Ғылыми кеңес

Ғылыми хатшы Ниетова Айгүл Серікқызы

Орал қ. Достық даңғылы 162, 406-кабинет

Телефон: 8 (7112) 260371

 

Ғылыми кеңес қызметінің мақсаты

1. Кәсіби оқу бағдарламаларын табысты жүзеге асыру мақсатында жоғары оқу орнында білім алушылар мен профессор-оқытушылар құрамына қажетті жағдайлар туғызу.

2. Қаржылық көмек көрсету, жоғары оқу орнының материалдық-техникалық базасын нығайту.

3. Жоғары оқу орнының одан әрі дамуына ықпал ету.

Ғылыми кеңестің негізгі міндеті

Ғылыми кеңестің негізгі міндеті:

• жоғары оқу орны қызметінің  білім беру саласындағы, ғылыми және тәрбие үрдісіндегі негізгі мәселелері бойынша шешім қабылдау;

• білім беру мен ғылым саласындағы мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету.

Ғылыми кеңестің құрамы, құрылымы, қызметі және сайлану тәртібі

1. Ғылыми кеңес оқу орны басшысының бұйрығымен құрылады.

2. Ғылыми кеңестің құрамына оқу орнының басшысы, оқу орны басшысының орынбасарлары, құрылымдық бөлім басшылары, жоғары оқу орнының профессор-оқытушылар құрамының, студенттік және қоғамдық ұйымдарының өкілдері кіре алады.

3. Ғылыми кеңестің құрамы 3 жылға сайланады және мүшелерінің саны тақ болады. Қажет жағдайда жалпы жиналыстың шешімі бойынша ғылыми кеңес құрамына жекелеген өзгерістер енгізілуі мүмкін.

4. Ғылыми кеңестің төрағасы (бұдан әрі – төраға) жоғары оқу орнының басшысы болып табылады.                                                                                                 

Төраға Ғылыми кеңестің жұмысын ұйымдастырады, Қазақстан Республикасының заңдары және осы ережеге сәйкес оның қызметін қамтамасыз етеді, кеңес шешімінің орындалуын жүйелі түрде тексеруді ұйымдастырады.

Төраға өзіне орынбасар тағайындайды.

Төраға болмаған жағдайда оның міндетін орынбасары атқарады.

5. Ғылыми кеңестің қалған мүшелері жоғары оқу орнының жалпы жиналысында кафедра өкілдері мен студенттер қатарынан жасырын дауыспен сайланады.

6. Хатшыны Ғылыми кеңес сайлайды және ол Ғылыми кеңестің ісін жүргізуге жауап береді.

Ғылыми хатшы:

• Тиісті құрылымдық бөлімдер мен лауазымды тұлғалармен бірлесіп жұмыс жоспарын дайындайды, мәжіліс өткізу үшін ұйымдастыру, дайындық жұмыстарын жүргізеді және Ғылыми кеңес шешімінің орындалуын жүзеге асырады. 

• Ғылыми кеңес жұмысының барлық бағыты бойынша қажетті ақпаратты сұрауға және жоғары оқу орны қызметкерлеріне тапсырма беруге құқылы;

• диссертациялық кеңестің төрағасымен бірге жоғары оқу орнында жұмыс жасайтын ғылым кандидаты, ғылым докторы атағы бойынша диссертация қорғайтын диссертациялық кеңестің жұмысын үйлестіреді

• Ғылыми кеңес шешімдерінің жүзеге асырылуын қадағалайды және бұл туралы төраға мен кеңес мүшелеріне жүйелі түрде хабарлап отырады.

7. Ғылыми кеңес өз жұмысын оқу жылына бекітілген жұмыс жоспарының негізінде ұйымдастырады.

8. Ғылыми кеңес мәжілісі сол оқу жылының бекітілген жоспарына сәйкес айына бір рет,  сондай-ақ қажет болған жағдайда өткізіледі. 

9. Ғылыми кеңес өз қызметінің түрлі бағыттары бойынша тұрақты жұмыс жасайтын және тағы да басқа  комиссияларды құрады;

10. Ғылыми кеңес мүшелері Ғылыми кеңес мәжілісіне материалдар дайындау барысында тұрақты жұмыс жасайтын және басқа  да комиссиялардың құрамында белсенді жұмыс жасауға міндетті.

11. Ғылыми кеңес мүшелерінің 2/3 мәжіліске қатысса, ол заңды болып табылады. Ғылыми кеңес мүшесі кеңеске себепті жағдайлармен қатыса алмайтындығын төрағаға уақытылы хабарлауы керек.

12. Мәжіліске қатысушы Ғылыми кеңес мүшелерінің көпшілігі дауыс берсе, Ғылыми кеңес шешімі қабылданды деп есептеледі.

13. Ғылыми кеңес мәжілісінің шешімдері қатысушы мүшелерінің ашық дауыс беруі, ал доцент, профессор атағына байқаулар өткізу  кезінде белгіленген тәртіп бойынша жасырын дауыс беруі арқылы қабылданады.  

Жекелеген мәселелер бойынша кеңес жасырын дауыс беру арқылы шешім қабылдай алады.

14. Ғылыми кеңес жоғары оқу орнындағы номенклатураға сәйкес іс жүргізеді.

15. Ғылыми кеңес мәжілісі хаттамамен ресімделеді. Ғылыми кеңестің шешімдері бөлек ресімделеді. Ғылыми кеңестің хаттамалары мен шешімдеріне төраға мен ғылыми хатшы қол қояды.

Ғылыми кеңестің хаттамалары мен шешімдері тұрақты сақталатын құжаттар болып табылады және ғылыми хатшылар ауысқанда актімен тапсырылады.

Ғылыми кеңес қызметінің негізгі бағыттары

Ғылыми кеңес қызметінің негізгі жұмыс бағыты университеттің аса маңызды және жалпы  мәселелері болып табылады:

1. жоғары оқу орнының жарғысын талдау;

2. оқу жұмыс жоспарларын, оқу үрдісінің кестелерін және т.б. құжаттарды бекіту;

3. студенттер контингентін қалыптастыру қорытындыларын талдау;

4. төмендегі мәселелерді қарау:

• материалдық-техникалық, кадрлық және оқу үрдісін ұйымдастыру- әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету;

• кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлауды қамтамасыз ету;

• жарғылық іс-әрекетті жүзеге асыру үшін қосымша қаржы және материалдық қаражат табу;

• жоғары оқу орнының құрылымдық бөлімдерінің жұмысына, қоғамдық тамақтандыру мен медицина ұйымдарына қажетті жағдай жасау;

• студенттердің жекелеген категориялары үшін қосымша жеңілдіктер мен материалдық қамтамасыз ету түрлерін уақытылы ұсыну;

• студенттердің тұрмыстық жағдайын қамтамасыз ету;

5. жоғары оқу орнының құрылымдық бөлімдерінің жоспарлары мен оқу, ғылыми-зерттеу және тәрбие жұмысы туралы есептерін қарау және бекіту;

6. профессор-оқытушылар қызметіне байқаулар өткізу және жоғары оқу орнының құрылымдық бөлімдерінің жетекшілерін сайлау;

7. жоғары оқу орнының ғылыми-педагогикалық қызметкерлеріне  доцент, профессор академиялық атағын, сондай-ақ сол жоғары оқу орнының құрметті профессоры атағын беру, ҚР мемлекеттік аттестациялық органның алдында доцент, профессор атағын беруге ұсыну;

8. қоғамдық өзін-өзі басқару органдары мен қоғамдық бірлестіктер қызметіне ықпал ету;

9. ғылыми-зерттеу, тәрбие жұмысының және профессор-оқытушы құрамының (бұдан әрі - ПОҚ) біліктілік арттыру жоспарларын талдап, бекіту;

10. монографиялар дайындау және бастыру, диссертация әзірлеуге шығармашылық демалыстар беруді қарау;

11. магистратура, аспирантура, докторантураға қабылдау, аға ғылыми қызметкер лауазымына ауыстыруға ұсыну;

12. жоғары оқу орнының үздік студенттері, магистранттары, аспиранттары қатарынан атаулы шәкіртақыға үміткерлерді бекіту;

13. мамандарды дайындау сапасын арттыру, оқу орны қызметкерлері мен студенттерінің өмір қауіпсіздігін қамтамасыз етуді жетілдіру; 

14. жоғары оқу орнының жылдық және преспективті даму жоспарларын қарау және қаржылық-шаруашылық қызмет қорытындыларын тыңдау;

• жоғары оқу орнының жарғысында қаралған басқа да мәселелерді қарау.

Ғылыми кеңестің құзіреті:

1. университет құрылымын бекіту;

2. жоғары оқу орнының жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу;

3. жоғары оқу орнының оқу және ғылыми құрылымдарын (лаборатория, кафедра, факультет, институт және т.б.) құру, қайта құру және жою;

4. жоғары оқу орнының даму тұжырымдамасын анықтау; 

5. жоғары оқу орнының оқу-тәрбие, ғылыми-зерттеу және шаруашылық қызметін ұйымдастырудың барлық негізгі мәселелері бойынша шешім қабылдау;

6. ректор, проректор, құрылымдық бөлім жетекшілерінің оқу, ғылыми-зерттеу, тәрбие, шаруашылық және халықаралық қызметтің түрлері мен әдістері туралы жылдық есептерін тыңдау;

7. оқулық, оқу құралы және оқу-әдістемелік құралдарды баспаға ұсынуды қарау және ұсыну;

8. ақылы бөлім студенттерін білім грантына және оқудың экстерн түріне ауыстыру туралы шешім қабылдау;

9. магистранттар мен докторанттардың диссертациялық зерттеулері бойынша ғылыми тақырыбы мен жетекшілерін бекіту;

10. жоғары оқу орнының қаржылық-шаруашылық қызметін бақылауды ұйымдастыру;

11. бюджеттен тыс қаражатты пайдалану, сонымен қатар жоғары оқу орнының білім беру қызметін көрсету арқылы тапқан табыстарын қайта инвестициялау мен өндірілген өнімді өткізу  тәртібін анықтау;

12. ғылыми және құрметті атақтар, атаулы шәкірақы мен сыйақы тағайындау және бекіту;

13. жоғары оқу орнының қызметкерлері мен шығармашылық ұжымдарды үкіметтік және құрметті атақтарға ұсыну мәселелерін қарау;

14. жоғары оқу орнының алқалық шешімді қажет ететін ағымдағы басқа да қызметіне қатысты мәселелерді қарау.

 

МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫ

Frontpage Slideshow | Copyright © 2006-2012 JoomlaWorks Ltd.

СЕРПІН-2050

  • edu2050

IT-ПЛАНЕТА

it-planet

ВИРТУАЛДЫ ТУР

БАЙЛАНЫСТА БОЛ