Стратегия және миссия

 М.Өтемісов атындағы БҚМУ 2020 жылға дейінгі даму стратегиясы

Аннотация

Аннотация

УДК 378 ББК 74.58 М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің 2020 жылға дейінгі даму стратегиясы /А.С. Иманғалиевтың жалпы баспасымен/Құрастырушылар: А.С. Тасмағамбетов, Ә.Қ. Мұқтар, Ғ.Қ. Жүсіпқалиева, Т.М. Дәрішева, О.В. Юров – Орал: М.Өтемісов атындағы БҚМУ баспасы. –2013.

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің 2020 жылға дейінгі даму стратегиясында университет жағдайының талдауы, кіріспесі мен міндеттері, негізгі стратегиялық бағыттар, тапсырма мақсаттары және күтілетін нәтижелер көрсетілген. Стратегия университеттің құрылымдық бөлімшелерінің жұмысында,  білім беруді басқару саласының қызметкерлеріне, білім алушыларға және басқа да тұлғаларға пайдалануға арналған.

 

Кіріспе

Кіріспе

 М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті еліміздің ең көне жоғары оқу орындарының бірі болып табылады. М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің негізгі даму кезеңдері: 1932 жыл – Орал қаласында Қазақстандағы екінші (ҚазПИ-дан кейінгі) педагогикалық институттың (ОПИ) ашылуы; 1937 жылы ОПИ-ға А.С. Пушкиннің есімі берілді; 1996 жылдың 7 мамырындағы Қазақстан Республикасының Үкіметінің №573 Қаулысы негізінде 1996 жылы Орал педагогикалық институты А.С. Пушкин атындағы Батыс Қазақстан гуманитарлық университеті болып қайта құрылды. 2000 жылдың 14 ақпанында ҚР Үкіметінің №236 Қаулысымен  А.С. Пушкин атындағы Батыс Қазақстан гуманитарлық университетінің, Батыс Қазақстан аграрлық университетінің және Дәулеткерей атындағы өнер институтының қосылуы негізінде Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті құрылды. 2002 жылдың 5 қарашасындағы  Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1172 қаулысы негізінде Батыс Қазақстан аграрлы-техникалық университеттің бөлінуімен  БҚМУ қайта құрылған. 

2003 жылы БҚМУ-ға Махамбет Өтемісов аты берілді.

БҚМУ білім беруді, ғылым мен мәдениетті дамытудың және таратудың   аймақтағы жетекші орталығы ретінде мәні мен бағыттары нарығымен және әлеуметтік-бағдарлық экономикасымен, қоғамда демократиялық қайта құрылуларымен, ұлттық білім беру жүйесінің әлемдік білім беру кеңістігіне кіруімен  байланысты құқықтық мемлекет ретінде Қазақстанның құрылу үрдісімен анықталатын, құрылымның үздіксіз жетілдіруі мен қызметтің үздіксіз қамтамасыз етілуін талап ететін ашық әлеуметтік-мәдени және ақпараттық жүйені ұсынады. 

Білім беру саласындағы нормативті-құқықтық актілер мен ҚР Президенті Н.А. Назарбаевтың Жолдауы негізінде БҚМУ стратегиялық жоспарлаудың құжаттарын өңдейді. Осы бағытта «М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың 2005-2010 жылдарға арналған стратегиялық даму бағдарламасы» қабылданып, нәтижелі орындалған. 2009-10 жылдары «М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің 2020 жылға дейінгі даму концепциясы» дайындалған. Жүргізілген жұмыстың нәтижесі университеттің 2010 жылы ұлттық институтционалдық аккредиттеуден, 2012 және 2013 жылдары білім беру бағдарламаларын халықаралық аккредиттеуден, 2013 жылы мемлекеттік аттестациядан сәтті өтуінен көрінді. 

Қазіргі уақытта БҚМУ-дың 2020 жылға дейінгі даму стратегиясына өзгерістер мен қосымшалар енгізу қажеттілігінің себепшісі – білім беру жүйесі мен түгел еліміздің дамуының жаңа артықшылықтары; ҚР-дың жоғарғы және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесіндегі негізгі өзгерістер; нормативті-құқықтық базадағы мына өзгерістер: «Ғылым туралы» Заң (2011), «Білім туралы» Заң (2011), ҚР-ның 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы, ҚР БҒМ-ның 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары, Білім берудің кредиттік технологиясы бойынша оқу үрдісін ұйымдастырудың ережесі (2011),  Қазақстан Республикасының 2012-2020 жылдарға арналған академиялық ұтқырлықтың стратегиясы және т.б. құжаттар; стратегиялық дамудың методологиясына қойылатын жаңа талаптар болып табылады. 

2013 жылы өзгерістер мен толықтырулар енгізілген БҚМУ-дың даму стратегиясы жоғарғы және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім берудің отандық жүйесінің дамуына университеттің үлесін қосуға, білім беру саласында ҚР БҒМ-ның нормативті-құқықтық құжаттары мен ережелері қойған талаптарды жүзеге асыруға, жоғарғы білім беру саласындағы ұлттық дәстүрлер мен халықаралық бағыттардан хабардар болуға, аймақтағы жетекші орынды сақтап қалып, республикалық, еуразиялық және халықаралық рейтингте лайықты орындар иеленуге мүмкіндік береді.  

Университет қызметінің жағдайын бағалау және дамудың басты бағыттарын анықтау стратегияның мақсаты болып табылады. Стратегия қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді даму жоспарын және оларды орындау шараларын дайындайтын университеттің барлық құрылымдық бөлімшелері үшін  ұйымдастырушы-әдіснамалық негізі болып табылады. 

Жаһандық беталыстар

Жаһандық беталыстар

ХХІ ғасырда білім алу кез келген қоғамның және мемлекеттің дамуының ең негізгі стратегиялық қоры болып табылады, сонымен қатар жаһандану, аймақтану және интернационалдану мемлекет пен  білім берудің әлемдік жүйесінің дамуының өзекті бағыты қатарында. Осылайша  жаһандану феномені экономикаға, саясатқа, мәдениетке, бұқаралық ақпарат құралдарына әсер ете отырып, білім беруге, соның ішінде жоғары оқу орындарынан кәсіптік дайындық пен ғылыми зерттеулер саласында тығыз халықаралық қатынасқа бағытты талап ететін жоғары білімге де әсерін тигізеді. Сонымен бірге жаһандану үрдісі осы тенденцияны айқын сипаттайтын  Болон үрдісі шеңберіндегі жоғары білім беру интеграциясында өзінің үлесі көрінетін мемлекеттер мен білім беру жүйелерінің дамуының аймақтық спецификасын ерекшелемейді. Сонымен қатар жоғары білімді интернационалдау жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің барлық деңгейінде және оқытушылар мен студенттердің академиялық ұтқырлығының профессионалды дайындық мазмұнының үйлесуі арқылы жүзеге асады. Жаһандану, аймақтану және интернационалдану жоғары білімнің дамуының әлемдік беталысы ретінде төмендегідей өзекті үрдістерді болжайды: ақпараттық-телекоммуникациялық технологиялар өте маңызды рөл атқаратын жаңа білім беру технологиясын енгізу; университет білімінің мәніне әсер ететін және оның фундаменталдығын сақтайтын білім мен ғылым интеграциясын тереңдету; басқару жүйесін өзгерту және академиялық еркіндікті кеңейту арқылы университеттердің автономияларын дамыту; қосымша білім алу қызметін беру, соның ішінде «обучение через всю жизнь» және e-learning қағидасын жүзеге асырумен байланыстысын. Еліміздің ұлттық, әлеуметтік-саяси және саяси тыныс-тіршілігімен қатар әлемдік тенденция және онымен байланысты инновациялық үрдістер қазақстандық білім беру жүйесіне маңызды әсерін тигізеді, 2020 жылға дейінгі БҚМУ-дың стратегиялық дамуын дайындаған кезде ескерілді. 

Міндеті

Міндеті

 2020 жылға дейінгі Қазақстандағы білім беруді дамытудың жалпы стратегиясына сәйкес БҚМУ Батыс Қазақстан облысының нәтижелі білім беру, мәдени, ғылыми және әлеуметтік даму орталығы болуды мақсат тұтады.

Осы көрсеткіштің нәтижесінен университет міндеті дайындалды.

БҚМУ миссиясы:

Қазақстанның ең ескі ЖОО-ның бірі ретінде М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің аймақтың әлеуметтік, экономикалық, мәдени модернизация орталығы болуға мүмкіндік беретін мәдениетаралық диалогтың еуразиялық идеясы мен ұлттық келісім негізінде оның ғылыми, оқу-білімдік және тәрбиелік дәстүрлерін сақтау және көбейту. Алдыңғы қатарлы білім беру технологиясын және қазіргі заманғы білім беру инфрақұрылымын пайдалана отырып, білім берудің, экономиканың, құқықтың, өнердің, мәдениеттің дамуына  және гуманитарлы, жаратылыстану-ғылыми, техникалық білімнің жиналуы мен таратылуына позитивті әсер ете алатын тұлғаның, қоғамның және мемлекеттің  сұраныстарына сәйкес жоғары біліктілікті мамандар дайындау.

Мақсаты:

Жоғары сапалы білім мен университеттің тұрақты дамуын қамтамасыз ете алатын ғылым, білім және өндірістік интеграция негізінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында оқу- әдістемелік, ғылыми-зерттеу, тәрбиелік қызметті жүзеге асыру.

Міндеттері:

- оқыту және тәрбиелеу үрдістерінің интеграциясы үшін ұйымдастырушылық-нормативтік, кадрлық, ақпараттық-әдістемелік және басқа да жағдайларды жасау арқылы университет қызметін жетілдіру;

- білім беруді ақпараттандыру және оқытудың жаңа технологияларын енгізу;

- ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау;

- әлемдік ғылыми-білім кеңістігіне интеграциялану, халықаралық ұйымдар мен бірлестіктерге қатысу;

- ұжымдық басқару жүйесі мен әлеуметтік серіктестікті дамыту, ЖОО қаржыландыруының диверсификациясы. 

 

Ағымдағы жағдайдың талдауы

Ағымдағы жағдайдың талдауы

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің қызметі республика мен шетелде кең қолдау тапты. Университет Қазақстанның алғашқы ЖОО-ның бірі болып 2005 жылы Парижде берілген Халықаралық өндірістік жәрдемдесу ассоциациясының "Золотой медаль SPI" лауреаты атанды. БҚМУ «EUROPEAN QUALITY» («Еуропалық сапа») беделді марапатына лайықталған. Білім беру бағдарламаларының жоғары деңгейі үшін Оксфорд қаласындағы (Ұлыбритания) халықаралық конференцияда БҚМУ-ға "EuroEducation 2006: integration of European experience" медалі берілді. Сонымен қатар БҚМУ еуропалық интеграцияның дамуына үлес қосқаны үшін  «THE UNITED EUROPE» («Объединенная Европа») марапатын алған Еуропа жоғары оқу орындарының арасынан табылды. 2006 жылы Мәскеу қаласындағы халықаралық саммитте БҚМУ «Ұлттық экономиканың көшбасшысы» атанып, құрмет грамотасымен және медальмен марапатталды. Университеттің инновациялық белсенділігі «Қазақстан мен ТМД елдерінің білім беруін ақпараттандыру» атты төрт халықаралық форумда байқалды. Алматы қаласындағы Халықаралық көріністе БҚМУ «Жоғары білікті мамандар дайындағаны үшін» номинациясын алды. 2005 жылы БҚМУ өз қызметіне 9000- сериялы ИСО халықаралық сапа стандартын енгізді. М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті Қазақстан Республикасының алғашқы ЖОО-ның бірі болып, әлемдік білім беру кеңістігін құруға бағытталған Болон декларациясына қол қойды. 

2010 жылы халықаралық стандарт бойынша ҚР БҒМ ҰАО-да БҚМУ-дың институциялық аккредиттеуден өтуі білім беру сапасының халықаралық талапқа сәйкес екеніне дәлел болды. 2012 жылы университет 11 білім беру бағдарламасы бойынша сапа кепілдігінің Еуропалық ассоциациясының мүшесі болып табылатын ресейлік АККОРК тәуелсіз агенттігінде халықаралық аккредиттеуден өтті. 2013 жылы университет 3 білім беру бағдарламасы бойынша ACQUIN герман агенттігінде аккредиттеуден өтті.

Халықаралық Webometrics Ranking of World Universities  рейтингілік агенттігінің хабары бойынша Web-сайттардың әлемдік рейтингісінде М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің сайты Қазақстанның жоо-лары арасында 22 орын.  

Ресейлік «Рейтор» агенттігінің хабары бойынша БҚМУ 2008 жылы әлемнің 500 үздік жоғары оқу орындарының қатарына кірді. Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының ұлттық рейтингісінде көпсалалы ЖОО рейтингісінің нәтижесі бойынша 2013 жылы БҚМУ 7 орынға ие болды, университетіміздің оннан астам мамандығы Ұлттық рейтингте жыл сайын жоғары орындар алады.

Халықаралық ынтымақтастық шетел жоғары оқу орындарымен, ғылыми орталықтармен, Еуропа, Азия, Америка, ТМД елдерінің басқа да ғылыми ұйымдарымен жасалған 60 келісімшарты негізінде жүзеге асады. 

Оқытушылар мен студенттердің академиялық ұтқырлығының географиясы Германия, Польша, Ұлыбритания, Украина, Ресейді қамтиды.

Шетел жоғары оқу орындарымен бірге құрылған Ғылыми ынтымақтастық жемісті дамуда.

Университет DААD, GLOBAL Ugrade, ERASMUS MUNDUS халықаралық бағдарламаларына қатысады.

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім кадрларын дайындау бакалавриаттың 50 мамандығы бойынша, магистратураның 24 мамандығы бойынша 7 факультетте және 23 кафедрада жүзеге асырылады. Бірнеше жылдан бері Болон үрдісінің негізгі ережелерін кезеңмен енгізу жүріп жатыр. 2005-2006 оқу жылдары кредиттік жүйемен оқытудың білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру бойынша жұмыс басталды және бүгінгі таңда Болон үрдісінің міндетті,  факультативті және ұсынысты параметрлері бойынша тәжірибелік нәтижелерге қол жеткізілді, олар:

- жоғары білімнің үш деңгейлік жүйесі;

- студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығы;

- жоғары білімнің сапасын бақылау;

- бағалардың, кредиттердің, дипломға қосымшалардың еуропалық жүйесі;

- білім беру бағдарламалырын құруға, оқу үрдісін ұйымдастыруға, әлеуметтік жұмысқа студенттерді белсенді еліктіру;

- біліктілік тәсіл және Дублиндік дескриптор есебімен білім беру бағдарламаларын модульдік құрылымдау;

- түгел өмірінің ішінде білім беру, қашықтан және электронды оқыту.

БҚМУ-да мамандарды дайындау сапасының көрсеткіші еңбек нарығында олардың талап етілуі, мансап жетістіктері және  бәсекеге жарамдылықтың жоғары деңгейі болып табылады – түлектердің жұмысқа орналасуы 78%-ға жетті.

Әлеуметтік серіктестіктің жүйесі тұтынушылардың әрекеттесуінде құрылған; сараманнан өту бойынша 150 келісімдер жасалды; түлектер Ассоциациясы мен жұмыс берушілер Кеңесі құрылды; сараман базаларының жетекшілеріне сауалнама өткізіледі; білім беру бағдарламаларының мазмұны жұмыс берушінің талабына сәйкес жаңартылады.

БҚМУ-дың басымды мақсаттарының бірі жастарды жоғары азаматтық және адамгершілік ұстанымға, ұлтжандық сезімге және әлеуметтік жауапкершілікке тәрбиелеу бойынша кешенді шараларды жүзеге асыру болып табылады. Осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін студенттік өзін-өзі басқару, әскери-ұлтжанды үйірме, жастар ұйымдары құрылды, ұлтжандылық бағытта 200-ден аса шаралар өткізілді. «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша 600-ге жуық студенттерді СҚЖ-ға маусымдық жұмысқа орналыстыруды қамтамасыз етеді. Университетте білім алушылардың шығармашылығын дамыту үшін, спортты-бұқаралық шаралар өткізу үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған. Қоғамдық қызметке, үйірмелер жұмысына, секцияларға және т.б. белсенді қатысатын білім алушылардың үлесі жалпы контингенттің 33%-ын құрайды.

БҚМУ-да қазіргі ақпаратты-коммуникациялық технологиялардың мүмкіндіктері белсенді пайдалануда – оқу үрдісін қамтамасыз ету үшін меншікті бағдарламалық өнімдер, мамандандырылған сайттар және факультет сайттары құрылды, электронды кітаптар, бейне-дәріс курстары, деректі фильмдер және ақпараттық бағдарламалар шығарылады. 

Ғылыми қызмет алты ғылыми орталықпен, факультеттермен және кафедралармен жүзеге асырылады. Соңғы 3 жылда жиырмадан астам ғылыми жоба бойынша сырттан тапсырыс берушілердің қаржыландыруының жалпы көлемі жүз миллионнан асты. Университеттің қаржысына он сегіз жоба қаржыландырылды. БҚМУ-да соңғы жылдары жиырмадан астам грант ұтып алған ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысатын жастар бірлестігі бар.

Ғылыми-зерттеу қызметі химия, биология, экология, педагогика, филология, тарих, археология және т.б. салаларда ғылымның іргетасы мен қолданбалы ізденістерді дамытуға бағытталған.

Студенттердің ғылыми бірлестік саны 35-ке жетті, ҒЗЖ-ға еліктірілген студенттер саны мың адамнан асты. БҚМУ студенттері география, математика және химия бойынша ұлттық олимпиадалардың жеңімпаздары, дене тәрбиесі, экономика, есеп және аудит, информатика бойынша халықаралық олимпиадалардың жүлдегерлері болып табылады.

ҚР БҒМ ғылым Комитетінің бұйрығы негізінде БҚМУ ғылым мен ғылыми-техникалық әрекеттің субъектісі ретінде мемлекеттік аккредиттеу туралы сертификат алды.

Ғылыми үрдістің сапа менеджментін арттыру мақсатында 2012 жылы Ғылым және коммерцияландыру департаменті құрылды, Бизнес-инкубатор жасалды.

Ғылыми- білім беру қызметі 50%-дан асатын жоғары профессионалды профессорлық-оқытушылық құрам – ғылым докторлары мен кандидаттары, профессорлар, доценттер, мәдениетке еңбегі сіңген қайраткерлер арқылы жүзеге асырылады. Соңғы жылдары университетке дәріс оқуға әлемнің 7 мемлекетінен 50-ден астам шетелдік профессорлар шақырылды.

Университетте басқарудың демократизациясы алқалы органдардың – Қамқоршылар кеңесінің, Ғылыми кеңестің – қызметін кеңейту арқылы ұжымдық басқару қағидасына сүйеніп жүзеге асырылады. Университеттің ақпараттың ашықтық қағидасы іске асырылды, БҚМУ облыс пен республиканың ақпараттық кеңістігінде, интернет кеңістігінде молынан көрініс тапты. Кері байланыс қағидасы жүзеге асырылды – студенттер мен оқытушылардың әлеуметтік хал-ахуалына әлеуметтік сауалнама мен мониторинг өткізіледі.

БҚМУ-дың ғылыми кітапханасында миллионнан астам сақтау бірлігі мен 10 оқу залы бар.

Инфрақұрылым мен материалдық-техникалық базаны 8 оқу ғимараты, 2 студенттік жатақхана,  2 типтік спорт залдар, 3 бейімделген спорт залдар, 2 ашық спорт алаңдары, агробиостанция құрайды.

Компьютерлі және интерактивті техника паркі дамыған – локалды жүйеге біріктірілген мыңнан астам компьютер, 47 компьютер сыныптары, жылдамдығы секундына 10 Мбит интернетке қол жетімділік, интерактивті тақталар,  бейнепроекторлар,  принтерлер және басқа да үздіксіз толықтырылып отыратын компьютерлік техника бар, барлық оқу ғимараттарында тегін  Wi-Fi қол жетімділігі қамтамасыз етілген.

Стратегиялық бағыттар, мақсаттары, талаптары және күтілетін нәтижелері

Стратегиялық бағыттар, мақсаттары, талаптары және күтілетін нәтижелері

БҚМУ-дың 2020  жылға дейін дамуының стратегиялық бағыттарының таңдалуы, оның мақсаттары мен қазақстандық қоғамның, ғылымның, экономикасының, жоғары және ЖОО-нан кейінгі білім жүйесінің, білім саласындағы ҚР бағдарламалық құжаттардың даму басымдылықтарымен  айқындалады. Нәтижесінде келесі стратегиялық бағыттары, талаптары, мақсаттары және әр бағыт бойынша күтілетін нәтежелері белгіленген. Болуы ықтимал көрсеткіштер БҚМУ даму стратегиясын жүзеге асырудың негізгі кезеңдеріне сай көрсетілген. 

1-Стратегиялық бағыт.

Бәсекеге қабілетті кадрларды даярлау.  

Мақсат 1.1: Ішкі және сыртқы еңбек нарығының, ҚР экономикасының индустриалдық – инновациялық даму кажеттіліктерін қанағаттандыратын жоғары және ЖОО кейінгі білімі бар кадрларды дайындау.

Тапсырма 1.1.1: Болон үрдісінің негізгі параметрлеріне сәйкес БҚМУ-дың функционалдануы

аталмыш мақсат шетелдік ЖОО-ның аналитикалық бағдарламаларына сәйкес білім беру бағдарламаларының мазмұны арқылы орындалады;

Еуропалық және Ұлттық біліктілік шеңберінің талаптарына сәйкес білім беру бағдарламаларының жасалуы; 

БҚМУ білімінің сапасын тәуелсіз институционалдық аккредитация арқылы қамсыздандыру;

ACQUIN, ASIIN, AQA және т.б. шетелдік агенттіктерде ұлттық және халықаралық аккредиттеу арқылы білім беру бағдарламаларының сапасымен қамтамасыз ету;

білім беру бағдарламаларын дайындау және жүзеге асыру үшін жұмыс берушілер мен әлеуметтік серіктестіктерді еліктіру;

білім алушылардың, ПОҚ және қызметкерлердің академиялық ұтқырлығын дамыту;

шетел білім алушыларын білім беру бағдарламаларына еліктіру, соның ішінде ағылшын тілінде жүзеге асатын бағдарламаларға;

ERASMUS MUNDUS, DAAD және т.б. халықаралық бағдарламаларға қатысушылардың санын арттыру;

жаңа қосдипломдық білім беру бағдарламаларының ашылуы;

білім  алушыларды ғылыми зерттеуге еліктіру;

бизнес – инкубаторлық, ғылыми зертхана, іргелі және қолданбалы жобаларға сәйкес докторлық, магистрлік және дипломдық диссертацияларының тақырыбын бекіту арқылы білім мен ғылымның шоғырлануы;

Тапсырма 1.1.2: Елдің индустриалдық – инновациялық даму жобасы үшін кадрларды даярлау.

Жұмыс берушіні тарту арқылы дайындалған, сараптамадан өткен білім беру бағдарламаларының жүзеге асуы арқылы қойылған тапсырманың шешімі табылады;

түлектердің біліктілігін  бағалауға кәсіби ассоциацияны тарту;

мемлекеттің және жеке кәсіпорындардың есебінен білім беру бағдарламаларын қаржыландыру, бастау көздерін кеңейту, соңынан жұмысқа орналастыру арқылы өндірістік сараманнан өту үшін келісімдер жасау; 

магистратурада, бакалавриатта біліктілікке сай жұмысты түлектерге кеңес беруге мамандар мен машықкерлерді тарту;

аккредитацияланған түлектердің санынан кадрлық резерв құрылымы бойынша кәсіби ассоциациялармен келісім жасасу.

Мақсат 1.2: Білім алушылардың сапалы кәсіптік және азаматтық бағытта қалыптасуына  әсер ететін диверсифициалдық білім беру ортасын құру.

Тапсырма 1.2.1:  Сапалы білім беру қызметін қамтамасыз ету.

Тапсырмаларды орындау сыртқы бағалаудың қорытындысы бойынша анықталады:

ЖОО-ның ұлттық рейтингіндегі орны;

түлектердің ОЖСБ ұлттық тәуелсіз тестілеуді тапсыру қорытындылары;

ұлттық және халықаралық аккредитациядан өту, жұмыс берушінің кадрларды дайындау сапасына ризалығы;

және ішкі бағалау:

білім алушылардың білім беру сапасымен, талаптарымен және ПОҚ-тың еңбек шартымен қанағаттану жағдайын жиі анықтап тұру;

ПОҚ-тың аттестациясы, ПОҚ-тың рейтингілік бағасы, сабақты сапалы өткізу мониторингі; 

білім беру үрдісінің оқу - әдістемелік қамсыздануы;

ІТ технологиялары мен кітапхананың және т.б. дамуына бөлінетін қаражатты мақсатты пайдалану;

Тапсырма 1.2.2: Білім алушылардың азаматтық қалыптасуына жағдай жасау.

Әлеуметтік маңызы бар республикалық («Жасыл ел», ЖҚБ «Қазақстан студенттер Альянсы», ЗТБ «Қазақстан жастар конгресі») және университеттік бірлестіктердің қызметінің себебі арқылы тапсырма мақсатына жетеді. 

білім алушыларды жастардың қоғамдық-саяси ұйымдарына тарту («Нұр – Отан» жастар қанатының партиясы, Жастар саясатының орталығы, «Парасат», «Оратор», «Өркениет» дебаттық клубы және т.б.);

мәдени-спорттық бірлестіктердің қызметі үшін жағдай жасау, әлеуметтік жағдайы төмен білім алушыларға материалдық көмек көрсету арқылы әлеуметтік қолдауды қамтамасыз ету және т.б.

Жастарды тәрбиелеу саласындағы университеттің тиімді қызметі жастар ортасындағы үрдістер мен бағдарларды талдауға арналған ғылыми-зерттеу орталығын құру арқылы жүзеге асады.

1 Стратегиялық бағыт бойынша күтілетін  нәтижелер. Бәсекеге қабілетті кадрларды даярлау.

Түлектердің жалпы саны ауқымындағы мамандық бойынша жұмыспен қамтылған түлектердің үлесі: 2015 ж. - 80%; 2020 ж. – 85%.  

Жүзеге асырылатындардың жалпы саны ауқымындағы аккредиттелген білім беру бағдарламаларының үлесі: 2015 ж. – 35%; 2020 ж. – 70%.

Тәуелсіз халықаралық мамандандырылған аккредиттеуден өткен білім беру бағдарламаларының саны: 2015 ж. – 26, 2020 ж. – 52.

Студенттердің білім беру қызметінің сапасымен және білім алу шартымен қанағаттану дәрежесі: 2015 ж. – 80%; 2020 ж. – 90%.

Әлеуметтік маңызы зор республикалық және университеттік жобаларды жүзеге асыруға қатыстырылатын студенттер үлесі: 2015 ж. – 27%; 2020 ж. – 38%. 

Белсенді азаматтық көзқарасты қалыптастыруға бағытталған жастардың қоғамдық-саяси ұйымдары мен мәдени бірлестіктердің қызметіне қатыстырылатын білім алушылардың үлесі: 2015 ж. –50%; 2020 ж. –55%.

Стратегиялық бағыт 2. Университеттің аймақтық ғылыми-зерттеу орталығы ретінде құрылуы. 

Мақсат 2.1: Университеттің зерттеу құрылымдарының дамуын  ғылыми – техникалық қамсыздандыру;

 Тапсырма  2.1.1: ҒЗЖ-ның өсуін ғылыми-техникалық  қамсыздандыру.

Айтылмыш тапсырма ҚР БҒМ гранттық қаржыландыру шегінде қолданбалы және іргелі зерттеуді арттыру арқылы жүзеге асады;

басылымдар санын, соның ішінде импакт-факторы бар журналдар санын арттыру, өндірудің қорғаныс құжаттарын алу, жобаларды жүзеге асыру үрдісіне студенттерді, магистранттарды, докторанттарды  белсенді еліктіру мақсатымен ПОҚ-тың ғылыми қызметінің өнімділігі үшін жағдай жасау;

МЖС қаражатына ғылыми және инновациялық қызметтердің қаржыландыруын арттыру;

инпакт – факторлары бар ғылыми журналдарда мақалалардың жариялануы бойынша ЖОО-ның ПОҚ және ғылыми қызметкерлерін ынталандыру;

 жаратылыстану-ғылыми бағыты бойынша БҚМУ-дың жаңа ғылыми зертханалары мен тәжірибелі-конструктивті бюросын жасау;

Scopus, SciDirect, Thomson Reuters, және т.б. мәліметтер базасы, Республикалық ЖОО аралық электронды кітапханаларға, сонымен қатар электронды кітапхана мен ірі ғылыми электронды порталға кітапханалардың қосылуы.

Тапсырма 2.1.2: Шетелдік жетекші ғылыми – зерттеу орталықтарымен ынтымақтастықты нығайту.

Аталмыш тапсырмалардың қорытындысы бірнеше шаралардан кейін қамсыздандырылады.

Біріншіден, бұл ғылыми-біліктілік консорциумінің шегінде жобаларды жүзеге асыру. 

 Екіншіден, бұл ғылым мен технология саласында  ғылыми зерттеу орталықтарымен халықаралық келісім жасасу.

Үшіншіден, қызметтің нәтижесінің үздіксіз мониторингісі мен өрлеуі үшін осы бағытта алдыңғы қатарлы ғылыми (инновациялық)- технологиялық орталықтармен бенчмаркинг жүзеге асырылады.

Төртіншіден, университеттің ғылыми-зерттеу құрылымдарына қолғабыс үшін жобалар мен технологиялардың табысты трансфертін жүзеге асыруда ғылым мен зерттеу қызметтерінде инновациялық әдістер қолданылады.

Мақсат 2.2: Білімнің, ғылымның және өндірістің интеграциясы.

Тапсырма 2.2.1: Ғылыми және өндірістік байланыстың қағидасы мен өнеркәсіптік кәсіпорынмен, бизнес-құрылыммен және басқа да ұйымдармен ғылыми және өндірістік байланыс жасау.

Қойылған мақсат ЖОО мен бизнес-құрылымдар және кәсіпорындар арасында келісімдер мен арақатынасты қамтамасыз ететін  ҒжК Департаментінің қызметі арқылы жүзеге асырылады.

Қайырымдылық және қамқоршылар қоры арқылы ұйымдастырылатын, мемлекеттік және жергілікті бюджетпен қаржыландырылатын әр түрлі гранттық конкурстар, ғылыми және басқа да жобаларға университет құрылымдарының қатысуы қамтамасыз етіледі.

 Тапсырма 2.2.2: Зерттеу құрылымдарында пайда болған ғылыми зерттемелердің коммерциялануы. 

Осы мақсат ғылыми жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асыруға  бизнес-құрылымдарды еліктіру арқылы орындалады.

Ғылым және коммерцияландыру департаментінің қызметі ғылыми зерттеу нәтижелерін коммерциялық пайдалануға және жеке еншілік қор  құруға зерттеушілерді қолдау үшін бағытталған;

Осы салада нәтижелерге жету мақсатымен университеттің екі негізгі құрылымының дамуына көңіл бөлінеді – экология мен биогеохимияның сынақ зертханасына және IT орталығына.

2 Стратегиялық бағыт бойынша күтілетін нәтижелер.

Университеттің аймақтық ғылыми – зерттеу орталығы ретінде құрылуы.

- Халықаралық ғылыми-өлшегіш деректер базасына (Thomson Reuters, Web of Science, Scopus, SciDirect) кіретін импакт-факторы бар журналдардағы ғылыми басылымдар саны: 2015 ж. – 10; 2020 ж. – 50 (ПОҚ 5% кем емес).

- Халықаралық ынтымақтастық шеңберінде орындалатын ғылыми жобалардың үлесі: 2015 ж. – 15%; 2020 ж. – 30%; 

- Іргелі және қолданбалы бағдарламаларды орындауға қатысатын ПОҚ-тың жалпы санынан алғандағы үлесі: 2015 ж. – 25%; 2020 ж. – 40%.

- Зерттеу нәтижелерін өндіріске енгізген ғылыми-зерттеу  жобаларының үлесі: 2015 ж. – 35%; 2020 ж. – 50%.

- Қолданбалы ғылыми зерттеулерді орындауда университеттегі  НИОКР нәтижесін жүзеге асыруда жалпы қаржыландырудан келетін кіріс үлесі: 2015 ж. – 20%; 2020 ж. – 30%.

Стратегиялық бағыт 3. Кадрлық әлеует пен басқару жүйесінің дамуы.

Мақсат 3.1: Кәсіби деңгейді арттыру және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау.

Тапсырма 3.1.1: Кәсіптік кадрларды сұрыптау және аттестациялаудың тиімді тетігін енгізу

 Ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау бағдарламасын дайындау.

Жұмысқа қабылдау кезінде басымдықтар ғылыми және академиялық дәрежелері бар кадрларға және жас ғалымдарға беріледі; 

Жеке жетістіктердің нәтижесі бойынша кадрларды үздіксіз аттестациялау енгізілді. Университетте ПОҚ-ты білім беру қызметінде инновациялық тәсілді пайдалану, зерттеу жұмысына, жетекші отандық және шетел баспаларының басылымдарына  жүйелі қатысу, ғылыми дәреже мен атақтарды алу есебімен конкурстық сұрыптау талаптарының тиімді жүйесін дайындау бойынша жұмыс жүргізілуде.

Тапсырма  3.1.2: ПОҚ-тың біліктілігін арттыру.

Аталмыш мақсат республикалық деңгейде жетекші өнеркәсіптік кәсіпорындармен және ҚР ҒЗИ-мен көпжақты кооперациялау арқылы біліктілікті арттыру мен ПОҚ-ты қайта даярлауды ұйымдастыру шараларын орындауды талап етеді;

Қызметкерлерді машыққа бағыттау мақсатымен ЖОО серіктестер базасын жасау;

ПОҚ пен университет қызметкерлерінің қашықтан оқытуын енгізу және ИКТ мен e-learning саласында  курстар ұйымдастыру;

Thomson Reuters, Scopus, Sci Direct электронды базалық деректерді қолдануға жағдай жасау; 

Импакт – факторы жоғары ғылыми журналдардағы басылымы үшін ПОҚ пен қызметкерлерді ынталандыру. 

Тапсырма 3.1.3: Шетелдік мамандарды тарту.

Аталмыш тапсырма білім беру және зерттеу қызметтеріне қатысатын шетел мамандарының санын көбейту арқылы жүзеге асырылады.

Шетелдік мамандармен ұзақ мерзімді келісімшарттың беталысы, сонымен қатар халықаралық қызмет саласында белсенді PR-саясатының әр түрлі деңгейінде жүзеге асады;

Шетел студенттеріне білім беру саласындағы университет жетістіктері мен мүмкіндіктерін және ортақ ғылыми-зерттеу қызметін насихаттау;

Халықаралық ғылыми-практикалық шараларды ұйымдастыру, ерекше білікті шетелдік ПОҚ-ты тарту мақсатында алдыңғы қатарлы шетел ЖОО-ларымен ынтымақтастықты нығайту.

Мақсат 3.2: ЖОО-ның автономиясына көшу мәнінде басқару жүйесінің жетілдірілуі.

Тапсырма 3.2.1: Әкімшілік – басқарушылық персоналдың кәсіби деңгейін арттыру. 

Кәсіби деңгей менеджмент саласындағы құрылымдық бөлімшелердің жетекшілері мен қызметкерлерін қайта даярлау арқылы көтеріледі;

Автономияға көшу мәнінде ұжымдық басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған шараларды қаржыландыруды ұлғайту;

Шетелдік қайта даярлау және біліктілікті арттырудың сертификатталған бағдарламаларына қызметкерлердің қатысуы арқылы ӘБП-ның кәсіби деңгейін көтеру.

Тапсырма  3.2.2: ЖОО автономиясына көшу үшін жағдай жасау.

Бұл мақсат білім беру бағдарламаларын дайындауға құқық беру арқылы академиялық еркіндік қағидасын енгізуді болжайды;

ұжымдық басқару қағидасын ПОҚ пен білім алушыларды басқарушылық шешімдер қабылдауға (Ғылыми кеңес, ұйымдар, комиссиялар, жұмыс топтары) тарту арқылы жүзеге асыру;

Қызығушылықтары бар қоғамды – Қамқоршылар кеңесін, Түлектер ассоциациясын, Жұмыспен қамту кеңесін тартумен ұжымдық органдарды құру арқылы корпоративтік басқару қағидасын жүзеге асыру;

БҚМУ жоғары беделін орнату мақсатында ЖОО-ның ақпараттық ашықтығын және барлық үрдістердің жариялылығын қамтамасыз ету.

3 Стратегиялық бағыт бойынша күтілетін нәтижелер.  Кадрлық әлеует пен басқару жүйесінің дамуы.

Атағы бар педагогикалық қызметкерлердің оқытушылардың барлық санына арақатынасы: 2015 ж. – 52%: 2020 ж. – 60%.

Біліктілікті арттырудан өткен ПОҚ-тың үлесі: жыл сайын 20% кем емес;

Білім беру менеджменті саласында біліктілікті арттыру мен қайта даярлаудан өткен ӘБП-ның үлесі: 2015 ж. – 100%; 2020 ж. – 100%.

Ұжымдық басқару органдары қабылдап, жүзеге асырылған басқарушылық шешімдер үлесі: 2015 ж. – 95%; 2020 ж. – 95%.

Стратегиялық бағыт 4. Инфрақұрылым мен материалдық-техникалық базаның дамуы. 

Мақсат 4.1: Білім беру және ғылыми қызметке арналған дамыған инфрақұрылым мен материалды-техникалық база. 

Тапсырма 4.1.1:  Қазіргі заманғы оқу-зертханалық база мен әлеуметтік  инфрақұрылымды құру.

Бұл мақсаттың орындалуы жаңа әлеуметтік объектілерді (дене-шынықтыру – сауықтыру кешендері, студенттік жатақхана, шағын отбасылар жатақханасы және т.б.) енгізуге қаражат бөлінуін көздейді. 

оқу аудиторияларын және зертханаларды интернет жүйесіне қосылған компьютерлі техникамен және қазіргі заманғы құрылғымен жабдықтау, оқыту мақсатында аудиторияларды қазіргі заманғы техника құралдарымен (проекторлар, интерактивті тақталар, сканерлер, принтерлер, аудио және бейнеқұрылғылар, мультимедия құралдары) жабдықтау. 

Тапсырма 4.1.2: Телекоммуникациялық құрылғылар мен компьютерлік парктерді дамыту.

Қойылған мақсат қолданыстағы компьютерлік паркті жабдықтауға арналған қаражатты мақсатты пайдалану мониторингі, заманауи компьютерлер мен лицензиялық бағдарламалық қамтуды сатып алу, аудиторияларды бейнеконференция байланысымен жабдықтау, Ғаламтор жүйесіне кепілді қол жетімділіктің жылдамдығын арттыру арқылы жүзеге асады;

Ғаламтор-конференцияларды өткізу мүмкіндіктерін техникалық қамтамасыздандыру, «Бағдарламалық инженерия», «APPLE орталығында бағдарламалау», «Интеллектуалды оқыту жүйелері», «Микророботтарды бағдарламалау» «Электроника және микропроцессорлық жүйелер» және т.б. 

Тапсырма 4.1.3: Білім беру мен ғылыми зерттеулерді ақпараттандыру, Ғаламтор-қорларының дамуы. 

Қойылған мақсатты табысты жүзеге асыру үшін корпоративті ақпараттық жүйе орнатылады, оқыту және әкімшілік үрдістердің электронды регламенті енгізіледі, оқыту үрдісінде e-learning құралын дайындау, алу және пайдалану қамтамасыз етіледі, білім беру үрдісі автоматтандырылады (электронды кітапхана, компьютерлік тестілеу, сессияны басқару, контингент қозғалысы бойынша деректер базасы, «Деканат», «Кафедра» ақпараттық жүйелері және т.б.), кафедралардың мамандандырылған ПОҚ күшімен мультимедиялық оқу құралдары жасалынады.

жаңа ақпараттық технологиялармен, жоғары өнімді есептермен, орталармен және қорлармен байланысты іргелі және қолданбалы ғылыми жобалардың әлеуеті жоғары;

кейбір мамандықтардың электронды кітапханалық қорлары ұлғайтылды, университет сайтының дизайны мен контенті жетілдірілді. 

4 Стратегиялық бағыт бойынша күтілетін нәтижелер. Материалдық – техникалық база мен инфрақұрылымның дамуы. 

- Оқу алаңдарымен, зертханалармен, әлеуметтік мақсаттағы объектілермен, компьютерлермен ГПРО талаптарының деңгейіне сай 100% жабдықталу;

- Аудиториялық қор ауданына студенттердің жалпы санына арақатынасы (студенттердің санының өсу есебі бойынша): 2015 ж.- 6м2; 2020 ж. – 6м2;

- Тұрғын үйді керек ететіндердің жалпы саны есебінен жатақханамен қамтылған студенттердің үлесі: 2015 ж. – 57%; 2020 ж. – 80%.

- Студенттер, ПОҚ және ӘБП үшін басқармалы e-learning ортасының құрылуы мен қол жетімділігі: 2015 ж. – 75%; 2020 ж. – 100%. 

 

 

Қорытынды

Қорытынды

 М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің 2020 жылға дейінгі даму Стратегиясының мазмұнын сипаттай келе, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің 2020 жылға дейінгі дамуынан күтілетін нәтижелерін атап айту керек:

-БҚМУ-да бәсекеге қабілетті білім мен ғылымның ең маңызды бағытының озыңқы дамуының мәселесін шешуге арналған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім жүйесін қалыптастыру;

-БҚМУ-дың білім сапасын арттыру. Еңбек нарығында талап етілетін мамандарды дайындау;

-БҚМУ базасындағы аймақта ғылымның, білімнің және өндірістің шоғырлануы;

-Ғылыми және инновациялық білім беру қызметін қамтамасыз ету бойынша инфрақұрылым қалыптастыру, ЖОО-ның оқыту-зертханалық, ғылыми-сынақтық, технологиялық және оқу-әдістемелік базасын жиі жаңартып тұру;

-Университеттің тұрақты қаржылық  жағдайын сақтау.