Оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор

Жетекшісі: педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Жүсіпқалиева Ғалия Қайдарқызы.

Мекен-жайы: Орал қаласы, Достық даңғылы, 162.

Телефон: 8(7112) 51-41-63

Факс: 8(711) 51-35-19

E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. , This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Миссиясы: Білім нарығында бәсекеге қабілетті, білімді, жаңа заманға сай мамандарды дайындауға үлес қосу.

Мақсаттары:

Оқу үрдісін жоспарлау, үйлестіру және жедел басқару, еңбек нарығы және жұмыс берушілердің талаптарын ескере отырып кәсіби мамандарды дайындау ісінің сапасын арттыру;

Қызметтің негізгі бағыттары:

- аумақтың экономикалық, әлеуметтік, өндірістік саласына қажет техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар бәсекеге қабілетті маман даярлау;

- ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтардың, ғылым мен тәжірибе жетістіктерінің негізінде жоғары кәсіби жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (университет колледжінде), жоғары (бакалавриат) және жоғары оқу орнынан кейінгі (магистратура, докторантура) білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру;

- студенттерді кәсіби сараманнан өткізу және жұмыспен қамту саласында білім беру басқармаларымен, орта жалпы білім беру мекемелерімен, аймақтық ұйымдармен, мекемелермен университет арасында қарым-қатынасын дамыту;

- университет кафедраларының филиалдарының қызметі арқылы «Білім беру-ғылым-өндіріс» қарым-қатынасты нығайту мақсатында қызметті реттеу, сараманның барлық түрлерін сапалы ұйымдастыру, еңбек нарығын зерттеу және университет түлектерін жұмыспен қамту ісіне үлес қосу;

- барлық оқу түрі студенттерінің оқу үлгерімі мен білім сапасына бақылау өткізу, факультеттер мен кафедралардың оқу үрдісін ұйымдастыру қызметін бақылау, сынақ-емтихандық сессиялар мен білім алушылардың мемлекеттік аттестациялауды дайындау және өткізу кезінде кафедра жұмыстарын оперативті қадағалау;

- оқытудың барлық түрлері бойынша сабақ кестесін бекіту (соның ішінде магистратура), стандарттарға сай апталық жүктеменің сақталуын қадағалау, мамандықтар бойынша оқу үрдісінің графикке сай орындалуын қадағалау, ПОҚ-ның оқу сабақтарының, кураторлық сағаттар мен емтихандардың кестелерін бұзбауларына бақылау жасау;

- бағалау саясатын реттеу, оқытылған кредиттер және жиналған бағалармен білім алушының академиялық рейтингісі (GPA) туралы ақпаратты бақылау;

- академиялық лектерді құру, аналитикалық және статистикалық есеп беру, студенттерді ауыстыру, оқудан шығару, қайтадан оқуға қабылдану және қайта оқыту жөніндегі бұйрықтарды шығару ісіне бақылау жасау;

- университеттің қабылдау комиссиясы мен аймақтағы білім беру мекемелерінде кәсіби бағдар беру жұмыстарының ұйымдастырылуы мен үйлестірілуі.

Құрылымына келесі бөлімдер кіреді:

§  Проректор по учебно-методической работе

·         Ақпараттық технологиялар орталығы

 

·         Оқу үрдісін ұйымдастыру және бақылау орталығы

·         Болон процессі орталығы

·         Қашықтан оқыту орталығы 

·         Академиялық мәселелер жөніндегі департамент

          o   Офис тіркеуші

          o   Статистика және контингент бөлімі

          o   Мансап орталығы

§  Факультеттер

          o   Кафедралар

МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫ

Frontpage Slideshow | Copyright © 2006-2012 JoomlaWorks Ltd.

СЕРПІН-2050

  • edu2050

IT-ПЛАНЕТА

it-planet

ВИРТУАЛДЫ ТУР

БАЙЛАНЫСТА БОЛ