Ғылыми жұмыс және халықаралық байланыс жөніндегі проректор

imashev

Жетекшісі: педагогика ғылымдарының докторы, профессор Имашев Ғизатұлла Имашұлы.

Мекен-жайы: Орал қаласы, Достық даңғылы 162, 208 каб.

 

Миссиясы: Жоғары білім беру саласындағы халықаралық стандарттарға сәйкес университеттегі ғылымның дамуы мен халықаралық ынтымақтастықты сапалы жаңа деңгейге көтеру.

Мақсаты: Интеграциялы ойлау мен қызметті меңгерген мамандарды дайындауға мүмкіндік беретін Қазақстанның алыс, жақын шетелдік түрлі жоо-лармен, ұйымдармен, кадрлар және бағдарламалармен халықаралық ғылыми – педагогикалық байланыстарды кеңейту.

Жұмыс бағыттары:

- ғылыми мәселелері бойынша құрылымдық бөлімшелер және университеттің өзге ұйымдармен және кәсіпорындармен арасында кешенді келісімшарттар дайындау;

- ғылыми зерттеу жұмысы және студенттік ғылыми зерттеу жұмысы бойынша халықаралық байланыстарды ұйымдастыру және дамыту;

- профессор-оқытушылар құрамының ғылыми байқаулар мен жобаларға қатысуын қамтамасыз ету;

- магистранттар, докторанттармен  теориялық-әдіснамалық жұмыстарды ұйымдастыру;

- университет ғалымдарын іргелі және қолданбалы ғылымдармен айналысуға тарту.

- шетел жоо-мен бірлесіп кадрлар дайындау, қос дипломды білім беруді жүзеге асыру;

-  доктарантура бағдарламаларын дамыту.

Құрылымына:

Халықаралық ынтымақтастық департаменті;

- Коммерцияландыру офисі;

- Жоғары оқу орнынан кейінгі дайындық бөлімі;

- Ғылыми кітапхана;

- Редакциялық баспа орталығы;

- "Махамбет" ғылыми-зерттеу орталығы

- Ғылыми орталықтар:

o  «Байтерек» акмеологиялық орталығы

o  Аймақтық экономика мәселелері орталығы

o  Қазақстан тарихы және өлкетану орталығы

o  Химиялық зерттеу және технологиялар орталығы

o  Биотехнология және экологиялық зерттеу орталығы