Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор

 

Жетекші: педагогика ғылымдарының кандидаты, Түймеш Малбағарқызы Дәрішева

Мекен - жайы: Достық-дружба даңғылы 162, №1 ғимарат, 313 кабинет

Телефон: 8(7112) 51-51-90

Е-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Миссиясы: кәсіби біліктілігі жоғары, рухани-адамгершілік тұрғысынан жетілген кәсіпқой мамандарды даярлау.

Мақсаттары мен міндеттері:

- қазіргі қоғамның талаптарына сай, жан-жақты қасиеттерді бойына жинақтаған болашақ маман тұлғасын қалыптастыру; 

- еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандарды қалыптастырудың нақты әрі жастар үшін қолжетімді моделін құрастыру. 

Жоғары оқу орнының әлеуметтік-тәрбиелік саясатының негізгі бағыттары:

1. Жастар саясаты;

2. Әлеуметтік – мәдени орта;

3. Университет әлеуетінің корпоративтік патриотизмі.

Бөлімдер:

- Тәрбие жұмысы жөніндегі бөлім;

- Жастар даму орталығы;

- Спортклуб;

- Мұражай;

- Дәрігерлік бөлімше.

Университеттің студент жастары білім алу кезінде тұлғалық қалыптасудың бірнеше сатысынан өтеді. Өзін-өзі тану, өзін-өзі мойындату және өзін-өзі жетілдіруде құзіреттіліктерін қалыптастырады. 

Тәрбие жұмысы жөніндегі бөлім студенттерді алауыздықтан бойларын аулақ ұстауға, деструктивтік діни ағымдардың идеологиясына қарсы тұруға, діннің қоғамда алатын орны мен рөлін дұрыс ұғынуға, мемлекеттің тілдік және этносаясат бағыттарын түсіндіру бойынша жұмыс жүргізіп келеді.  

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы – маңызды шаралардың бірі. Жоспарланған барлық іс-шаралар жоғары деңгейде өткізілуде. 

Университеттің профессор-оқытушылар ұжымы оқу ордамыздың 80 жылдық мерейтойын нақты нәтижелермен қарсы алып, стратегиялық мақсат-міндеттерді жүзеге асыруға мүдделі.

Жастар - болшақ энергиясы

youth futureenergy

МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫ

Frontpage Slideshow | Copyright © 2006-2012 JoomlaWorks Ltd.

СЕРПІН-2050

  • edu2050

IT-ПЛАНЕТА

it-planet

ВИРТУАЛДЫ ТУР

БАЙЛАНЫСТА БОЛ