындағы БҚМУ магистратура мамандықтары бойынша Йоганнес Гутенберг (Майнц қ., Германия), Пассау университеті (Пассау қ., Германия), Отто фон Герике атындағы университет (Магдебург қ., Германия) Халықаралық туризм және мәдениет институты (Быдгощ қ., Польша), Вроцлавск жаратылыстану университеті (Вроцлав қ., Польша),  Гази  университеті (Анкара қ., Түркия), Эгей университеті (Измир қ., Түркия), Ұлы Казимир атындағы университет (Быдгощ қ., Польша), Николай Коперник атындағы университет (Торунь қ., Польша),  Адам Мицкевич университеті (Познань қ., Польша), «Әулие Климент Охридский» атындағы София университеті (София қ., Болгария), Ардахан университеті (Ардахан қ., Түркия), Шэньян әуекосмостық университеті (Шэньян қ., Қытай), Дев Санскрити университеті (Харидвар қ., Индия), Литва, Ресей Федерациясы және  басқа да  елдердің жоғары оқу орындарымен ғылыми байланыстар жөнінде келісімшарт жасасқан. 

 

Бүгінгі таңда университет магистранттары академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында аталған университеттерде ғылыми тағылымдамадан өтуде және білім алуда.  

Нормативтік - әдістемелік құжаттар. Біздің сайтымыздағы бөлімнен М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің магистратурасының нормативтік-әдістемелік құжаттары жөніндегі мәліметтерді таба аласыз. 

 

МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫ

Frontpage Slideshow | Copyright © 2006-2012 JoomlaWorks Ltd.

ВИРТУАЛДЫ ТУР

БАЙЛАНЫСТА БОЛ